экспорт — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 20 Oct 2023 05:22:11 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png экспорт — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақстандықтардың тұтынушылық сенімі төмендеп бар жатыр – FFG зерттеуі https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/ https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/#respond Thu, 19 Oct 2023 12:06:06 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59138 Қыркүйекте қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі 100 пунктке жетіп, баяу түрде төмендеуін жалғастырды.

Freedom Finance Global компаниясының макроэкономикалық зерттеуіне сәйкес мұндай жағдай Қазақстанның 3600 тұрғынына телефон арқылы жүргізілген сауалнама негізінде екінші ай қатарынан байқалып отыр.

Индекстің төмендеуінің басты факторлары соңғы жылдағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне және ірі сатып алулар жасау үшін қолайлы жағдайларға қатысты мәселелер болды. Егер тамызда қазақстандықтардың 18,2%-ы ел экономикасы қандай да бір дәрежеде жақсарды деп есептесе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 16,4%-ға дейін төмендеді.

Ең пессимистік өңір Павлодар облысы болды, онда экономикалық жағдайда орын алған өзгерістер индексі 61,9 пунктке жетті, ал 86,6-90,1 пункт жинаған Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстары көшбасшылар қатарында болды.

Қазіргі жағдайлардың ірі сауда үшін қолайлы болуы мәселесі бойынша қазақстандықтардың 62,5%-ы теріс жауап берді, мұнымен респонденттердің 29,4% ғана келіспеді. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарында жоғарыда аталған үштік: Атырау, Жетісу және Маңғыстау тұр. Тізімдегі соңғы орында Шығыс Қазақстан облысы болды, онда респонденттердің 21%-ы ғана ірі сатып алулар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті.

Жоғарыда аталған екі қосалқы индекстің төмендеуіне қарамастан, құлдырау жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күтудің өсуімен біршама өтелді. 49,4% қазақстандық бір жыл ішінде материалдық жағдайының жақсаруын күтеді (47,7% – тамызда). Шымкент қаласы көшбасшы атанды, онда тұрғындардың 60%-ы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтеді, ал соңғы орынға Шығыс Қазақстан облысы табан тіреді, бұл көрсеткіш 34%-ға ғана  жетті.

Қазақстандықтардың инфляциялық болжамы қыркүйек айында күрт өсті. Бағаның өсуін күтетіндердің үлесі бір ай ішінде 20,7-ден 26%-ға дейін, ал 12 ай ішінде 21,9-дан 26,3%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер бақылаудың көптеген айларындағы ең жоғары көрсеткіштер болып шықты. Алдағы бір айға күтілетін жағдайда көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бастап ең жоғары, ал бір жылға күтілетін жағдайда – 2022 жылғы қарашадан бастап ең жоғары болып табылады.

«Инфляциялық күтулерге қыркүйекте доллар бағамының 4,4% өсуі әсер еткен болуы мүмкін. Оның үстіне бағамның өсуі бойынша күтулер де өсті: Қазақстандықтардың 56,4%-ы доллардың теңгеге шаққандағы бағасы бір жылдан кейін (тамызда – 54,7%), ал 38,5% – (тамызда – 34%) бір айдан кейін өседі деп күтуде. Бұл көрсеткіштер зерттеудің барлық уақытында рекорд жасады», – деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаев.

Қазақстандықтардың жекелеген тауарлары мен қызметтері арасында нан және нан-тоқаш өнімдері, ұн, ет және құс, сүт және сүт өнімдері бағасының өсуі көпті алаңдатады. Осы санаттардың барлығы бойынша 32,5-тен 35,2%-ға дейінгі респондент қыркүйекте бағаның күшті өсуін байқаған. Екінші ай қатарынан бензиннің қымбаттауына алаңдаушылардың үлесі (10,6%-ға дейін), сондай-ақ ТКШ қызметінің құнына алаңдайтындардың үлесі 12,8%-дан 11,8%-ға дейін төмендеуін жалғастыруда.

Тұтынушылық сенімділік индексін зерттеу Орталық Азияның басқа елдері – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда да бір мезгілде жүргізіледі. Қыркүйек айында Қазақстаннан басқа өңірдің барлық елдері тұтынушылық сенімнің жақсарғанын көрсетті.

«Біздің ел бұл топтан біршама шығып кетті, бірақ бұл жерде 0,3 пунктке ғана төмендеді, бұл статистикалық қателік аясында қалыпты жайт. Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанда инфляциялық күтулер аздап артқанын атап өтуге болады. Қазақстанда басқа елдерге қарағанда, доллар бағамының өсуі мен теңгенің әлсіреуі жағдайында өсу айтарлықтай жоғары» – дейді Freedom Finance Global сарапшысы.

Қазақстаннан экспортты шектеу аясында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда бағалары күрт көтерілген ұн бүкіл өңір үшін ең өзекті және өткір тақырып болды. 10 респонденттің 7-сі аталған өнім бағасының үдемелі түрде қымбаттағанын байқады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш біршама төмен.

Қыркүйек айындағы зерттеудің үшінші толқыны Орталық Азияның төрт елі тұрғындарының тұтынушылық сенімін көбінесе екінші тамыз толқынының нәтижелерін растады. Кейбір елдерде белгілі бір үдерістердің орын алуы туралы байыпты қорытынды жасауға болады, олар іргелі ерекшеліктермен, ресми статистикамен, БАҚ-тағы хабарламалармен және ұлттық валюталардың баға белгілеу қозғалысымен түсіндіріледі. Сондай-ақ жалпы өңірде бір ғана тауардың кейбір экономикалық байланысы байқалады. Егер өткен жолы күріш белгіленсе, онда бұл жолы ондай тауар ұн болып шықты. Мұндай анық және толық көрініс Орталық Азия өңірінің барлық негізгі экономикалық агенттеріне пайдалы болуы мүмкін.

 

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/10/19/qazaqstandyqtardyng-tutynwshylyq-senimi-toemendep-bar-zhatyr-ffg-zerttewi/feed/ 0
CT-KZ сертификатын беру ережелері өзгертілді https://qazaqpress.kz/2022/08/09/ct-kz-sertifikatyn-berw-erezheleri-oezgertildi/ https://qazaqpress.kz/2022/08/09/ct-kz-sertifikatyn-berw-erezheleri-oezgertildi/#respond Tue, 09 Aug 2022 08:46:16 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=48407 2022 ж. 5 тамызда Сауда және интеграция министрлігі «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде тауардың мемлекет өнімі екендігі туралы сертификат беру қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережелер сертификаттарды беру процесін тиімді етуге арналған, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

CT-KZ сертификаттары бірден жойылмайды

Өзгерістерге сәйкес, бұдан былай егер CT-KZ жүргізген ішкі аудит тауардың шығу талаптарына әсер етпесе, заң бұзушылықтар анықталса, CT-KZ сертификаттары дереу жойылмайды. Өтініш берушілерге заң бұзушылықтарды жоюға және CT-KZ сертификатына өзгерістер енгізуге уақыт беріледі. Бұл бизнеске артылатын жүкті жеңілдетеді.

«Қолданыстағы өзгертілген ережеде экспертиза сертификатында грамматикалық қате кетсе, сертификат жойылатын», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Тауарларды мемлекет өнімі ретінде сертификаттау департаментінде.

Мақсат – өнімді сәйкестендірудің біртұтас жүйесін құру

TNVED кодтарына тауарлардың қай мемлекет өнімі екенін анықтауды жеңілдететін біртұтас жүйесін құру мақсатында өзгерістер енгізілді.

Отандық тауар өндірушілердің бастамасымен сауда келісіміне жеке түзетулер енгізілді.

«Фитинг платформаларын өндірушілер үшін жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, бөлек технологиялық операциялар белгіленді. «Трансформатордың қақпағын, жақтауын және түбін салқын штамптау», «крепті қағаз өндіру», «сымға орама қағазды оқшаулау» сияқты операциялар трансформаторлардың барлық түрлері үшін қарастырылмағандықтан, трансформатор өндірушілеріне қойылатын талаптар өзгертілді. Өнім өндірісін дамытуға байланысты мата өндірушілері өзгерістер енгізді», – деп толықтырды ведомствода.

Бұл экспорттаушыларға өтінімді толтыруды жеңілдетеді

«Атамекен» Қазақстан мұндай сертификаттарды беру туралы келісімге әлі қол қоймаған елдерге экспортталатын тауарлардың мемлекеттік таңбасы туралы бейресми сертификатын толтыру тәртібін түсіндірді. Бұл экспорттаушыларға сертификат алуға өтінімді толтыруды жеңілдетеді.

Заң жобасына енгізілген түзетулер заңнамадағы және құқықтық қолданыс тәжірибесіндегі соңғы өзгерістерді айқындайды.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға өзгертулер енгізіліп, бұрыңғы «жергілікті қамту үлесі» ұғымы «тауардағы ішкі құнының үлесі» деген ұғымға ауыстырылды. Бұл өтініш берушінің ұсынған құжаттарының сенімсіздігі анықталған жағдайда анықтама беруден бас тартуға негіз болатын «Көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын толықтыру мақсатында жасалды. Жаңа ережелер заңдардағы екіұдайы ой мен түсініксіз жасырын детальдарды азайтуға бағытталған.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификаттарды беру ережелеріне енгізілген өзгерістер жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Алайда өзгерістер әлі жарияланған жоқ.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/08/09/ct-kz-sertifikatyn-berw-erezheleri-oezgertildi/feed/ 0