криптовалюта — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 27 Oct 2023 07:38:53 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png криптовалюта — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 StripedFly: күрделі коды және тыңшылық мүмкіндіктері бар майнер-құрт https://qazaqpress.kz/2023/10/27/stripedfly-kuerdeli-kody-zhaene-tyngshylyq-muemkindikteri-bar-majner-qurt/ https://qazaqpress.kz/2023/10/27/stripedfly-kuerdeli-kody-zhaene-tyngshylyq-muemkindikteri-bar-majner-qurt/#respond Fri, 27 Oct 2023 07:38:38 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59218 «Касперский зертханасының» сарапшылары StripedFly деп аталатын бұрын белгісіз және өте күрделі зиянды шабуылды тапты. 2017 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша миллионнан астам қолданушы оның құрбаны болды, қазір ол аз белсенді болса да жалғасуда. Ұзақ уақыт бойы зиянды бағдарлама кәдімгі криптомайнер деп болжанған, бірақ кейінірек бұл көп қызметті, жұмыс істейтін құрылымы бар күрделі бағдарлама екендігі анықталды. Бұл туралы «Касперский Зертханасының» зерттеушілері Security Analyst Summit-те айтты.

2022 жылы «Касперский зертханасы» Жаһандық қатерді зерттеу және талдау орталығының (Global Research and Аnalysis Team-GReAT) сарапшылары осы зиянкесті қолдану арқылы екі жаңа оқиғаны анықтады. Олар Windows жүйесінде wininit.exe жүйелік процесімен байланысты болды. Бұл процесте бұрын Equation зиянды БЖ-да қолданылған код тізбегі табылды. Табылған үлгілердің белсенділігі кем дегенде 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқанымен — ол алдын ала талдау кезеңінде бірден мұқият зерттелмеген, өйткені оны бастапқыда кәдімгі криптомайнер деп қателескен. Жан — жақты зерттеуден кейін криптомайнер көптеген плагиндері бар күрделі мультиплатформалық құрылымның бір бөлігі ғана екені анықталды.

ЗБЖ-да табылған көптеген модульдер шабуылдаушыларға оны APT шабуылдары аясында, сондай-ақ криптомайнер немесе тіпті бопсалаушы-бағдарлама ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тиісінше, зиянкестердің ықтимал себептерінің тізімі қаржылық пайда табудан тыңшылыққа дейін айтарлықтай кеңейеді. Бір қызығы, зиянды модуль арқылы алынған Monero криптовалютасының құны 2018 жылдың 9 қаңтарында $542,33 жетті. Салыстыру үшін, 2017 жылы оның бағасы шамамен $10 болды. Қазір, 2023 жылы криптовалютаның құны $150 деңгейінде тұр. «Касперский зертханасының» сарапшылары майнинг модулі ұзақ уақыт бойы зиянды БЖ-ны толық анықтай алмаған негізгі фактор екенін атап көрсетеді.

Зиянкестердің жәбірленушілерге жасырын тыңшылық жасау үшін көптеген мүмкіндіктері бар. Зиянды БЖ екі сағат сайын есептік деректерін жинайды: бұл веб-сайтқа кіру немесе WiFi-ға қосылу үшін логиндер мен құпиясөздер немесе адамның жеке деректері, соның ішінде аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі, жұмыс орны және лауазымы болуы мүмкін. Сонымен қатар, зиянкес жәбірленушінің құрылғысынан скриншоттарды білдірмей түсіре алады, оны толық бақылауға алады және тіпті микрофоннан дауыстық деректерді жаза алады.

Компьютердің бастапқы жұқтыру көзі ұзақ уақыт бойы белгісіз болып қалды. «Касперский Зертханасының» одан әрі зерттеуі зиянкестер бұл үшін EternalBlue «SMBv1» эксплойтын өздері іске асыратынын көрсетті. EternalBlue осалдығы 2017 жылы анықталды, содан кейін Microsoft компаниясы түзетуді (MS 17-010) шығарды. Дегенмен, қауіп әлі де өзекті, өйткені барлық пайдаланушылар жүйені жаңарта бермейді.

Науқанды техникалық талдау барысында «Касперский зертханасының» сарапшылары Еquation зиянды БЖ-мен ұқсастықтарды тапты. Мұны техникалық индикаторлар, соның ішінде қолтаңбалар, бағдарламалау стилі, сондай-ақ StraitBizzare зиянды БЖ-да (SBZ) қолданылғанға ұқсас әдістер көрсетті. Жүктеу есептегішінен алынған мәліметтерге сүйенсек, StripedFly — дің мақсаты бүкіл әлем бойынша миллионнан астам қолданушы болды.

«Бұл фреймворкты құруға жұмсалған күш-жігердің мөлшері шынымен де әсерлі. Киберқауіпсіздік саласындағы мамандары үшін басты қиындық — шабуылдаушылар үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделетіні болып табылады. Сондықтан біз, зерттеушілер үшін күрделі киберқауіптерді анықтау бойынша күш — жігерді біріктіру маңызды, ал клиенттер үшін кибершабуылдардан кешенді қорғау туралы ұмытпау керек», — деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Сергей Ложкин.

Зиянкестердің мақсатты шабуылдарынан қорғану үшін «Касперский зертханасының» мамандары мыналарды ұсынады:

  • осалдықтарды уақытында жою үшін операциялық жүйені, қосымшаларды және антивирустық БЖ-ны үнемі жаңартып отырыңыз;
  • құпия ақпаратты хабарлауды сұрайтын электрондық хаттарға, хабарламаларға немесе қоңырауларға сақ болыңыз; жіберушінің оларға деректерді жібермес бұрын немесе күдікті сілтемелерге өтпес бұрын жеке басын тексеріңіз;
  • Қауіпсіздікті басқару орталығының (SOC) мамандарына қауіп-қатер туралы мәліметтер базасына (TI) қол жеткізуді қамтамасыз ету. Мысалы, Kaspersky Threat Intelligence компания 20 жылдан астам уақыт ішінде жинаған шабуылдар туралы деректерді ұсынады.
  • команданың киберқауіпсіздік саласындағы, атап айтқанда, ең жаңа мақсатты қауіптер туралы білім деңгейін арттыру. Бұған «Касперский зертханасының» сарапшылары әзірлеген онлайн-тренинг көмектеседі.
  • Kaspersky Endpoint Detection and Response сияқты соңғы құрылғы деңгейіндегі оқиғаларды уақтылы анықтау және оларға жауап беру үшін EDR шешімдерін пайдаланыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/10/27/stripedfly-kuerdeli-kody-zhaene-tyngshylyq-muemkindikteri-bar-majner-qurt/feed/ 0
Енді Қазақстанда криптовалюта да тәркіленетін болады https://qazaqpress.kz/2022/10/03/endi-qazaqstanda-kriptovalyuta-da-taerkilene-alady/ https://qazaqpress.kz/2022/10/03/endi-qazaqstanda-kriptovalyuta-da-taerkilene-alady/#respond Mon, 03 Oct 2022 08:51:20 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=49309 Енді Қаржы мониторингі агенттігі криптовалюталарды да тәркілеуге құқылы, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚМА Binance халықаралық криптовалюта биржасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандумның мақсаты – криптовалюталарға қатысты әрекеттердің мониторингін жақсартып, ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.

Не себептен криптовалюта тәркілену мүмкін?

Меморандумның негізгі мақсаты – криптоактивтер мен ақпарат алмасудағы ынтымақтастықты арттыру және бір-бірін қолдау. Сонымен қатар, келісім жасасқан тараптар қылмыс жолымен қол жеткізілген виртуалды активтерге қарсы шара ойластырып, бұғаттауға, сондай-ақ жылыстатылған ақшаны немесе терроризмді қаржыландыруға арналған виртуалды активтерді бұғаттау үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Құжатқа қол қою отырысына Тигран Гамбарян, Чагри Пойраз, Ольга Гончарова және Рауан Сағидолла қатысты. Дөңгелек үстелде жиналғандар өз саласындағы маңызды тұлғалар. Binance үшін бұл аса маңызды іс-шара болды, өйткені ол ТМД аймағындағы қызметін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Екі жақ тарап та криптовалюталардың жағдайы туралы ақпарат алмасу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Меморандумда қылмыскерлердің криптоактивтерін бұғаттау, ұстау және тәркілеу тәртібін ҚР белгілейді деген шешім қабылданды. Бұл қылмыскерлерге заңсыз әрекеттер арқылы пайда табуға жол бермей, қылмыстың алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдар үшін криптовалютамен жұмыс туралы семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Бүгінде құқық қорғау органдарын оқыту бағдарламасы Францияда, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Канадада, Бразилияда, Парагвайда және Израильде өткізілген болатын.

Binance жайлы қысқаша мәлімет

Binance – цифрлық активтермен сауда жасау, білім беру, зерттеулер және деректермен айналысу, қайырымдылық, инвестиция жасауға және инкубация құруға, орталықсыздандыру мен инфрақұрылымдық шешімдер сынды және т.с.с. өнімдер жиынтығын ұсынатын криптовалюта индустриясының бір бөлігі. Дәлірек айтсақ, аталған өнімдер жиынтығын ұсыну үшін блокчейн мен инфрақұрылымдарды жеткізуші.

Айырбастау қызметінің негізі 2017 жылы қаланған. Айта кетелік, Binance 2022 жылдың 21 сәуірінен бастап ресейлік қолданушылар үшін крипто платформасында саудаға тыйым салатынын мәлімдеді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/10/03/endi-qazaqstanda-kriptovalyuta-da-taerkilene-alady/feed/ 0