«Оператор РОП» ЖШС — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 11 Mar 2022 08:43:43 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png «Оператор РОП» ЖШС — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы бас директорына 20 млрд. тг. жымқырды деген айып тағылды https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/ https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/#respond Fri, 11 Mar 2022 07:37:17 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=44930 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты компания қаражатын иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бойынша «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры қамауға алынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көліктерді қайта өңдеу құнын жоғарылатып, арамдықпен жиналған компанияның қаражатынан 20 млрд. теңгеден астам соманы иемдену фактісі бойынша айыпты анықтау үшін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – делінген Telegram-агенттік арнасының хабарламасында.

Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысының күдігімен экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын. Тергеу жалғасуда, деп хабарланды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиев мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғаны хабарланған болатын.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/feed/ 0