Павлодар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 20 Oct 2023 05:22:11 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Павлодар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақстандықтардың тұтынушылық сенімі төмендеп бар жатыр – FFG зерттеуі https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/ https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/#respond Thu, 19 Oct 2023 12:06:06 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59138 Қыркүйекте қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі 100 пунктке жетіп, баяу түрде төмендеуін жалғастырды.

Freedom Finance Global компаниясының макроэкономикалық зерттеуіне сәйкес мұндай жағдай Қазақстанның 3600 тұрғынына телефон арқылы жүргізілген сауалнама негізінде екінші ай қатарынан байқалып отыр.

Индекстің төмендеуінің басты факторлары соңғы жылдағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне және ірі сатып алулар жасау үшін қолайлы жағдайларға қатысты мәселелер болды. Егер тамызда қазақстандықтардың 18,2%-ы ел экономикасы қандай да бір дәрежеде жақсарды деп есептесе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 16,4%-ға дейін төмендеді.

Ең пессимистік өңір Павлодар облысы болды, онда экономикалық жағдайда орын алған өзгерістер индексі 61,9 пунктке жетті, ал 86,6-90,1 пункт жинаған Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстары көшбасшылар қатарында болды.

Қазіргі жағдайлардың ірі сауда үшін қолайлы болуы мәселесі бойынша қазақстандықтардың 62,5%-ы теріс жауап берді, мұнымен респонденттердің 29,4% ғана келіспеді. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарында жоғарыда аталған үштік: Атырау, Жетісу және Маңғыстау тұр. Тізімдегі соңғы орында Шығыс Қазақстан облысы болды, онда респонденттердің 21%-ы ғана ірі сатып алулар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті.

Жоғарыда аталған екі қосалқы индекстің төмендеуіне қарамастан, құлдырау жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күтудің өсуімен біршама өтелді. 49,4% қазақстандық бір жыл ішінде материалдық жағдайының жақсаруын күтеді (47,7% – тамызда). Шымкент қаласы көшбасшы атанды, онда тұрғындардың 60%-ы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтеді, ал соңғы орынға Шығыс Қазақстан облысы табан тіреді, бұл көрсеткіш 34%-ға ғана  жетті.

Қазақстандықтардың инфляциялық болжамы қыркүйек айында күрт өсті. Бағаның өсуін күтетіндердің үлесі бір ай ішінде 20,7-ден 26%-ға дейін, ал 12 ай ішінде 21,9-дан 26,3%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер бақылаудың көптеген айларындағы ең жоғары көрсеткіштер болып шықты. Алдағы бір айға күтілетін жағдайда көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бастап ең жоғары, ал бір жылға күтілетін жағдайда – 2022 жылғы қарашадан бастап ең жоғары болып табылады.

«Инфляциялық күтулерге қыркүйекте доллар бағамының 4,4% өсуі әсер еткен болуы мүмкін. Оның үстіне бағамның өсуі бойынша күтулер де өсті: Қазақстандықтардың 56,4%-ы доллардың теңгеге шаққандағы бағасы бір жылдан кейін (тамызда – 54,7%), ал 38,5% – (тамызда – 34%) бір айдан кейін өседі деп күтуде. Бұл көрсеткіштер зерттеудің барлық уақытында рекорд жасады», – деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаев.

Қазақстандықтардың жекелеген тауарлары мен қызметтері арасында нан және нан-тоқаш өнімдері, ұн, ет және құс, сүт және сүт өнімдері бағасының өсуі көпті алаңдатады. Осы санаттардың барлығы бойынша 32,5-тен 35,2%-ға дейінгі респондент қыркүйекте бағаның күшті өсуін байқаған. Екінші ай қатарынан бензиннің қымбаттауына алаңдаушылардың үлесі (10,6%-ға дейін), сондай-ақ ТКШ қызметінің құнына алаңдайтындардың үлесі 12,8%-дан 11,8%-ға дейін төмендеуін жалғастыруда.

Тұтынушылық сенімділік индексін зерттеу Орталық Азияның басқа елдері – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда да бір мезгілде жүргізіледі. Қыркүйек айында Қазақстаннан басқа өңірдің барлық елдері тұтынушылық сенімнің жақсарғанын көрсетті.

«Біздің ел бұл топтан біршама шығып кетті, бірақ бұл жерде 0,3 пунктке ғана төмендеді, бұл статистикалық қателік аясында қалыпты жайт. Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанда инфляциялық күтулер аздап артқанын атап өтуге болады. Қазақстанда басқа елдерге қарағанда, доллар бағамының өсуі мен теңгенің әлсіреуі жағдайында өсу айтарлықтай жоғары» – дейді Freedom Finance Global сарапшысы.

Қазақстаннан экспортты шектеу аясында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда бағалары күрт көтерілген ұн бүкіл өңір үшін ең өзекті және өткір тақырып болды. 10 респонденттің 7-сі аталған өнім бағасының үдемелі түрде қымбаттағанын байқады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш біршама төмен.

Қыркүйек айындағы зерттеудің үшінші толқыны Орталық Азияның төрт елі тұрғындарының тұтынушылық сенімін көбінесе екінші тамыз толқынының нәтижелерін растады. Кейбір елдерде белгілі бір үдерістердің орын алуы туралы байыпты қорытынды жасауға болады, олар іргелі ерекшеліктермен, ресми статистикамен, БАҚ-тағы хабарламалармен және ұлттық валюталардың баға белгілеу қозғалысымен түсіндіріледі. Сондай-ақ жалпы өңірде бір ғана тауардың кейбір экономикалық байланысы байқалады. Егер өткен жолы күріш белгіленсе, онда бұл жолы ондай тауар ұн болып шықты. Мұндай анық және толық көрініс Орталық Азия өңірінің барлық негізгі экономикалық агенттеріне пайдалы болуы мүмкін.

 

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/feed/ 0
Олар болмаса, кім? https://qazaqpress.kz/2021/08/13/olar-bolmasa-kim/ https://qazaqpress.kz/2021/08/13/olar-bolmasa-kim/#respond Fri, 13 Aug 2021 14:30:18 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42307 Табиғи апат деген не? Бұл сөзді естігенде су тасқыны, жер сілкінісі, цунами, дауыл, жер көшкіні, өрт, қар көшкіні және т.б климаттың қауіпті құбылыстары еске түседі. Айта берсек, тізім шексіз. Бірақ барлығының ізінен тек жойқыншылық жүреді, деп хабарлайды Qazaqpress Optimism.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғарыда аталған барлық табиғи апаттар бір мезетте-ақ адамның өмірін бұза алады. Кейде олар қалалар мен елдерді де қиратады. Бірнеше статистиканы мысалға келтірейік. 2020 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым соңғы 50 жылдағы табиғи апаттар туралы есеп құрды.

Жарты ғасыр ішінде тіркелген апаттар саны бес есеге өсті. Есепте тек 2018 жылы су тасқыны, орман өрттері, дауыл мен құрғақшылық салдарынан бүкіл әлем бойынша 108 миллион адам көмекке мұқтаж болғаны жазылған. Сонымен қатар, есепте 2030 жылға қарай табиғи апаттар саны 50% -ға дейін өсетіні жазылды. Климаттың өзгеруі ішінара себеп.

Өкінішке қарай, апаттар Қазақстанды да айналып өтпейді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан жерінің 75% -да дауыл, көшкін, сел, су тасқыны, қар көшкіні, экстремалды температура, жер сілкінісі, орман мен дала өрттері сияқты табиғи апаттар қаупі жоғары. Және жыл сайын Қазақстан Республикасында 3-4 мың төтенше жағдай орын алып, 3-5 мыңға жуық адам зардап шегіп жүр, ондаған адам дүние озып, орташа есеппен 16 млд. теңгеге шығын келтірілуде.

Бұл көрсеткіштер сары уайымға салғызады. Алайда, елде бұған бей-жай қарамайтын адамдар бар және олардың арқасында дер кезінде адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Біріншіден, бұл – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, сонымен қатар ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдары, шекара, өрт сөндірушілер қызметтері. Мемлекеттік органдар өзіне қойылған міндеттермен жақсы жұмыс атқаруда. Екіншіден, көмегі орасан еріктілер бар.

Бұл мақала Павлодардағы «Қызыл Жарты Ай» қозғалысы туралы болмақ. Ол жуырда Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесіп жасаған Qolda төтенше жағдай бағдарламасының құрамына енді. Optimism.kz тілшісі филиал директоры Гүлнар Исақановадан мән-жайын білді.

Спикер жайлы

Гүлнар Мұхаметкерімқызы – Жамбыл облысының тумасы. 1982 жылы орта мектепті бітіріп, Красноярск өлкесіне көшіп кетті. Ол жақта техникалық мамандық бойынша оқу бітірді, бірақ мамандық бойынша көп жұмыс жасамады. Бір кездері банк қызметінде де жұмыс істеді, содан кейін ол жеке кәсіпкерлікке бет бұрды.

— Бір кездері мен өмірімді өзгертемін деп шештім – деп әңгімесін бастайды Гүлнара, — мен қоғамдық жұмыстармен айналысуға бел будым және бұл шешіміме өкінбеймін. Біздің балалық шағымыз сондай идеалдармен өтті, алдымен октябрёнок, содан кейін пионер болдық, одан кейін біз комсомол болуға ант еттік. Мектептік және студенттік жылдарым: «Біз болмасақ, басқа кім?» деген ұранмен өтті. Бұл фраза менің қазіргі қоғамдағы өмірімнің жалғасына айналды.

Айта кетелік, Гүлнар Исақанова Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалында 15 жыл бойы жұмыс істеп жүр.

Филиал жайында

Қазақстанның «Қызыл Жарты Ай» қауымдастығы 1937 жылдан бері жұмыс істеп келеді және дүниежүзіндегі 192 елде ең ірі және құрметті гуманитарлық қозғалыс болып саналатын «Халықаралық Қызыл Крест» пен «Қызыл Жарты Ай» қозғалысының бір бөлігі.

— Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, ұйым гуманитарлық және әлеуметтік саладағы мемлекет органдарына көмектесіп, Қазақстанның Қызыл Жарты айы, оның ішінде Павлодардағы бөлімшесі бар күш-жігерін апаттардың алдын алуы мен жеңілдетуіне бағыттайды. Дағдарыс пен төтенше жағдайларда адамдардың зардап шегуі, ақысыз және ерікті қан тапсыру мәдениетін жандандыру үшін, аурулардың алдын алу, халыққа алғашқы көмек көрсетуде және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекетте халықтың әлеуметтік осал топтарына психологиялық қолдау көрсетеді – деді директор.

ҚР Президенті серіктестіктің өкілеттігіне рұқсат берді. Бұл гуманитарлық, қайырымдылық, коммерциялық емес ұйым.

— Қоғамның басты міндеті – дағдарыс кезінде адамдарға гуманитарлық көмек пен әлеуметтік қолдау көрсету – деді ол. Біз «Қызыл Крест» және «Қызыл Жарты Ай» халықаралық қозғалысының демеушілігімен жұмыс жасаймыз. Өзге де қозғалыстар сияқты, біздің ұйым 7 қағиданың негізінде жұмыс істейді. Олар бізге мүлдем бейтарап, тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Соның арқасында мемлекеттік ұйымдар да, бизнес-құрылымдар да, қарапайым азаматтар да бізге сенеді.

7 қағида:

1. Адамгершілік.

2. Бейтараптылық.

3. Нейтралдылық.

4. Тәуелсіздік.

5. Еріктілік.

6. Бірлік.

7. Әмбебаптылық (универсальность).

Филиал бағдарлама аясында төтенше жағдай кезіндегі халықты ақпараттандыру мен онлайн-әзірлемелер арқылы шешімдер ұсыну, қол ұшын беру, үкіметтік емес ұйымның төтенше жағдайларға әрекет ету әлеуетін күшейту және волонтерлік істі дамыту шеңберінде жұмыс атқарады.

— Еріктілік – төтенше жағдайларға дайындық пен табиғи апаттардың салдарын жоюдың құралы іспетті. Қазір жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдары мен бастамашыл еріктілер тобының саны үнемі артып келеді, алайда оған қарамастан, Қазақстанның «Қызыл Жарты Айы» төтенше жағдайларды дайындау мен жоюда мол тәжірибесі бар ілгері ұйым болып қала береді.

Сонымен қатар, филиал жұмысы Павлодар облысының бүкіл аумағында жүргізіледі. Ал бұл аймақта қауіп-қатерлер жетерлік – су тасқыны, қар көшкіні, орман, тұрмыстық және далалық өрт.

— 2018-2021 ж.ж. су тасқыны кезіндегі өзге филиалдағы әріптестеріміздің тәжірибесі көрсеткендей, төтенше жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдары, төтенше жағдайлар қызметтері мен басқа да ұйымдар, әсіресе біздің ұйымдар, төтенше жағдай кезінде қаражат жинау, гуманитарлық көмек беру мен өзара теңдестіріп бөлу, қоғамдық тамақтандыру және уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметін жақсы жаттықтырған. Бірақ зардап шеккен халыққа физикалық және психологиялық көмек көрсету саласында дайындалған ынталы адамдардың (еріктілердің) болмауы әлі де кемшіліктер бар екенін білдіреді – деді Павлодар «Қызыл Жарты Ай» қоғамының директоры.

Директордың айтуынша, олар төтенше жағдайлардың алдын алудағы тәжірибесінің арқасында, осы бағытты таңдап, мемлекеттік органдарға көмектесуді шешті. Онымен қоса, оларда мығым қалыптасқан оқыту әдістемесі бар, ал ең бастысы, олар облыстар мен аймақ тұрғындарына қамқорлық көрсететін жанашыр топтарды құрып, практикалық дағдыларды үйретуге мүмкіндіктері бар.

— Қазіргі уақытта біз Qolda бағдарламасы бойынша келісімге қол қойдық және қазір ұйымдастыру мен дайындықпен айналысып отырмыз. Келісім – қызметке тартылған адамдармен, серіктестермен келісімшартқа отыру, Павлодар филиалының апатқа қарсы әрекет ету тобына жабдық сатып алу үшін жеткізушілерді іздеу және т.б. – деді Гүлнар Исақанова.

Гүлнар Мұхаметкерімқызы еріктілер келесі бағыттарда шыңдалып, жетілу керектігін айтты:

Төтенше жағдайға дейін – қауіпті аймақтарды зерттеп, жергілікті тұрғындарды ескерту, халықты үйрету, ақпараттық материалдар тарату және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу.

Төтенше жағдайлар кезінде – жылдам әрекет ету және зардап шеккендергк дер кезінде көмек көрсету, ҚР «Қызыл Жарты Ай» қоғамы Апаттарға қарсы әрекет ету тобына қолдау көрсету және көмек көрсету (ҚР ОҚБ ҚРБ).

Төтенше жағдайдан кейін – зардап шеккен тұрғындармен бірге төтенше жағдайдың салдарын жоюға, аулалар мен үйлерді, каналдар мен канализацияларды тазалауға, ҚР ОКП КРБ-мен бірлесіп, тұрғындарға психологиялық қолдау көрсету, гуманитарлық көмек тарату және жеткізуге көмек көрсетуді үйрену тиіс.

Qolda-ның алдағы жоспарлары

— Дайындық кезеңімен қатар, біз облыс өңірлеріне сапарлар мен практикалық сабақтар өткізу кестесін құрамыз. Әзірге біліктілігін арттыру үшін, ауылдық округтердің белсенділерін іздеп жатырмыз – деп қорытындылады Гүлнар Исақанова.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/08/13/olar-bolmasa-kim/feed/ 0