сауал — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Mon, 11 Oct 2021 08:29:43 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png сауал — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Ерке Есмахан ұзатуы жайлы айтты: «Кімге сыңсу айтқызамын» https://qazaqpress.kz/2021/10/11/erke-esmahan-uzatwy-zhajly-ajtty-kimge-syngsw-ajtqyzamyn/ https://qazaqpress.kz/2021/10/11/erke-esmahan-uzatwy-zhajly-ajtty-kimge-syngsw-ajtqyzamyn/#respond Mon, 11 Oct 2021 08:17:35 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43074 Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ұзатуы жайлы сөз қозғап, сыңсуды кімге айтқызатынын білмей әлек болды және әлеуметтік желіде түрлі пікірталас тудырды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ерке Есмахан жанкүйерлерінің көмегіне жүгініп, Instagram парақшасында оларға сауал қойды. Эстрада жұлдызы өз ұзатуында кімге сыңсу айтқызу керектігін сұрады.

«Ұзатылып жатсам, кімге «сыңсу» айтқызсам екен, деп ойлап отырмын! Ал, жазыңыздар», – деп сұрады әртіс.

Бірінші, Еркені ұзатуға өнердегі әріптесі Серік Ибрагимов ниет білдіріп, сылқымды жоғары деңгейде ұзатып беретінін айтты.

«Маған айтқыз досым. Зор қылып айтып беремін. Шын сөзім», – деді әнші.

Өзге желі қолданушылары да Еркенің жазбасын қызу талқыға салды. Олардың басым бөлігі өнер иесінің жақын арада шынымен ұзатылғалы жатқанын болжады.

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызының сұрағына жауап беріп, жанкүйерлер өз нұсқаларын ұсынған еді. Оқырмандар Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина секілді әншілерді таңдады. Ал кейбірі, Төреғали мен 91 тобын ұсынды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/10/11/erke-esmahan-uzatwy-zhajly-ajtty-kimge-syngsw-ajtqyzamyn/feed/ 0