Қазақстан саңыраулар қоғамы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Thu, 15 Dec 2022 07:05:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Қазақстан саңыраулар қоғамы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Ел еркіндігі еркін өмірде https://qazaqpress.kz/2022/12/15/el-erkindigi-erkin-oemirde/ https://qazaqpress.kz/2022/12/15/el-erkindigi-erkin-oemirde/#respond Wed, 14 Dec 2022 19:18:50 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50290 Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артуда. Бұл тенденцияға қоғам қалай бейімделуде?

14 желтоқсанда «Отырар» кітапханасы мен Инклюзивтік орталықтың директоры, Гүлхая Бабаханқызының ұйымдастыруымен «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» атты іс-шара өтіп, Қазақстанның саңыраулар қоғамы ұйымының төрайымы Сәуле Досыбекқызы студенттерге ым тілінің шағын мастер-классын өткізді.

Г.Бабаханқызы «әрбір азамат тәуелсіз елде еркін түрде өмір сүруге лайықты», – деген жалынды сөзбен мастер-класстың басын ашты.

Спикердің айтуынша, ым тілі Еуропа елдерінен қарағанда Қазақстанда онша қатты дамымаған, сондықтан әдетте саңыраулар үшін қоғамға бейімделу әлі күнге дейін оңай емес. Қарапайым мысал келтірейік. Swissinfo.ch ақп. агенттігінде жарияланған мақалаға сүйенсек, 1946 ж. 17 ақпанында Швейцария елінде 8 немістілді саңыраулар ассоциациясы қоғамның қыспағына тойтарыс беріп, алғаш рет үндерін естірту үшін бірігіп, ортақ қоғамдық бірлестік құрған, ал көп ұзамай сол жылы оларға 1 франктілді бөлімін қосқанда тағы 8 ассоциация қосылған болатын.

«Саңыраулар мүгедектігіне байланысты кезінде қоғамда жаппай кемсітушілікке ұшырағантын. Олардың тіпті дауыс беру құқығы болмаған және өмір бойына сау адамның мойнына артылып, оларға бақылаушы бекітіп қоятын», – деп түсіндірді Бинггели сурдоаудармашы арқылы.

Алайда бірте-бірте тәуелсіз ассоциациялардың батыл әрекеттерінің арқасында 1970 ж.ж. дейін олар үндерін естіртіп, тіпті 1880 ж. Екінші халықаралық конгресс отырысында «Ым тілін шектеу» туралы қабылданған заңды да біртіндеп жойған еді, ал 1970 жылдары ым тілі халықаралық конгрестерде жиі қолданыла бастағаны процесті жылдамдатуға үлкен септігін тигізді. Швейцария делегаты тіпті жаңа тенденцияның шаңына да ілесе алмады.

Айта кетелік, ол кездегі саңыраулар қозғалысының орталығы Вашингтонда, Галлодет колледжінде (бүгінде университет) орналасқан болатын. Университет 1864 жылы құрылды және «Deaf U» (Тыныш университет) атты Netflix реалити-шоуының алаңы да болған. Университет ресми түрде екі тілде білім береді: амслен – американдық ым тілінде және жазбаша ағылшын тілінде. Сонымен қатар, ым тілі университет ішінде өзара коммуникация құралы ретінде қолданылады. Бұл саңырау және нашар еститін адамдарға арналған әлемдегі ең бірінші және жалғыз жоғары оқу орны.

Бүгінде Еуропада сурдоаудармашылық Қазақстаннан қарағанда кең қолданыста деп айтсақ, артық болмайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде ҚСҚ сынды қоғамдық бірлестіктер ақырындап дамуда, оны да жоққа шығармаймыз. Бірақ, Сәуле Досыбекқызының айтуынша, бізде ым тілі әлі күнге дейін орта және жоғары оқу орындарында мүлдем қолданылмайды, өйткені практикалық тұрғыда онымен қолдану қиын деп түсіндіреді. Оған қарамастан, ЖОО-да сөйлеу мүмкіндігі шектеулі жастар ым тілі мамандарының көмегімен ел қатарлы бірге оқуда.

Есесіне, әрине, сурдоаудармашылыққа қатысты түрлі курстар ашылуда және сөйлеу мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз отбасысымен байланысын нығайту үшін, курс тегін өткізіледі деді спикер. Бірақ, кәсіби сынды өзге мақсаттарды қуса, онда ақылы түрде оқытылады екен.

Неліктен ата-аналарға әлеуметтік жоба арқылы курс тегін өткізіледі десек, сөйлеу мүмкіндігі шектеулі азаматтар тек ым тілін меңгерген адамдарға ғана бауыр басады деп түсіндірді спикер. Сондықтан, егер нәрестеде есту қабілеті нашар екені анықталса, бала күнінен бастап коммуникация орнатқан абзал деді. Себебі, берік елдің тұғыры – берік отбасы екенін еске салайық.

Қоғам арасында бейімделу мәселесіне қатысты спикер ерлердің басым бөлігі аяқ-киім жөндеуді, әйелдер тігіншілікпен айналысуды таңдайтынын айтты. Бірақ, заман ағынына ілесіп, IT саласын да меңгеріп жүрген жастарымыз баршылық дейді.

Сәуле Досыбекқызы ым тілінде амандасуды, мерекемен құттықтауды үйретіп, аудиториямен біраз жаттығулар жасап, арасында әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтеріп, аудиториямен feedback сұхбат жүргізді. Мәселен, есту және көру қабілеті нашар адамдар әлемді қалай танитынын, ҚСҚ мүшелерінің ішінде кімде қандай хобби, қандай қызығушылығы бар екенін сұрастырып, Қазақстанның саңыраулар қоғамының мүщелері аудиториямен мол ақпаратпен бөлісті.

Қызықты факт: сөйлеу мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ым тілінің бірнеше түрі бар екен. Мәселен, халықаралық ым тіліне келер болсақ, олар екеу. Бірі – 1970 жылы қалыптасқан жасанды тіл – Gestuno деп аталады, бірақ ол кең қолданысқа ене алмады. Екіншісі – International Sign (IS) трансформациялардың арқасында өздігінен қалыптасты, бірақ пиджин (pidgin) – аралас, жеңілдетілген тіл болып саналады. Негізі ресми түрде жалпыға ортақ халықаралық ым тілі әзірге жоқ. Бірақ, IS ым тілі аяңдап соған басып келе жатқан көрінеді. Ал, негізі, дүниежүзінде ым тілінің 5 түрі бар: француз ым тілі, американдық және британдық ым тілі, жапон және кәріс ым тілі, қытай ым тілі, австриялық ым тілі. Бірақ, ТМД елдерінде ресейлік ым тілі кең қолданыста дейді. Орыс ым тілі американдық, австриялық және француздық ым тілдерінің грамматикасын, морфологиясын және лексикасын сіңіргенімен ерекшеленеді.

Негізі, қарап отырсақ, әр тілдің фонетикалық құрылымына қарай ым тілі де кішкене өзгешелеу болу мүмкін деген болжамға келдік. Себебі, спикердің айтуынша, Қазақстандағы қолданылып жүрген орыс ым тілі қосымша дактилологиямен толықтырылып, ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө сынды қазақ әліппесін қосып, қазақша ым тілін құрайды екен.

Саңыраулар қоғамының мүшелері ән, би өнерін паш етіп, сый-сыяпаттар мен студенттердің алғысына бөленді. Бірақ, спикердің өтінішімен студенттер аудитория алдында өнерпаздарға ым тілінде ризашылығын өздері білдірді.

«Себебі, жылы ілтипат біреудің жеткізгенінен көрі өз уысыңнан шыққаны әлдеқайда жүрекке ыстық көрінеді», – деп түсіндірді спикер.

Кеш соңында qazaqpress журналисі Сәуле Досыбекқызымен кейбір ақпараттарды толықтыру үшін сұхбаттасып, айтылмай кеткен дүниелерге де қызығушылық танытты.

– 2017 жылы өзіңізге де мәлім, «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Сапарбаевтан кезінде жұмыс бабы мен сауда бойынша көмек сұраған, ол уақытта тіпті базарда орын алудың өзі аса қиын болатын, ал қазір жұмыс орнымен қаматамасыз ету процесі қалай жүріп жатыр?

– Мына біздің ҚСҚ-да он тоғыздей мекеме бар. Сол мекемелер енді ресурсымыз жеткілікті, базамыз бар болғанмен, қазір жұмыс жоқ. Өйткені, мынау сатып алу заңы, заңында – госзакупка дейді ғой, сол жерде қарама-қайшылықтар көп. Мысалы, учредитель ҚСҚ болса, оның 19 кәсібі бір тендерге, бір лотқа қатыса алмайды. Аффилированность деп шыға келеді олар. Бұрындары болған жоқ ондай. Бұрындары бір лотқа бірнеше жаңағы біздің мекемелер қатыса беретін. Ол жерде бағамен ғой, кім бағасын төмен түсірсе, сол ұтып ап, жұмыс тауып, істей беретін. Ал, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан да сатып алу заңын өзгерту керек. Қазір кім көрінген бір, екі-үш мүгедекті өзінің жұмысына таратады-дағы, ол бірден әлеуметтік кәсіпкер болып шыға келеді. Оны тексеріп жатқан ешкім де жоқ. Ал, оның базасы жоқ мысалы, ресурстары жоқ. Ол бір жерден сатып алып, үстінен баға қосып, сонымен күнкөріс табады өзі үшін. Ал, мүгедек бұл жерде далада қалып тұр.

Осы біздің мекемелерде мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға болады. Және де қазір жаңа технологиялар шығып жатыр өте қымбат-қымбат. Бізде Қазақстанда ондай технологиялар жоқ. Соларды сатып алуға біздің қаражатымыз келмейді, жетпейді. Субсидия бөлу керек ол үшін. Жаңағы, сол кезде біз жұмыссыздықты біраз азайтуға мүмкіндігіміз болушы еді.

– Жаңа Қазақстанда мемлекет тарапынан қандай қолдаулар болғанын қалар едіңіз?

– Ең бірінші, білім беру саласын дамытқан жөн. Балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарында ым тілінде дәріс алулары керек. Инклюзивті білім беру қазір қолға алынып жатыр. Алайда, тьторлардың (ағыл. – tutor) қызметі қолға алынбаған. Себебі, дайын мамандар жоқтың қасы. Оларды дайындап, қызметін пайдалану үшін, үкімет тарапынан қаржы бөліну тиіс, – деп түйіндеді ол.

Құдайға шүкір, қазіргі заманда бабалардың тағдыры басымыздан өткен жоқ, бірақ соның өзінде әлем елдерімен теңесеміз деп, өз азаматтарымызды тентіретіп жүргеніміз қалай? Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып жатыр деп, 1-топ мүгедектерінің өзі ауыр ипотекаға зар боп жүр, ал еңбек етемін дегендер әлі де лайықты жұмыс іздеумен келеді. Себебі, жұмыс ұсынушылар қызметкеріне қатысты жауапкершіліктен қорқатын көрінеді, бірақ жұмыс тапшылығының тамыры одан да тереңде жатыр. Дегенмен, прогресс орнында тұрмайтынын бүгін өз көзімізбен көрдік. Тоқетерін айтқанда, адамның күні адаммен екенін ұмытпайық!

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/12/15/el-erkindigi-erkin-oemirde/feed/ 0