рейс — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Tue, 04 Oct 2022 08:52:25 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png рейс — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Енді қазақстандықтар Мальдив аралдарына тұрақты рейстермен аптасына 7 рет ұша алады https://qazaqpress.kz/2022/10/04/endi-qazaqstandyqtar-maldiv-araldaryna-turaqty-rejstermen-aptasyna-7-ret-usha-alady/ https://qazaqpress.kz/2022/10/04/endi-qazaqstandyqtar-maldiv-araldaryna-turaqty-rejstermen-aptasyna-7-ret-usha-alady/#respond Tue, 04 Oct 2022 08:50:01 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=49333 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Мальдив аралдары арасында тұрақты әуе рейстерін ұйымдастыру үшін құқықтық база құрылғанын хабарлады. Яғни, бұдан былай екі ел арасында тұрақты әуе рейсі болады деген сөз, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Аптасына 7 рет Мальдив аралдарына саяхаттауға болады

Екі жақ тарап Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 41-сессиясына сай құжатқа қол қойды.

Ол құжатта Мальдив аралдары мен Қазақстан арасында аптасына жеті рет тұрақты рейстерді қамтамасыз ету туралы жазылған.

Енді Мальдив аралдарына визасыз ұшуға мүмкіндік бар екенін еске сала кетелік

9 мамырда Қазақстан Республикасы мен Мальдив Республикасының Үкіметі мемлекеттер арасындағы визалық талапты шектеу туралы келісімге қол қойды, бұл екі ел азаматтарына күнтізбе бойынша 30 күн аралығында шекара асып, ел аумағына кіруге және жүруге мүмкіндік береді.

Алайда жұмыс, оқу немесе іскерлік мақсатпен сапар шеккен азаматтарда міндетті түрде виза болу тиіс.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/10/04/endi-qazaqstandyqtar-maldiv-araldaryna-turaqty-rejstermen-aptasyna-7-ret-usha-alady/feed/ 0
Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері қайта ашылады https://qazaqpress.kz/2021/11/02/qazaqstan-men-uendistan-arasynda-turaqty-aewe-rejsteri-qajta-ashylady/ https://qazaqpress.kz/2021/11/02/qazaqstan-men-uendistan-arasynda-turaqty-aewe-rejsteri-qajta-ashylady/#respond Tue, 02 Nov 2021 06:26:34 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43356 Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 15 қарашадан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/11/02/qazaqstan-men-uendistan-arasynda-turaqty-aewe-rejsteri-qajta-ashylady/feed/ 0