Түркия — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Thu, 09 Feb 2023 06:57:02 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Түркия — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Түркияда із-түзсіз жоғалған қазақстандықтың ағасы: Үміт шам шырақтай https://qazaqpress.kz/2023/02/09/tuerkiyada-iz-tuezsiz-zhoghalghan-qazaqstandyqtyng-aghasy-uemit-sham-shyraqtaj/ https://qazaqpress.kz/2023/02/09/tuerkiyada-iz-tuezsiz-zhoghalghan-qazaqstandyqtyng-aghasy-uemit-sham-shyraqtaj/#respond Thu, 09 Feb 2023 06:57:02 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50990 Түркияға туыстары мен жақындарын іздеп келген қазақтар тірі қалғандар бар дегенмен қазба жұмыстары баяу жүріп жатыр дейді, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Rescue KZ телеграм-арнасында жарияланған хабарламаларда: «Бізге техника, крандар және іздеуді тездететін адамдар керек. Әр минут санаулы, барынша көмек қажет» делінген.

Жоғалған Қазақстан азаматының ағасы Мирболат Құрмашев бейжай қарамағандардың барлығына үндеу жолдады:

«Халайық, бізге жұртымызды табуға көмектесетін барлық нәрсе керек. 70 тонналық кран, FPV дрондары немесе камерасы бар радиомен басқарылатын кішкентай көліктер болсын, тепловизорлар, аудио датчиктер. Бәрі де бізге өте қажет».

Оның айтуынша, достары қазір үйінді астында жатыр.

«Өкінішке қарай, ешқандай техника берілген жоқ, құтқарушылар да жоқ. Өкінішке қарай, үміт шам шырақтай сөніп барады. Шынымды айтсам, енді не істерімді білмеймін. Ойымызға келген бар амал, шараны қолдандық», – деді Алмат Құрмашев.

Сонымен қатар, ол жер өте суық екенін түртіп өтті.

8 ақпан күні кешке үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова табылды.

Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи із-түссіз жоғалған төрт қазақстандық жайлы хабарлаған болатын. Үшеуі Хатай провинциясында жоғалып кеткен, соның бірі Сабина еді, ал тағы біреуі Адана қаласында.

Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметі бойынша, 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алған.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/09/tuerkiyada-iz-tuezsiz-zhoghalghan-qazaqstandyqtyng-aghasy-uemit-sham-shyraqtaj/feed/ 0
Сарапшылар: Түрік лирасы неге құнсызданып жатыр және ол Қазақстанға қауіп төндіреді ме? https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/ https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/#respond Tue, 21 Dec 2021 08:48:21 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43857 Түрік лирасының бағамы антирекордтарды үнемі жаңартып отыр. Сарапшылар бұл немен байланысты екенін және теңгенің жағдайы жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін төмендету туралы түрлі үндеулер жиі айтылып келе жатыр.

Бұл несиелерді қолжетімді етіп, инфляция мен халықтың қарыз ауырлығын жеңілдетуі мүмкін

Сонымен қатар, мұндай әрекеттердің қауіптері туралы мамандардың сөздері бұрын теория жүзінде еді.

Алайда, 2021 жылы Түркия бұл шаралар жағдайды тек нашарлатуы мүмкін екендігінің жарқын мысалына айналды.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ресейлік экономист, Чикаго университеті мен Жоғары экономика мектебінің профессоры Константин Сонин жазған болатын.

Орталық банк мөлшерлемесі мен инфляцияны байланыстыру

2020 жылдың қаңтарында 1 АҚШ доллары 7,4 лира болды. Ал ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында бұл мөлшерлеме 17,38 лираға жеткен екен.

Сонымен қатар, осы жылы Түркияның ұлттық валютасы 55%-ке құнсызданды. Ал айырбас бағамы 2021 жылдың соңғы айында 37%-ке құлдырады.

Ресейлік экономистің айтуынша, бұл елдегі жағдай бүкіл әлем үшін таптырмас жақсы тәжірибе болды.

Осылайша, Түркиядағы пайыздық мөлшерлеме 2021 жылдың тамыз айынан бастап қараша айында 19%-тен 15%-ке дейін төмендетілді.

Өйткені, мемлекет басшысы елдің орталық банкінің пайыздық мөлшерлемесін төмендету инфляцияның да төмендеуіне оң әсерін тигізуі керек деп есептейді.

Дегенмен, ресми деректер бұл керісінше әсер беретінін көрсетеді: елдегі инфляция 2021 жылғы қаңтар айынан қараша айына дейін 6,4%-ке дейін өсіп кетті.

Соның салдарынан үкімет лира бағамын ұстап тұру үшін валюталық интервенцияларды белсенді жүргізуге мәжбүр. Яғни, мемлекеттің ұлттық резерві босқа жұмсалады деген сөз.

Оған қоса, Bloomberg мәліметінше, 2020 жылға арналған мемлекеттік резервтің шамамен 100 миллиард доллары лираны ұстап тұруға жұмсалған.

Жағдайды түзету үшін ұлттық валютаны қолдау бойынша шұғыл шаралар енгізілгені жарияланды.

Алайда Tengenomika телеграм-арнасының хабарлауынша, Түркия үкіметі болжанған мөлшерлеменің көтерілуінің орнына депозиттердің табыстылығына кепілдік беруді көздеп отыр.

Яғни, халықтың ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен залалдарын өтей отырып, депозиттердің кірістілігі базалық мөлшерлеме деңгейінен жоғары қамтамасыз етіледі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда инфляция өсімінің жаңа қаупі бар.

Сондай-ақ Finance.kz телеграм-арнасының хабарлауынша, Түркия президенті жоғары инфляция жағдайында базалық мөлшерлемені тағы 15-тен 14%-ке қысқартқаннан кейін 2022 жылы ең төменгі жалақыны 50%-ке – 4250 лираға дейін арттыратынын мәлімдеді.

Өкінішке қарай, мұндай қадам елді одан да үлкен құлдыраумен қорқытуы мүмкін. Бірақ мұндай экономикалық саясаттың бұрын да болғанын айта кетелік.

Негізсіз мөлшерлемелерді төмендетудің екінші мысалы

Осыған ұқсас мысал Перуде орын алды, олар инфляцияның өсуіне қарсы жалақыны көтеру және базалық мөлшерлемені төмендету арқылы күресуге тырысты.

Бірақ нәтижесінде инфляция 90%-тен 1100%-ке секірді, ал халықтың тұрақты табысы 30%-ке төмендеді. Жағдай 10 жылдан кейін ғана тұрақтанды.

Сарапшылардың пікірінше, егер базалық мөлшерлемені төмендету туралы үндеу белсенді түрде насихатталатын болса, Қазақстан үшін де сондай қауіп төнуі мүмкін.

Еске сала кетелік, қараша айында өсу қарқыны 8,7%-ке дейін төмендегеніне қарамастан, елдегі инфляция проценті жоғары деңгейде қалып отыр.

Сондай-ақ, халық үшін несиені есептен шығару туралы түрлі популистік үндеулер экономикалық жағдайды нашарлатуы мүмкін. Бұл, керісінше, несиені қазақстандықтар үшін қолжетімсіз етіп, азаматтардың борышын одан да ауырлатуы мүмкін.

Бұған дейін сарапшылар да отандық өндірісті ұлғайту арқылы үй шаруашылығының табысының өсуіне, проценттік мөлшерлеменің төмендеуіне және инфляция деңгейіне қол жеткізу қажет екенін айтқан болатын.

Экономиканы дамыту және әртараптандыру жағдайында ғана азық-түлік бағасының төмендеуіне қол жеткізуге болады, ол да өнімдер импортының үлкен үлесі есебінен өседі.

Оған қоса, бұған дейін экономистер доллар бағасы 2022 жылы 500 теңгеге дейін көтеріледі деп болжап отырғанын айтқан едік.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/feed/ 0
Жорабаева Түркиядағы төтенше жағдай туралы пікірін айтты https://qazaqpress.kz/2021/08/03/zhorabaeva-tuerkiyadaghy-toetenshe-zhaghdaj-twraly-pikirin-ajtty/ https://qazaqpress.kz/2021/08/03/zhorabaeva-tuerkiyadaghy-toetenshe-zhaghdaj-twraly-pikirin-ajtty/#respond Tue, 03 Aug 2021 05:50:44 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42135 Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева Түркия еліндегі алапат өрт оқиғасына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, көпшілікті дұғада болуға шақырды. Оның сөзінше, өрттің бірден бірнеше жерде тұтануы тегін емес.

— Түрік ағайындарымызға Алланың Өзі жәрдем берсін. Апат айтып келмейді. Десек те, бірнеше жерде өрттің бір мезгілде тұтануы тегін емес сияқты. Желіде от қойып жатқан күдіктілердің видеолары таралуда. Қаншама адамның, жан-жануардың обалын мойынға арқалап кетуден сақтасын Алла. Алайда, Алла бәрін көріп тұр! Пейіліміз тарылмасын. Не тапсақ та пейілімізден, ниетімізден табатынымызды ұмытпайық! Тілсіз жауды ауыздықтап, қалыпты тіршілік қайта оралсын инша Аллаһ. Жер бетін жамандық жайласа, Алла апаттар жібереді. Алладан кешірім және дұға тілейік. Жүніс ғ.с. киттің ішінен алып шыққан — дұға! Бізді де кез келген қиындықтан алып шығар ең күшті қару – ол дұға – деп жазды әнші.

Айта кетелік, Алтынай Жорабаева жақында Түркияның Алания қаласынан өзіне үй сатып алған болатын. Шетелден баспаналы болып, оны барынша насихаттаған эстрада жұлдызы кейін өнердегі әріптестеріне жақпай қалды. Балғынбек Имаш желіде Жорабаеваны сынға алған еді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/08/03/zhorabaeva-tuerkiyadaghy-toetenshe-zhaghdaj-twraly-pikirin-ajtty/feed/ 0