инфляция — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 10 Nov 2023 11:23:12 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png инфляция — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Freedom Holding Corp. 2024 қ.ж. ІІ тоқсанындағы кірісі 2,4 есеге ұлғайды https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/ https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/#respond Fri, 10 Nov 2023 11:23:12 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59395 10 қараша 2023,Алматы. — 2023 және 2022 жылдардың 30 қыркүйегінде аяқталған үш айда Freedom Holding Corp. кірісі тиісінше $435,6 млн және $180,1 млн болды. Есепті кезеңдегі түсім 2022 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоқсанға қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Бұл негізінен пайыздық кірістердің, сауда бағалы қағаздарынан алынатын таза пайданың, екі кезең арасындағы сақтандыру компанияларынан алынатын кірістердің ұлғаюына және екі кезең арасындағы комиссиялық кірістердің ұлғаюына байланысты.

Осы тоқсанда 142% немесе $255,5 млн түсімнің негізгі өзгерістері мынадай факторларға байланысты болды:

• Холдингтің пайыздық кірістері 261%-ға немесе $154,1 млн-ға артты. Өткен тоқсандағыдай, бұл бағалы қағаздардың меншікті портфелінің, сондай-ақ берілген банк қарыздарының ұлғаюына байланысты. Екінші тоқсанда брокердің клиенттері маржиналды несиелеу арқылы өз позицияларын қаржыландыра отырып, белсендірек сауда жасауды жалғастырды.

• Сатылымдағы бағалы қағаздарынан түскен таза пайда 464%-ға немесе $41,8 млн-ға ұлғайды. Есепті кезең ішінде Freedom Holding Corp. сатылымдағы бағалы қағаздары бойынша $41,1 млн мөлшеріндегі пайдаға ие болды. Осы пайданың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің борыштық бағалы қағаздарын сату есебінен түсті. Сондай-ақ холдингтің 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес сатылмаған бағалы қағаздар бойынша позицияларға байланысты жүзеге асырылмаған таза пайдасы $9,7 млн болды. Бұл пайданың басым бөлігі жоғарыда аталған министрліктің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ борыштық бағалы қағаздарына тиесілі.

• Сақтандыру қызметінен түскен кіріс бизнестің осы бағытының кеңеюіне байланысты 121%-ға немесе $31,8 млн-ға өсті.

• Комиссиялық кірістер 34%-ға немесе $28,5 млн-ға өсті, бұл екі тоқсан арасындағы кезеңде холдингтің операциялық қызметінің жалпы өсуіне байланысты. Сонымен қатар бұл өсімге Paybox Technologies және оның еншілес компанияларында төлемдерді өңдеуден алынған табыс және төлем карталарына қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына байланысты Freedom Bank банк қызметтерінен комиссиялық кірістердің артуы әсер етті.

2024 жылдың екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. шығыстары 154%-ға немесе $182,6 млн-ға ұлғайды. Бұған пайыздық шығыстардың ұлғаюы ықпал етті. Оған бизнестің белсенді дамуы мен холдингтің кіріс әкелетін қызметі, сондай-ақ компанияларды сатып алу жөніндегі мақсаттардың ықпалдасуы себебінен жалақы мен сыйлықақының өсуі себеп болды.

Шығыстың өзгеруіне әсер еткен басты критерийлер:

• пайыздық шығыстардың $98,5 млн-ға немесе 241%-ға ұлғаюына осындай қаржыландыру көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО келісімдері арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша олардың ұлғаюы, сондай-ақ клиенттердің депозиттері бойынша пайыздық шығыстардың өсуі әсер етті;

• жалақы мен бонустарға жұмсалатын шығыстардың 22,8 млн немесе 132%-ға өсуі холдинг қызметінің кеңеюіне және тұтастай алғанда жалдау мен сатып алу есебінен жұмыс күшінің артуына байланысты болды;

Холдингтің таза пайдасы $115,4 млн-ға жетті. Акциялардың 58,5 млн данадағы орташа өлшемді санынан есептелген бір FRHC акциясына шаққандағы пайда $1,97 болды. Басқа жиынтық кіріс $10,3-тен $87,8 млн-ға дейін ұлғайды.

Холдингтің активтері 2023 жылдың 31 наурызымен салыстырғанда 40%-ға – $5,085 млн-нан $7,138 млн-ға дейін өсті. Міндеттемелер 44%-ға – $4,314 млн-нан $6,224 млн-ға дейін ұлғайды.

2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша холдингтің брокерлік клиент шоттарының саны 434 мыңға жетті, бұл күнтізбелік жылдың 30 маусымындағы брокерлік клиенттік шоттардың санымен салыстырғанда 35 мыңға немесе 9% -ға көп.

Анықтама
*Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резерв бойынша залал.
Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу бойынша кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары есепті күнгі бағам бойынша қайта есептеледі, кірістер мен шығыстар баптары есептік кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға қатысты функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

Холдинг үшін фискалдық 2023 жыл 2023 жылдың 31 наурызында аяқталды.

Freedom Holding Corp - қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздар саудасын, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE-де саудаланады.

Болжамды сипаттағы мәлімдемелерге қатысты ескерту

Бұл баспасөз хабарламасында болжамды мәлімдемелер бар. Олардың барлығы белгісіз сипатқа ие және жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Болжамды мәлімдемелер болашақ нәтижелердің немесе көрсеткіштердің кепілі емес және болжамды мәлімдемелерде сипатталған немесе күтілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай ерекшеленетін нақты оқиғалардың немесе қорытындылардың нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен белгісіздіктермен ұштасады. Осындай болжамды мәлімдемелерге елеулі әсер етуі мүмкін факторларға Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі мемлекеттік комиссияда сақталатын холдингтің мерзімді есептерінде анықталған белгілі бір экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекелдер мен факторлар жатады. Барлық болжамды мәлімдемелер осы баспасөз релизі шығарылған күні ғана жасалған және холдинг кейінгі оқиғаларды немесе мән-жайларды көрсету үшін болжамды мәлімдемелерді жаңарту бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды. Оқырмандар бұл болжамды мәлімдемелерге шамадан тыс сенбеуі керек.

The Nasdaq Capital Market осы баспасөз хабарламасының мазмұнын бекітпеді де, қабылдаусыз қалдырмады да.

ДЕРЕККӨЗ: Freedom Holding Corp.
]]>
https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/feed/ 0
Қазақстандықтардың тұтынушылық сенімі төмендеп бар жатыр – FFG зерттеуі https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/ https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/#respond Thu, 19 Oct 2023 12:06:06 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59138 Қыркүйекте қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі 100 пунктке жетіп, баяу түрде төмендеуін жалғастырды.

Freedom Finance Global компаниясының макроэкономикалық зерттеуіне сәйкес мұндай жағдай Қазақстанның 3600 тұрғынына телефон арқылы жүргізілген сауалнама негізінде екінші ай қатарынан байқалып отыр.

Индекстің төмендеуінің басты факторлары соңғы жылдағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне және ірі сатып алулар жасау үшін қолайлы жағдайларға қатысты мәселелер болды. Егер тамызда қазақстандықтардың 18,2%-ы ел экономикасы қандай да бір дәрежеде жақсарды деп есептесе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 16,4%-ға дейін төмендеді.

Ең пессимистік өңір Павлодар облысы болды, онда экономикалық жағдайда орын алған өзгерістер индексі 61,9 пунктке жетті, ал 86,6-90,1 пункт жинаған Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстары көшбасшылар қатарында болды.

Қазіргі жағдайлардың ірі сауда үшін қолайлы болуы мәселесі бойынша қазақстандықтардың 62,5%-ы теріс жауап берді, мұнымен респонденттердің 29,4% ғана келіспеді. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарында жоғарыда аталған үштік: Атырау, Жетісу және Маңғыстау тұр. Тізімдегі соңғы орында Шығыс Қазақстан облысы болды, онда респонденттердің 21%-ы ғана ірі сатып алулар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті.

Жоғарыда аталған екі қосалқы индекстің төмендеуіне қарамастан, құлдырау жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күтудің өсуімен біршама өтелді. 49,4% қазақстандық бір жыл ішінде материалдық жағдайының жақсаруын күтеді (47,7% – тамызда). Шымкент қаласы көшбасшы атанды, онда тұрғындардың 60%-ы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтеді, ал соңғы орынға Шығыс Қазақстан облысы табан тіреді, бұл көрсеткіш 34%-ға ғана  жетті.

Қазақстандықтардың инфляциялық болжамы қыркүйек айында күрт өсті. Бағаның өсуін күтетіндердің үлесі бір ай ішінде 20,7-ден 26%-ға дейін, ал 12 ай ішінде 21,9-дан 26,3%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер бақылаудың көптеген айларындағы ең жоғары көрсеткіштер болып шықты. Алдағы бір айға күтілетін жағдайда көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бастап ең жоғары, ал бір жылға күтілетін жағдайда – 2022 жылғы қарашадан бастап ең жоғары болып табылады.

«Инфляциялық күтулерге қыркүйекте доллар бағамының 4,4% өсуі әсер еткен болуы мүмкін. Оның үстіне бағамның өсуі бойынша күтулер де өсті: Қазақстандықтардың 56,4%-ы доллардың теңгеге шаққандағы бағасы бір жылдан кейін (тамызда – 54,7%), ал 38,5% – (тамызда – 34%) бір айдан кейін өседі деп күтуде. Бұл көрсеткіштер зерттеудің барлық уақытында рекорд жасады», – деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаев.

Қазақстандықтардың жекелеген тауарлары мен қызметтері арасында нан және нан-тоқаш өнімдері, ұн, ет және құс, сүт және сүт өнімдері бағасының өсуі көпті алаңдатады. Осы санаттардың барлығы бойынша 32,5-тен 35,2%-ға дейінгі респондент қыркүйекте бағаның күшті өсуін байқаған. Екінші ай қатарынан бензиннің қымбаттауына алаңдаушылардың үлесі (10,6%-ға дейін), сондай-ақ ТКШ қызметінің құнына алаңдайтындардың үлесі 12,8%-дан 11,8%-ға дейін төмендеуін жалғастыруда.

Тұтынушылық сенімділік индексін зерттеу Орталық Азияның басқа елдері – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда да бір мезгілде жүргізіледі. Қыркүйек айында Қазақстаннан басқа өңірдің барлық елдері тұтынушылық сенімнің жақсарғанын көрсетті.

«Біздің ел бұл топтан біршама шығып кетті, бірақ бұл жерде 0,3 пунктке ғана төмендеді, бұл статистикалық қателік аясында қалыпты жайт. Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанда инфляциялық күтулер аздап артқанын атап өтуге болады. Қазақстанда басқа елдерге қарағанда, доллар бағамының өсуі мен теңгенің әлсіреуі жағдайында өсу айтарлықтай жоғары» – дейді Freedom Finance Global сарапшысы.

Қазақстаннан экспортты шектеу аясында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда бағалары күрт көтерілген ұн бүкіл өңір үшін ең өзекті және өткір тақырып болды. 10 респонденттің 7-сі аталған өнім бағасының үдемелі түрде қымбаттағанын байқады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш біршама төмен.

Қыркүйек айындағы зерттеудің үшінші толқыны Орталық Азияның төрт елі тұрғындарының тұтынушылық сенімін көбінесе екінші тамыз толқынының нәтижелерін растады. Кейбір елдерде белгілі бір үдерістердің орын алуы туралы байыпты қорытынды жасауға болады, олар іргелі ерекшеліктермен, ресми статистикамен, БАҚ-тағы хабарламалармен және ұлттық валюталардың баға белгілеу қозғалысымен түсіндіріледі. Сондай-ақ жалпы өңірде бір ғана тауардың кейбір экономикалық байланысы байқалады. Егер өткен жолы күріш белгіленсе, онда бұл жолы ондай тауар ұн болып шықты. Мұндай анық және толық көрініс Орталық Азия өңірінің барлық негізгі экономикалық агенттеріне пайдалы болуы мүмкін.

 

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/feed/ 0
AERC: 2023 ж. ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жетеді https://qazaqpress.kz/2023/02/21/aerc-2023-zh-aqpan-ajynda-qazaqstandaghy-zhyldyq-inflyaciya-koersetkishi-2106-denggejge-zhetedi/ https://qazaqpress.kz/2023/02/21/aerc-2023-zh-aqpan-ajynda-qazaqstandaghy-zhyldyq-inflyaciya-koersetkishi-2106-denggejge-zhetedi/#respond Tue, 21 Feb 2023 05:06:20 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51174 Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы (AERC) Қазақстандағы инфляцияға байланысты зерттеу жүргізіп, ол өзінің шарықтау шегіне ақпан айында жетеді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

AERC: 2023 ж. ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жету мүмкін

2023 жылдың ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жету мүмкін деген болжам бар. Бұл қаңтар айында байқалған (20,7%) көрсеткіштен де жоғары. Алайда, инфляция ақпан айынан кейін төмендей бастайды деген үміт бар.

Наурызда инфляция 17,84%-ке дейін төмендейді, ал сәуірде 16,57%-ке дейін төмендеп, әрі қарай төмендей береді деп ойлайды. Неге инфляция көрсеткіші төмендеу мүмкін деген сұраққа келер болсақ, алдыңғы жылы инфляцияның базасы жоғары болғанымен, яғни, наурызда – 3,7%, сәуірде – 2,0% болғанымен байланысты болу мүмкін дейді AERC.

Алдағы айларда инфляция төмендей береді деп болжайды AERC. Яғни, ақпан, наурыз және сәуір айларында инфляция көрсеткіші 1,01%, 0,95% және 0,92%-ке дейін төмендейді деген сөз. Бұл қаңтар айындағы (1,1%) көрсеткіштен төмен.

Жуырда AERC «Қазақстанның макроэкономикалық шолуы» деп аталатын елдің алдағы жылға арналған экономикалық болашағы туралы есебін жариялады. Шолуда ЖІӨ өсімі мен инфляция сынды әртүрлі макроэкономикалық ахуалдарға қатысты зерттеу нәтижелерінің қорытындысын ұсынып, бағасы берілген.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/21/aerc-2023-zh-aqpan-ajynda-qazaqstandaghy-zhyldyq-inflyaciya-koersetkishi-2106-denggejge-zhetedi/feed/ 0
Инфляция әлемге аурудай тарап кетті: азаматтардың сатып алу қабілеті бір жылда 0,9%-ке төмендеді https://qazaqpress.kz/2023/02/16/inflyaciya-aelemge-awrwdaj-tarap-ketti-azamattardyng-satyp-alw-qabileti-bir-zhylda-09-ke-toemendedi/ https://qazaqpress.kz/2023/02/16/inflyaciya-aelemge-awrwdaj-tarap-ketti-azamattardyng-satyp-alw-qabileti-bir-zhylda-09-ke-toemendedi/#respond Thu, 16 Feb 2023 05:40:08 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51103 2006-2019 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша орташа айлық көрсеткіші жыл сайын 2%-ке өсіп келе жатқан еді, ең жоғары өсім 2007 жылы – 3,1%-ті құрады. 2017 ж. ең төменгі көрсеткішке (1,4%) қарамастан, бұл халықтың сатып алу қабілеті жайлап артып келгенін білдіреді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ Happy-end-ті COVID-19 бұзып кетті

COVID-19 пандемиясының экономикаға әсері қатты сезілді, бұған 2019-20 ж.ж. аралығында дүниежүзі бойынша жыл сайынғы орташа айлық көрсеткіштің 2%-тен 1,5%-ке дейін төмендегені дәлел. Төтенше жағдай режимініі қабылданғаны жалақысы төмендеу адамдарға көп зиянын тигізді, ал көп жалақы алатындар жұмыстарын сақтап қалды.

2022 ж. инфляция және логистика жүйесінің құлдырауы

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында дүниежүзінде жалақы көрсеткіші орташа есеппен 0,9%-ке төмендеді, оған қоса бұл тенденция Қытайды қоспағанда, одан әрі нашарлап, 1,4%-ке дейін төмендеп кетті. Бұл ішінара 2021-2022 ж.ж. инфляцияның өсуіне байланысты болды және тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келді.

G20 елдеріндегі жалақы

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында G20 елдеріндегі жалақы әлем бойынша орташа көрсеткішке сүйенсек, 0,9%-ке төмендепті. Әсіресе, ЕО мен Ұлыбритания елдерінде құлдырау көрсеткіші жоғары болғаны анықталды – жалақы көрсеткіші шамамен 2,2% төмендеді, ал Ұлыбританиядан тыс елдерде сатып алу қабілеті 2,4% төмендеді.

Алғаш рет Еуропалық Одақта орташа айлық көрсеткіші 2012 жылы төмендеген болатын. Кейінгі жағдайлармен салыстырсақ: сол кезде Ұлыбританияны есептен шығарса, жалақы 0,7%-ке, ал оны да есепке алса, 0,9%-ке төмендегені анықталады.

Орталық және Батыс Азиядағы жалақы

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық және Батыс Азиядағы жалақы көрсеткіші 2,5%-ке өсіп, оны жер шарындағы ең өсімі қарқынды аймаққа айналдырды. Азия-Тынық мұхиты аймағында да жалақы көрсеткіші сәл болса да 1,3%-ке өскені байқалды. Бірақ, Қытайды санамағанда, көрсеткіш 0,7% құрайды. Оң нәтижелі көрсеткіш Біріккен Араб Эмираттарының мемлекеттерінде де байқалды: +1,2%.

Әлемнің өзге аймақтарындағы жалақы көрсеткіші

Жер шарының түкпір-түкпірінде инфляцияның өскенінен және өзге де факторларға байланысты жалақының тұтыну көрсеткіші төмендеді. Шығыс Еуропада тенденция 3,3%-ке төмендеді. Солтүстік Америкада төмендеу көрсеткіші 3,2%-ті құрады, бұл инфляцияның өсуінен және еңбек нарығына төмен жалақылы қызметкерлердің келгенінен болу мүмкін. Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропада инфляцияның кесірінен жалақының тұтыну көрсеткіші 1,9%-ке төмендеді. Латын Америка мен Кариб теңізінде 1,7% төмендесе, Африкада 0,5% құрады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/16/inflyaciya-aelemge-awrwdaj-tarap-ketti-azamattardyng-satyp-alw-qabileti-bir-zhylda-09-ke-toemendedi/feed/ 0
Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында инфляция деңгейі жоғары мемлекеттер қатарында https://qazaqpress.kz/2022/12/21/qazaqstan-eaeo-elderining-arasynda-inflyaciya-denggeji-zhoghary-memleketter-qatarynda/ https://qazaqpress.kz/2022/12/21/qazaqstan-eaeo-elderining-arasynda-inflyaciya-denggeji-zhoghary-memleketter-qatarynda/#respond Wed, 21 Dec 2022 08:58:41 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50373 Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік ететін басқа елдермен салыстырғанда инфляция деңгейі артуда. Соңғы айларда еліміздегі тұтыну бағасы ұйымға мүшелік ететін өзге мемлекеттермен салыстырғанда жоғарылап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, қараша айында Қазақстанның инфляция деңгейі қазан айымен салыстырғанда 1,4%-ке өскен. Қырғызстанда 1,3%, Арменияда 1,1%, Ресейде 0,4% және Беларусь 1,1% өсті.

Соңғы жылда Қазақстандағы инфляция деңгейі 19,6% құрады, бұл көршілес жатқан Қырғызстанның көрсеткіштерімен салыстырғанда 3,6%-ке жоғары. Беларусьте инфляция деңгейі 13,3% болса, Ресей мен Армения көрсеткіштері 12% және 8,8% өскені анықталды.

Қазақстанда тұрмыстық тауарлардың құны да – 27,9%-ке өсіп кетті. Негізі, бұл көршілес елдердегі кез келген басқа тауарлар мен қызметтердің құнынан жоғары. ҚР бөлек бұл тауар түрінің құны тек Қырғызстанда қымбаттап, 20%-тен асқан болатын.

Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлер қызметінің құны да күрт өскені байқалды, есеп барысында шамамен 23,3% құрады. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бағаның өсу тенденциясын азық-түлік пен алкогольсіз сусындар құнынан да байқауға болады, бұл тауарлардың өсімі 24,4% құрады, өзге елдермен салыстырғанда бұл да тым жоғары деп есептеледі. Себебі, ЕАЭО-ға мүшелік ететін елдердің басым бөлігінде инфляция деңгейі 20%-тен кем.

Сонымен қатар еліміздегі көлік қызметтерінің бағасы да өзге елдермен салыстырғанда орташа деңгейден 6,7%-ке жоғары.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/12/21/qazaqstan-eaeo-elderining-arasynda-inflyaciya-denggeji-zhoghary-memleketter-qatarynda/feed/ 0
Инфляция ҚР халық табысына әсер етуде https://qazaqpress.kz/2022/07/28/inflyaciya-qr-halyq-tabysyna-aeser-etwde/ https://qazaqpress.kz/2022/07/28/inflyaciya-qr-halyq-tabysyna-aeser-etwde/#respond Thu, 28 Jul 2022 09:14:39 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=48220 Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда инфляция байқалуда, халық табысына да қатысты сұрақтар туындауда. Ағымдағы жылдың басынан бері халықтың нақты табысы 2,9 процентке төмендеді. Инфляция халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы инфляция халықтың табысына кері әсерін тигізуде

Ұлттық валютаның құнсыздануы мпорттық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне алып келді және инфляцияға себеп болды. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге тарифтер өсуде, бұл да инфляцияның артуына ықпал етті.

Үкімет инфляцияның халыққа кері әсерін азайтуға бағытталған шаралар қолдануда. Бірақ, проценттік мөлшерлемені көтеру арқылы бірқатар шараларды енгізгеніне қарамастан, олар аса тиімді болмады. Үкімет инфляция деңгейін төмендетіп, халықтың табысын қорғау үшін батыл шаралар қабылдау керек. Дегенмен, әзірге нәтиже көріп отырған жоқпыз.

Ресейдегі инфляция да халықтың табысына кері әсерін тигізуде

Өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылдың маусымында Ресейдегі жалпы ішкі өнім 4,9%-ке төмендеді, ал ресейліктердің нақты табысы 6,1%-ды құрады. Инфляция деңгейінің жоғарылауына және экономикалық жағдайдың одан әрі нашарлауына байланысты халықтың нақты табысы төмендеуде.

Мамыр  Минус 4,3%
Сәуір  Минус 2,8%
Наурыз  Минус 1,3%
Ақпан  Минус 4,1%
Қаңтар  Минус 5,7%

Ресей экономикасы 2015 жылдан бері құлдырауда, ал жағдайы тек соңғы жылдары нашарлай бастады. Елдің жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 2,8%-ке, 2017 жылы 1,2%-ке, 2018 жылы 2,3%-ке қысқарды. Экономикалық дағдарыс инвестицияның азаюына, жұмыссыздықтың өсуіне және рубльдің құлдырауына алып келді.

Қазақстан мен Ресей

Ресей мен Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияның жылдық өсімі жоғары деңгейде қалып тұр, ал ай сайын керісінше, нашарлауда – 15,9% және 14,5% құрайды. Бұл екі елдің әл-ауқатына кері әсер етеді.

Ресейде инфляция ықпалының астында азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар қалды, ал Қазақстанда ол азық-түлік және қызмет көрсету салаларына ықпал етуде. Азық-түлік бағасының қымбаттауына ауа райы жағдайлары, рубльдің құнсыздануы және санкциялар сияқты бірқатар факторлар себеп болу мүмкін. Инфляцияның негізгі факторы көлік шығындарымен байланысты.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/07/28/inflyaciya-qr-halyq-tabysyna-aeser-etwde/feed/ 0
Сараптама бойынша 2021 жылы 1,3 миллионға жуық қазақстандық дұрыс тамақтанбағаны анықталды https://qazaqpress.kz/2022/07/07/saraptama-bojynsha-2021-zhyly-13-milliongha-zhwyq-qazaqstandyq-durys-tamaqtanbaghany-anyqtaldy/ https://qazaqpress.kz/2022/07/07/saraptama-bojynsha-2021-zhyly-13-milliongha-zhwyq-qazaqstandyq-durys-tamaqtanbaghany-anyqtaldy/#respond Thu, 07 Jul 2022 08:30:56 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=47955 Қазақстанда 1,3 миллионға жуық адам дұрыс тамақтанбайды. Рационындағы калория мөлшері орташа деңгейден төмен қазақстандықтардың үштен екісі қала тұрғындары, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР халқының калория мөлшері бір жылда 9,2%-ке төмендеп, 2021 жылы адам басына шаққандағы тәуліктік рационы 3111 ккал құрады. Бұл 2016 жылы ҚР азаматының тұтынатын калориясын есепке алу енгізілгеннен бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады Energypom.kz өз зерттеуінде.

ҚР төрт облысында ғана тұтынылатын тағамның энергетикалық құндылығы орташа республикалық деңгейден төмен: Нұр-Сұлтанда (жан басына шаққандағы тәуліктік рационында 2856 ккал), Шымкентте (2981 ккал), Маңғыстауда (3047 ккал) және Қызылордада (3081 ккал).

2021 жылы ең жоғары калориялы тағамды Павлодар (4120 ккал) және Ақмола (3780 ккал) облыстарының тұрғындары тұтынған.

Ескерту: ауыл мен қала тұрғындарының тамақтануындағы калория көлемі өзгеруде: мысалы, егер 2020 жылы ауылдарда тұтынылатын тағамның энергетикалық құндылығы қалалық көрсеткіштен 20 ккал (3417 ккал қарсы 3437 ккал) асып кетсе, 2021 жылы айырмашылық 163 ккал-ға жетті (3044 ккал-ға қарсы 3207 ккал).

Қазақстан Республикасындағы қоректік заттардың энергетикалық құндылығы адам басына шаққандағы тәуліктік рационы 1861 ккал құрайды. 2021 жылы тағамдық калория мөлшері ең төменгі деңгейден асып түсті, 6,7%-ті құрады. Бірақ, бұл 2020 жылғы «корона дағдарысымен» салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш екенін тағы ескеру керек, себебі ол кезде азық-түлік дифициті 4,4% жетті. Оның үстіне, 2016 жылы еліміздегі калорияларды жеткілікті мөлшерде тұтынбағандардың үлесі небәрі 2,7%-ті құраған.

Қазақстан Республикасында толық тамақтанбаған адамдардың саны бір жыл ішінде бір жарым еседен асты: 2020 жылдан 2021 жылға дейін шамамен 468 мың адамға артты (2020 – 832,1 мыңнан 2021 – 1,3 млн. дейін).

Ескере кетелік, рацион дифицитін сезініп жүрген халық саны қалалық өңірлерде өсуде: 89,5%-ке, 845,1 мың адамға дейін, бұл Қазақстан Республикасының жалпы қала тұрғындарының 7,5%-ін құрады, ал 2020 жылы небәрі 4%-ті құраған еді. Ауылдық өңірлерде калория мөлшері ең төменгі деңгейден асып, рацион дифицитін сезінген адам саны 384 мыңды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,7%-ке көп, ал толық тамақтанбаған ауыл халқының үлесі бір жылда 4,2%-тен 4,9%-ке өсті.

2022 жылы қандай азық-түлік қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 ж. маусымында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 19,2%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 13,2%-ке, ақылы қызметтер – 9,2%-ке өсті.

«Азық-түлік нарығында жылдық баға көрсеткіші бойынша құмды-қант – 78,7%-ке, қырыққабат – 72,4%-ке, пияз – 69,3%-ке өсті. Ал картоптың бағасы 9,8%-ке төмендегені байқалды», – деді бюро хабарламада.

Басқа өнімдерге келер болсақ, бір жылда ұн 33,1%-ке, макарон өнімдері – 30,1%-ке, құс еті – 29,7%-ке, жарма – 28,5%-ке, қатты ірімшік – 26%-ке, нан және ұн өнімдері – 25,4%-ке, жаңа піскен жемістер – 25,3%-ке қымбаттады.

Оған қоса азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылдың ішінде 13,2%-ке қымбаттапты.

Мемлекеттік органдардың мәліметінше, жеке қолданысқа арналған тауарлардың бағасы – 23%-ке, жууға арналған тауарлар мен тазалау құралдары – 20,8%-ке, тұрмыстық техника – 19,7%-ке, құрылыс материалдары – 18,6%-ке, жиһаздар мен тұрмыстық заттар – 18,2%-ке, автокөліктер – 15,1%-ке, ыдыс-аяқ – 13,9%-ке, тоқыма тауарлары – 10,8%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 9%-ке өсті.

Ал ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 9,2 процентке өсіпті.

«Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы – 15,9%-ке, денсаулық сақтау қызметтері – 14,7%-ке, санаторийлер – 13,7%-ке, кешенді демалыс ұйымдары – 13,2%-ке, шаштараз және жеке күтім қызметтері – 12%-ке, қонақүйлер – 5,7%-ке өскен және жолаушылар көлігі қызметі 4%-ке қымбаттады», – деп хабарлады статистика агенттігі.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясының ақысы – 7,5%-ке, қоқыс шығару қызметі – 2%-ке, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 1,4%-ке, орталықтандырылған жылыту ақысы – 2,3%-ке, ыстық су тарифі – 0,9%-ке артты.

Онымен қоса жыл басынан бері инфляция 10,5%-ті құрады. Азық-түлік тауарлары – 15,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,4%, ақылы қызметтер – 5,3% артты.

Ал мамыр айында жалпы баға 1,6%-ке өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны – 1,9%, ақылы қызметтер бағасы – 0,8% құрады.

«2022 ж. қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін құру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердің үлесі 29,1% артты», – деп хабарлады бюро.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/07/07/saraptama-bojynsha-2021-zhyly-13-milliongha-zhwyq-qazaqstandyq-durys-tamaqtanbaghany-anyqtaldy/feed/ 0
Бір жылдың ішінде Қазақстанда тұрмыстық техникалар бағасы 18%-ке қымбаттады https://qazaqpress.kz/2022/05/30/bir-zhyldyng-ishinde-qazaqstanda-turmystyq-tehnika-18-ke-qymbattady/ https://qazaqpress.kz/2022/05/30/bir-zhyldyng-ishinde-qazaqstanda-turmystyq-tehnika-18-ke-qymbattady/#respond Mon, 30 May 2022 09:08:13 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=46687 Зерттеу нәтижесінде бір жыл ішінде тұрмыстық техника 18%-ке қымбаттағаны анықталды. Сонымен қатар, қазақстандық отбасыларда қандай тұрмыстық техника жиі кездесетіні анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық отбасыда қандай тұрмыс техникалары бар?

ҚР BNS ASPIR сауалнамасы мен Energyprom.kz зерттеуі бойынша, 2021 жылы қазақстандықтардың 100%-і пешпен, 99,7%-і тоңазытқышпен, 96,1%-і кір жуғыш машинасымен, 94,1% – шаңсорғышмен, 79,1% – микротолқынды пешпен қамтамасыз етілген.

Ал қосалқы тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілу төменлеу: мұздатқыш – 29,6%, мультипісіргіш – небәрі 28%, тігін машинасы – 27,9%, кондиционер – 24,1%, жылытқыш – 18,5%, ыдыс жуғыш машина – 3,4%-і ғана бар.

2021 жылы сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 11,7 мың отбасы қатысты.

Қалада тұратын халықтың кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультипісіргіш, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілу деңгейі ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының тоңазытқышпен, мұздатқышпен, тігін машинасымен қамтамасыздығы керісінше, қала тұрғындарынан жоғары.

Елдегі 100 үйге орта есеппен 102 тоңазытқыш, 102 пеш, 97 кір жуғыш, 95 шаңсорғыш, 79 микротолқынды пеш, 30 мұздатқыш, 28 тігін машинасы, 28 мультипісіргіш, 26 кондиционер, 20 жылытқыш, 4 ыдыс жуғыш машинадан келеді.

Қазақстандағы тұрмыстық техниканың басым бөлігі импортпен келген. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда небәрі 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш өндірілген. Бұл ретте сектордағы импорт саны 144,9 мыңды құрады.

Сонымен қатар, бірінші кварталда Қазақстан Республикасына 150,8 мың кір жуғыш машиналар мен киім кептіруге арналған машиналар, 89,1 мың тұрмыстық шаңсорғыштар, 181,9 мың араластырғыштар, ұсақтағыштар мен шырын сыққыштар және т.б. жеткізілді, олар Қазақстанда өндірілмейді.

Инфляция жүгін әсіресе Алматы облысының тұрғындары сезді. Жылдық көрсеткіш бойынша 21,5% құрады. Инфляциядан зардап шеккендердің ішіне Жамбыл (жылына плюс 20,7%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 20%) облыстары да кірді.
Тұрмыстық техниканың ішінде тоңазытқыштар мен мұздатқыштар – 15,8%-ке, пештер – 17,2%-ке, кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыштар – 22%-ке, шаңсорғыштар – 25,1%-ке қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдемесінде 2022 жылдың сәуірінде Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 13,2% процентті, бір айда 2 пайызды құрады, ал жыл басынан бері инфляция 7,3 процентті құрағаны хабарланған.

Тағы айта кетелік, Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы биылғы жылдың басынан бері индекс құрылымында азық-түлік тауарлары 40,7 процентті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 30,2 процентті, ақылы қызметтер 29,1 процентті құрайтынын айтты.

Оның айтуынша, тұрғын үй коммуналдық қызметтер бағасы да өсімі байқалады. Бір жылда электр энергиясы 10,6 процентке, қоқыс шығару 7,8 процентке, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 3,2 процентке қымбаттады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/05/30/bir-zhyldyng-ishinde-qazaqstanda-turmystyq-tehnika-18-ke-qymbattady/feed/ 0
Қазақстанда баспана бағасы тағы қымбаттады https://qazaqpress.kz/2022/04/11/45352/ https://qazaqpress.kz/2022/04/11/45352/#respond Mon, 11 Apr 2022 07:15:13 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=45352 Соңғы жылдары тұрғын үй бағасы өсуде және инфляция 2022 жылдың наурыз айын да айналып өтпеді: бағаның өсуі қолданылған тұрғын үй мен жаңа салынған ғимараттарды да түртті. Тіпті жалдамалы үйлердің құны қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, нарықтағы қолданылған пәтерлердің бағасы бір жылда 27,7%-ке өсіп, жаңа ғимараттарда бұл көрсеткіш 20,3%-ті құрады. Бірақ сарапшылардың пікірінше, әлі біраз уақытқа дейін жалғасатын бағаның өсу тенденциясы қазақстандықтардың тұрғын үйді алып-сатуға байланысты жасасылған келісім-шарттарының 45,6%-ке өсуіне кедергі болмады.

Жалдау ақысы да өзін көп күттірмеді. 2022 ж. наурызда 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда үй жалдау бағасы 22,5%-ке өсті.

Сонымен қатар, осы жолы бағаның өсуі алдыңғы жылдармен салыстырғанда бүкіл рекордтардан озды. 2022 жылдың ақпан-наурыз айында үй бағасы бір айдың ішінде күрт қымбаттады. Көктемнің алғашқы айында жаңа тұрғын үй бағасының өсу қарқыны 5,5%-ке артқанын көрсетті. Салыстырма ретінде, 2022 жылдың ақпанында өсім 0,4%-ке ғана байқалды.

Қолданылған тұрғын үй нарығында да баға өсіп кетті. Бір айда бағаның өсуі 4,6%-ті құрады. Десе де, бастапқы нарық көрсеткіштеріне қарағанда айырмашылық бар көрінеді, себебі 2022 жылдың ақпанында өсім 5,5%-ке құраған болатын. Демек, болжалғандай бағаның баяулауы байқалады.

2022 жылдың наурыз айында жалға берілетін тұрғын үй ақысы да өсті. Жаңа тұрғын үйлер сияқты жалдамалы пәтерлердің де бағасы наурыз-ақпан бағасымен салыстырғанда 0,6%-тен 3,5%-ке өскені байқалады.

Деректер өте нақты, өйткені орташа көрсеткіштер болжамды бағаға емес, нақты бағаларға сүйеніп жазылған. ҚР Ұлттық статистикалық комитеті Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, баға индекстері облыс орталықтары мен ірі қалалардағы іріктеу байқауының негізінде қабылданады.

Бағалар туралы ақпараттың бәрі тікелей тұрғын үй сататын ұйымдардан алынады. Бірақ орташа жалдау бағасын құрастырған кезде ақпарат ұйымдардың ресми есептерінен емес, жарнамалардың мониторингінен алынады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/04/11/45352/feed/ 0
Сарапшылар: Түрік лирасы неге құнсызданып жатыр және ол Қазақстанға қауіп төндіреді ме? https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/ https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/#respond Tue, 21 Dec 2021 08:48:21 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43857 Түрік лирасының бағамы антирекордтарды үнемі жаңартып отыр. Сарапшылар бұл немен байланысты екенін және теңгенің жағдайы жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін төмендету туралы түрлі үндеулер жиі айтылып келе жатыр.

Бұл несиелерді қолжетімді етіп, инфляция мен халықтың қарыз ауырлығын жеңілдетуі мүмкін

Сонымен қатар, мұндай әрекеттердің қауіптері туралы мамандардың сөздері бұрын теория жүзінде еді.

Алайда, 2021 жылы Түркия бұл шаралар жағдайды тек нашарлатуы мүмкін екендігінің жарқын мысалына айналды.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ресейлік экономист, Чикаго университеті мен Жоғары экономика мектебінің профессоры Константин Сонин жазған болатын.

Орталық банк мөлшерлемесі мен инфляцияны байланыстыру

2020 жылдың қаңтарында 1 АҚШ доллары 7,4 лира болды. Ал ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында бұл мөлшерлеме 17,38 лираға жеткен екен.

Сонымен қатар, осы жылы Түркияның ұлттық валютасы 55%-ке құнсызданды. Ал айырбас бағамы 2021 жылдың соңғы айында 37%-ке құлдырады.

Ресейлік экономистің айтуынша, бұл елдегі жағдай бүкіл әлем үшін таптырмас жақсы тәжірибе болды.

Осылайша, Түркиядағы пайыздық мөлшерлеме 2021 жылдың тамыз айынан бастап қараша айында 19%-тен 15%-ке дейін төмендетілді.

Өйткені, мемлекет басшысы елдің орталық банкінің пайыздық мөлшерлемесін төмендету инфляцияның да төмендеуіне оң әсерін тигізуі керек деп есептейді.

Дегенмен, ресми деректер бұл керісінше әсер беретінін көрсетеді: елдегі инфляция 2021 жылғы қаңтар айынан қараша айына дейін 6,4%-ке дейін өсіп кетті.

Соның салдарынан үкімет лира бағамын ұстап тұру үшін валюталық интервенцияларды белсенді жүргізуге мәжбүр. Яғни, мемлекеттің ұлттық резерві босқа жұмсалады деген сөз.

Оған қоса, Bloomberg мәліметінше, 2020 жылға арналған мемлекеттік резервтің шамамен 100 миллиард доллары лираны ұстап тұруға жұмсалған.

Жағдайды түзету үшін ұлттық валютаны қолдау бойынша шұғыл шаралар енгізілгені жарияланды.

Алайда Tengenomika телеграм-арнасының хабарлауынша, Түркия үкіметі болжанған мөлшерлеменің көтерілуінің орнына депозиттердің табыстылығына кепілдік беруді көздеп отыр.

Яғни, халықтың ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен залалдарын өтей отырып, депозиттердің кірістілігі базалық мөлшерлеме деңгейінен жоғары қамтамасыз етіледі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда инфляция өсімінің жаңа қаупі бар.

Сондай-ақ Finance.kz телеграм-арнасының хабарлауынша, Түркия президенті жоғары инфляция жағдайында базалық мөлшерлемені тағы 15-тен 14%-ке қысқартқаннан кейін 2022 жылы ең төменгі жалақыны 50%-ке – 4250 лираға дейін арттыратынын мәлімдеді.

Өкінішке қарай, мұндай қадам елді одан да үлкен құлдыраумен қорқытуы мүмкін. Бірақ мұндай экономикалық саясаттың бұрын да болғанын айта кетелік.

Негізсіз мөлшерлемелерді төмендетудің екінші мысалы

Осыған ұқсас мысал Перуде орын алды, олар инфляцияның өсуіне қарсы жалақыны көтеру және базалық мөлшерлемені төмендету арқылы күресуге тырысты.

Бірақ нәтижесінде инфляция 90%-тен 1100%-ке секірді, ал халықтың тұрақты табысы 30%-ке төмендеді. Жағдай 10 жылдан кейін ғана тұрақтанды.

Сарапшылардың пікірінше, егер базалық мөлшерлемені төмендету туралы үндеу белсенді түрде насихатталатын болса, Қазақстан үшін де сондай қауіп төнуі мүмкін.

Еске сала кетелік, қараша айында өсу қарқыны 8,7%-ке дейін төмендегеніне қарамастан, елдегі инфляция проценті жоғары деңгейде қалып отыр.

Сондай-ақ, халық үшін несиені есептен шығару туралы түрлі популистік үндеулер экономикалық жағдайды нашарлатуы мүмкін. Бұл, керісінше, несиені қазақстандықтар үшін қолжетімсіз етіп, азаматтардың борышын одан да ауырлатуы мүмкін.

Бұған дейін сарапшылар да отандық өндірісті ұлғайту арқылы үй шаруашылығының табысының өсуіне, проценттік мөлшерлеменің төмендеуіне және инфляция деңгейіне қол жеткізу қажет екенін айтқан болатын.

Экономиканы дамыту және әртараптандыру жағдайында ғана азық-түлік бағасының төмендеуіне қол жеткізуге болады, ол да өнімдер импортының үлкен үлесі есебінен өседі.

Оған қоса, бұған дейін экономистер доллар бағасы 2022 жылы 500 теңгеге дейін көтеріледі деп болжап отырғанын айтқан едік.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/12/21/sarapshylar-tuerik-lirasy-nege-qunsyzdanyp-zhatyr-zhaene-ol-qazaqstangha-qawip-toendiredi-me/feed/ 0