Министрлер кабинетінің отырысы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Tue, 29 Nov 2022 08:55:48 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Министрлер кабинетінің отырысы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Күрделі мәселе – Жұманғарин ӘКК-ны тарату мәселесіне қатысты пікір білдірді https://qazaqpress.kz/2022/11/29/kuerdeli-maesele-zhumangharin-aekk-ny-taratw-maeselesine-qatysty-pikir-bildirdi/ https://qazaqpress.kz/2022/11/29/kuerdeli-maesele-zhumangharin-aekk-ny-taratw-maeselesine-qatysty-pikir-bildirdi/#respond Tue, 29 Nov 2022 08:51:14 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50092 Министрлер кабинетінің отырысында Сауда және интеграция министрлігінің басшысы неліктен барлық Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды жабуға болмайтынын түсіндінді. Еске сала кетелік, алдыңғы апталарда депутаттар Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан көп шығын туындап жатқан соң, оларды таратуды талап еткен болатын, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін журналистердің хабарлауынша, депутаттар Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар шығынды кәсіпкерлік деп танып, барлығын да таратуды талап еткен еді.

Бірақ Серік Жұманғарин қазір олардың мойнында тым көп жауапкершілік пен жұмыс жүктелгенін, оның үстіне шағын несиелер жүйесі де ӘКК арқылы ғана жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді.

Министрдің сөзінше, енді ӘКК «Ауыл Аманаты» бағдарламасына белсендірек қатысатын болады. Олар аса маңызды қызмет көрсетуде, ал оларды жойып тастаса, не болатынын тіпті елестету қиын, деп алаңдаушылығын білдірді. Ол ӘКК-ны өңірлік даму институты ретінде қайта форматын өзгерту мүмкіндігін қарастырған абзалырақ деді. Бірақ, оларды толығымен жою – үсті-асты шешіле салатын мәселе емес, деп түсіндірді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/11/29/kuerdeli-maesele-zhumangharin-aekk-ny-taratw-maeselesine-qatysty-pikir-bildirdi/feed/ 0