концерттік бағдарлама — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Sat, 19 Mar 2022 12:08:18 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png концерттік бағдарлама — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Наурыз думанында «Сыр сандығы» ашылды https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/ https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/#respond Fri, 18 Mar 2022 13:47:31 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=45038 18 наурыз күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында наурыз мейрамының қарсаңына бірнеше іс-шара бағдарламалары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqpress

18 наурызда Еуразия Ұлттық университетінде «Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: Ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе», «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы», «Сыр сандық» студент ақындар жыр жинағының тұсаукесері атты поэзиялық кеш, ән-би концерті қойылды.

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» іс-шарасының ашылу салтанатында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Бәттәшұлы жылы ілтипатпен сөз сөйлеп, студенттер мен университеттің құрметті профессор, аға оқытушыларына алғыс білдіріп, келе жатқан мейраммен құттықтады.

Концерттік бағдарламаға ЕҰУ жастары, «Jas Otan» jastar qanatý ұйымының, «Топжарған» ақындар клубының, «Дала сазы» қазақ оркестрінің, «Самұрық» би ансамблінің және «Шаңырақ» театрының өнерпаздары қатысты. Өнерпаздар Қазақстанның дәстүрлі ойындарын, киім-кешегін, өнерлерін паш етсе, студенттер қонақтарға қазақ ұлтының қонақжайлығын көрсетіп, көже, бауырсақ сынды дәмді тағамдармен қарсы алды.

Сонымен қатар «Топжарған» ақындар клубының ұйымдастыруымен қазақ халқының фольклорлық мұрасын насихаттау мақсатында Жазушылар одағының көмегімен «Сыр сандығы» іс-шарасында поэзия жолын жандандырып, жалғастырған жас ақындардың туындылары жеке кітап болып басылып, концерттік кеште өлең үзінділері оқылды.

«Ақын деп – құдай берген таланты бар, Алланың сәулесі түскен адамды айтады. Себебі екінің бірі ақын бола алмайды, көбі өлеңші болып қалады. Ақын деген – ол тереңінен бұлқынып шыққан көркем сөз бен ойды беделдеп, кестелеп, терең мағынамен берген адамды ақын деп айтады. Шөпті өлең, шөңгір өлең деп жүрген – ақын емес. Ақын деген – ол Мұқағали сияқты, Қасым сияқты рухты, адамның жүрегіне қона кететін жыр жазған адам», – деді Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ-нің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент және Республикалық айтыстардың жеңімпазы.

Кеш соңында мереке ән мен күйде жалғасын тапты. Іс-шара ресми түрде би ансамблінің «Күштепте» ұлттық өзбек биімен қорытындыланып, «Күлтегін» атриумында еркін бимен көңілді аяқталды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/feed/ 0