Иманбек Зейкенов — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 17 Sep 2021 06:42:10 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Иманбек Зейкенов — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Иманбек GQ журналы сыйлығын ұтып алды https://qazaqpress.kz/2021/09/17/imanbek-gq-zhwrnaly-syjlyghyn-utyp-aldy/ https://qazaqpress.kz/2021/09/17/imanbek-gq-zhwrnaly-syjlyghyn-utyp-aldy/#respond Fri, 17 Sep 2021 05:56:31 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42818 Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейдің GQ журалының жыл сайынғы сайысының «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Grammy сыйлығы – аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттарға алғы қадам. Қазақстан диджей әрі продюссер Иманбек Зейкеновтің Рэпер Saint Jhn-нің «Roses» трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған болатын және бұл ол үшін, тек бастамасы екеніне сенімдіміз» – деп жазады басылым.

Еске сала кетелік, 2021 жылдың мамырында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын ұтып алған болатын.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/09/17/imanbek-gq-zhwrnaly-syjlyghyn-utyp-aldy/feed/ 0
«Дауласпаймын» — Imanbek Роза Рымбаеваның пікіріне жауап берді https://qazaqpress.kz/2021/07/06/dawlaspajmyn-imanbek-roza-rymbaevanyng-pikirine-zhawap-berdi/ https://qazaqpress.kz/2021/07/06/dawlaspajmyn-imanbek-roza-rymbaevanyng-pikirine-zhawap-berdi/#respond Tue, 06 Jul 2021 05:23:10 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41629 Imanbek лақап атымен танылған Иманбек Зейкенов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі Effectiverecords арнасының эфирінде Иманбек халық әртісінің пікірі туралы не ойлайтынын айтты.

— Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім. – деді «Грэмми» сыйлығының жеңімпазы.

Айта кетелік, Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында Зейкеновтың жетістігі сәттілікке балады.

— Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты. – деді халық әншісі.

«Тректің өзінде дыбыстың кейбір сиқыры жасырынғандай, ол дауыстың темпі мен тембрін біріктіретін ерекше формула сияқты» – деді Иманбек Зейкенов The Variety басылымына берген сұхбатында. Осылайша, сол кезде Иманбекті әлемге танытқан, «Грэмми» жүлдесіне жеткізген Roses ремиксі дүниеге келген. Ол ремиксті бүкіл дүние жүзі тыңдайтынына күмәнмен қарап, тек «ВКонтакте» желісінде жариялаған. Артынша үлкен парақшалар осы ремиксті қолдана бастады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/07/06/dawlaspajmyn-imanbek-roza-rymbaevanyng-pikirine-zhawap-berdi/feed/ 0