экспорт-импорт — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Tue, 16 Aug 2022 08:08:41 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png экспорт-импорт — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақстан газдың жартысын сатып жүр, ал халықтың 42% газсыз өмір сүріп жүр. https://qazaqpress.kz/2022/08/16/qazaqstan-gazdyng-zhartysyn-satyp-zhuer-al-halyqtyng-42-gazsyz-oemir-suerip-zhuer/ https://qazaqpress.kz/2022/08/16/qazaqstan-gazdyng-zhartysyn-satyp-zhuer-al-halyqtyng-42-gazsyz-oemir-suerip-zhuer/#respond Tue, 16 Aug 2022 08:05:46 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=48504 Қазақстан өндірілген газдың жартысынан көбін экспортқа аударуда, ал халықтың 42% оған қол жеткізе алмай жүр. Оның үстіне, екі жылдан кейін ресурс тапшылығы болатыны болжануда, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы газ өндіру мен тұтыну мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл ел көгілдір отынға бай және ОПЕК-тің 2020 жылғы мәліметінше газ қоры бойынша әлемде 19-шы орында. Дегенмен, Қазақстанда газға деген сұраныс жыл сайын тұрақты түрде өсуде және қолда бар ресурстар жетпеу мүмкін. Бұл туралы Energyprom.kz өз зерттеуінде хабарлады.

Тұтыну деңгейі өсетін болса сарапшылар 2024 жылдан бастап Қазақстанда газ тапшылығы болады деп болжайды. Ішкі нарықтағы сұраныс көлемі қолда бар газ ресурстарынан шамамен 1,7 млрд текше метрге асады деген болжам бар.

2015-2021 жылдар аралығында газ тұтыну шамамен 7 миллиард текше метрге артты, ал болашақта ол тек өсетін болады. Оның өсіміне жаңа өнеркәсіптік нысандар мен газхимиялық ірі жобалардың іске қосылуы ықпал етуде. Газ экологиялық таза отынға көшу процесінде маңызды ресурсқа айналады.

Елімізде кез келген өндіріс түрін құруға дайын инвесторлар көмірді емес, газды пайдаланғысы келетіндер көбейіп келеді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің 2017 жылғы зерттеуіне сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясының 25-30% газдан алыну тиіс.

Дегенмен, ішкі газдың айтарлықтай бөлігі бұрынғысынша халықтың қажеттіліктеріне бағытталған, бұл үкіметтің басым энергетикалық саясаты болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейі 57,67% құрады, яғни 11 миллион адам газға қол жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстандағы газдандырылған ауылдар мен қалалардың 40% астамы екі облыстың үлесіне тиеді.

Қазақстандағы «газдандырылмаған» халықтың 42%, яғни 8 миллионнан 9 миллионға жуық адам газсыз өмір сүріп, көмірді жылу көзі ретінде пайдаланып жүр.

Елдегі газдандырудың проблемалары тек инфрақұрылымдық сипатта. Жыл сайын газдандыруға мемлекеттік бюджеттен шамамен 40 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Газдандыру жобалары жүзеге асып жатыр дейді шенеуніктер, бірақ қағазбастылық, жемқорлық, зауыттық апаттар мен газ бағасының арзандығы кедергі келтіруде.

Халықтың жартысына жуығы бұл ресурсқа қол жеткізе алмағанына қарамастан, Қазақстан өндірілген газдың тек жартысынан азын тұтынады және ел ішінде газды тасымалдауға арналған кең ішкі газбен жабдықтау желілерінің жоқтығынан оның көп бөлігін экспортқа шығаруда. Орта есеппен 2010-2021 жылдар аралығында Қазақстан жылдық газ өндірудің 58%-ін экспорттаған.

«QazaqGaz» АҚ басқарма басшысы Санжар Жаркешов елімізде жаңа жобаларды іске қосу, сондай-ақ газды алауда жағу және қайта айдау орнына өңдеу арқылы газ өндіруді арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Жалпы газдандыру схемасын жүзеге асыру жеке инвестицияларды және газ таратушы тәуелсіз ұйымдарды тарту арқылы жалғасады», – деді ол парламенттегі үкімет сағатында.

Сонымен бірге, Жаркешовтың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстанның газ саласы дағдарысқа ұшырап, ел газ экспортын тоқтату мүмкін. Үкіметте бұл жағдайдан шығудың нақты жоспары жоқ. Есесіне тұрғындар үшін көгілдір отынның құнын көтеру туралы әңгімені тағы бастауға негіз болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды қайтадан экспорттан ішкі нарыққа бағдарлау – валюталық түсімдердің жоғалуына және сауда балансының нашарлауына алып келетін мәжбүрлі қадам деді.

«Сондықтан бұл мәселені шешу үшін, ресурстық база мен газды өңдеуді ұлғайту бойынша жүйелі шаралар қажет. Газ өндіру мен өңдеуді ұлғайту арқылы ғана мемлекет экспорттан пайда тауып, ішкі қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алады», – деді Тоқаев.

2023 жылы Қазақстанда газ тапшылығы басталу мүмкін

Бұл туралы Forbes.kz сайтына берген сұхбатында «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты.

Тауарлық газ тапшылығы 2023-2024 жылдар аралығында болу мүмкін. Дегенмен, қазір өндірілетін қорлар бойынша тапшылық байқалмайтынын айтты: 3,8 триллион текше метр 100 жылға жету мүмкін.

Сондай-ақ қазіргі таңда Қазақстанда жылына 21 миллиард текше метр газ тұтынылса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 38 миллиардқа дейін артады деп ойлайды Жаркешов. Қазақстанда газ химиясы саласындағы мегажобалар жүзеге асырылуда (мәселен, Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешені) – бұл газдың жаңа ірі тұтынушылары.

Газ ESG мен энергиялық ауысымда маңызды рол атқаратын ресурсқа айналуда. Елімізде кез келген өндіріс түрін құруға дайын инвесторлар көмірді емес, газды пайдаланғысы келетіндер көбейіп келеді. Ал, 2017 жылы Энергетика министрлігінің зерттеуіне сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы электр қуатының 25-30% газдан алыну тиіс.

Қазақстанда тауарлық газға сұраныс экспоненциалды түрде өсуде. Бірақ, қазіргі баға мен тарифтік реттеу жанармайдың тапшылығына алып келу мүмкін. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін газды оптом бағамен сатылуда, көгілдір отынды кез келген газ таратушы ұйым, мейлі ол жеке компания болсын, мейлі «ҚазТрансГаз Аймақ» болсын, ұлттық компаниядан сатып алуда, сондай-ақ газды жер астында тасымалдау және сақтау қоймаларын мемлекет бекітеді.

Қазіргі уақытта 1000 текше метрдің бағасы мынадай: сатып алу бағасы – 13 750 теңге, тасымалдау – 11 459 теңге, көтерме баға – 14 327 теңге.

«Газ саласы дағдарысқа ұшырайтыны сөзсіз», – деп түйіндеді спикер.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/08/16/qazaqstan-gazdyng-zhartysyn-satyp-zhuer-al-halyqtyng-42-gazsyz-oemir-suerip-zhuer/feed/ 0