Талибан — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Mon, 01 Nov 2021 03:46:39 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Талибан — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 «Талибан» билікке келген соң Ауғанстаннан кеткен ЛГБТ топтары Ұлыбританияға қоныстанды https://qazaqpress.kz/2021/10/30/taliban-bilikke-kelgen-song-awghanstannan-ketken-lgbt-toptary-ulybritaniyagha-qonystandy/ https://qazaqpress.kz/2021/10/30/taliban-bilikke-kelgen-song-awghanstannan-ketken-lgbt-toptary-ulybritaniyagha-qonystandy/#respond Sat, 30 Oct 2021 06:22:16 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43328 20-дан астам ауғанстандық ЛГБТ өкілдері Ұлыбританияға көшіп келді, деп хабарлайды Qazaqpress Azattyq.kz-ке сілтеме жасап.

«Талибан» билікті басып алғалы олардың елден кетуіне Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс пен гейлер құқығын қорғайтын ұйымдар көмектескен.

«29 азамат алдағы айларда келетін топтың алғашқы легі деп отырмыз», – деді Лиз Трасс 30 қазан күнгі мәлімдемесінде.

Трасстың айтуынша, Ұлыбритания «бұл азаматтардың елден шығуына көп күш салған және алдағы уақытта өміріне қауіп төнген ауған азаматтарына елден кетуге шама-шарқынша көмектесетінін» жеткізді.

Келгендер арасында Ауғанстанда ЛГБТ қауымдастықтың құқығы үшін күрескен белсенділер мен студенттер бар. Құқық қорғаушылардың айтуынша, «Талибан» билігі тұсында ЛГБТ өкілдері елде бірінші кезекте шабуылға ұшырауы мүмкін топтардың бірі. Көптеген адам кемсіту мен қудалауға ұшырап, шабуылға кезіккен. Аталған топтың Ұлыбританияда қоныстануына Стоунуолл, Майкро Рэйнбоу және өзге де ЛГБТ қайырымдылық ұйымдары көмектеседі.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/10/30/taliban-bilikke-kelgen-song-awghanstannan-ketken-lgbt-toptary-ulybritaniyagha-qonystandy/feed/ 0
Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар https://qazaqpress.kz/2021/08/23/toqaev-awghanstandaghy-zhaghdajdyng-belgili-bir-denggejde-qateri-bar/ https://qazaqpress.kz/2021/08/23/toqaev-awghanstandaghy-zhaghdajdyng-belgili-bir-denggejde-qateri-bar/#respond Mon, 23 Aug 2021 07:58:25 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42472 Алматы облысында Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның «Қайсар-2021» оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Azattyq.org-қа сілтеме жасап.

Қатысушылар арасында Қазақстан президенті де болды. Елдің жоғары қолбасшысы Тоқаев ішкі істер министрлігінің «түрлі дағдарыстың алдын алуға және жолын кесуге тас түйін дайын екенін» айтты.

— Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында біздің күштік құрылымдар мейлінше ұтқыр болуға тиіс. Ауғанстандағы жағдайға байланысты қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатері бар. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып беруге уәде берді. Алдағы үш жылда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады деді ол.

Қазақстан билігі мемлекеттік және бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтергенде әдетте оны жетістік етіп көрсеткісі келеді. Алайда ел экономикасының қуатына қарай азаматтар жыл сайын инфляция мен қымбатшылыққа тап болып жатады. Маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,4 пайыз болған.

Қазақстан Ауғанстанмен шектеспейді, бірақ шектесетін Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен көршілес. Мамандар «Талибанның» алдағы қадамдарын «болжау мүмкін емес» дейді.

Аптаның басында сыртқы істер министрлігі қазақ елшілігінің тәліптермен ешқандай байланысқа шықпағанын айтқан. Алайда кейіннен тәліптердің елшілікке келіп, дипөкілдіктің қауіпсіздігіне кепіл бергенін айтты.

15 тамыз күні тәліптер Кабулге кіріп, Ауғанстанды толық бақылауға алғанын мәлімдеген соң, ел астанасында «Талибан» режимінен үрейленген ауғандар елден кетуге асығып, дүрбелең болды. Эвакуация орталығына айналған Кабул халықаралық әуежайына күн сайын мыңдаған Ауған азаматтары келіп, кісі кептелісі болып жатыр. Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің жеті ауған азаматының қаза тапқанын мәлімдеді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/08/23/toqaev-awghanstandaghy-zhaghdajdyng-belgili-bir-denggejde-qateri-bar/feed/ 0