сот ісі — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 01 Mar 2023 07:48:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png сот ісі — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 «5:32» фильмінің режиссерлері плагиат туралы сот ісінде жеңіліп қалды https://qazaqpress.kz/2023/03/01/532-filmining-rezhisserleri-plagiat-twraly-sot-isinde-zhengilip-qaldy/ https://qazaqpress.kz/2023/03/01/532-filmining-rezhisserleri-plagiat-twraly-sot-isinde-zhengilip-qaldy/#respond Wed, 01 Mar 2023 07:48:35 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51296 Алматы қалалық сотының хабарлауынша, шынайы оқиғаларғе негізделген «5:32» веб-сериалының авторлары плагиатқа қатысты сот ісінде жеңілді, деп хабарлады Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот «Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстардың сырлары» (Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане) кітабының авторы, қазақстандық журналист Асқар Жалдиновтың пайдасына орай үкім шығарды.

«Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарына сүйене отырып, істің барлық мән-жайын ескеріп, талап арызды ішінара қанағаттандырды және жауапқа тартылғандарды кітапты рұқсатсыз пайдаланғаны туралы мойындауды талап етті. Сот жауапқа тартылғандарды талапкерге 1000 АЕК көлемінде өтемақы мен моральдік залал келтіргені үшін 1 млн теңге көлемінде төлем төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, сот шығындары өндірілді, бірақ талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырылмады, – делінген сот үкімінде.

Соттың шешімі әлі заң жүзінде күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, талапкер Асқар Жалдинов «Salem Social Media» ЖШС-нің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Асқар олардан авторлық құқық бұзғаны үшін 15 000 АЕК көлемінде өтемақы мен 300 миллион теңге моральдық шығынды өндіруді талап етті.

Сот веб-сериал авторлары көрсетілген оқиғаларды талапкердің кітабынан алғанын анықтады. Жауапқа тартылғандар болса, авторлық құқық бұзылған жоқ деп мойындамады.

Асқар Жалдинов кітапты жазу барысында республиканың Ішкі істер министрлігі мен соттарының мұрағатын, қылмыстық істердің материалын зерделеп, ерен еңбек жасалғанын, әсіресе құқық қорғау органдарында бұрын қызмет еткен тұлғалардың естеліктері пайдаланылғанын түрткен болатын. Сот кітапты толықтай шығармашылық жұмыстың нәтижесі, яғни, шығармашылық туынды деп таныды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/03/01/532-filmining-rezhisserleri-plagiat-twraly-sot-isinde-zhengilip-qaldy/feed/ 0
«Оператор РОП» компаниясының бұрынғы бас директорына 20 млрд. тг. жымқырды деген айып тағылды https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/ https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/#respond Fri, 11 Mar 2022 07:37:17 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=44930 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты компания қаражатын иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бойынша «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры қамауға алынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көліктерді қайта өңдеу құнын жоғарылатып, арамдықпен жиналған компанияның қаражатынан 20 млрд. теңгеден астам соманы иемдену фактісі бойынша айыпты анықтау үшін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – делінген Telegram-агенттік арнасының хабарламасында.

Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысының күдігімен экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын. Тергеу жалғасуда, деп хабарланды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиев мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғаны хабарланған болатын.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/feed/ 0
«СҚ-Фармация» экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты https://qazaqpress.kz/2021/08/05/sq-farmaciya-eks-basshysy-berik-shaeripke-qatysty-sot-uekimi-shyqty/ https://qazaqpress.kz/2021/08/05/sq-farmaciya-eks-basshysy-berik-shaeripke-qatysty-sot-uekimi-shyqty/#respond Thu, 05 Aug 2021 04:48:51 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42180 «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының қазысы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты үкім шығарды.

Шәріп екі бап бойынша айыпталды:

  • ҚР ҚК-ның 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы «Ауыр зардаптарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану»;
  • ҚР ҚК-ның 287-бабы 2-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».

Прокурор Дастан Купербаев соттан Берік Шәріпті бес жыл мерзіміне бас бостандығынан айыруды өтінді.

Сот өкілі оны қамаудан босатып, айыппұл салуға шешім шығарды.

— Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 2 миллион 778 мың теңге сомасында 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын. Берік Шәріп 361-баптың 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталсын. ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес айыппұл түріндегі жаза мерзімі 2020 жылғы 12 тамыздан бастап 2021 жылғы 4 тамызға дейінгі кезеңде айыппұл түріндегі жазаны өтеудің 4 АЕК үшін күзетпен ұстау уақытының бір күні есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін. Берік Шәріпке тағайындалған жаза өтелді деп есептелсін және ол сот отырысында қамаудан босатылсын. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын – деген қаулы шығарды сот өкілі.

Айта кетелік, «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы сот отырысында соңғы сөзін айтқан болатын. Ол бүкіл денсаулық сақтау саласы мен ел үшін өте қиын уақытта жауапкершілікті өз мойнына алып, шешім қабылдағанын және сол үшін 11 жарым айдан аса тергеу изоляторында отырғанын айтты.

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/08/05/sq-farmaciya-eks-basshysy-berik-shaeripke-qatysty-sot-uekimi-shyqty/feed/ 0