дзюдошы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Tue, 27 Jul 2021 07:20:13 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png дзюдошы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовке жаңа көлік сыйға тартылды https://qazaqpress.kz/2021/07/27/tokio-olimpiadasynyng-zhueldegeri-eldos-smetovke-zhanga-koelik-syjgha-tartyldy/ https://qazaqpress.kz/2021/07/27/tokio-olimpiadasynyng-zhueldegeri-eldos-smetovke-zhanga-koelik-syjgha-tartyldy/#respond Tue, 27 Jul 2021 06:45:17 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41995 Токио Олимпиадасында Қазақстанның қоржынына алғаш рет жүлде салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әуежайда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды.

Қазақстандықтар Сметовті әуежайдан шашу шашып күтіп алды. Жанкүйерлер Елдосқа арналған түрлі плакат алып шықты. Күтіп алушылар арасында спортшының алғашқы бапкері де болды.

— Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім – деді дзюдошы.

— «Алтын» армандап барсам да, бұйырғаны «қола» болды. Оған да қатты қуандым. Өйткені күллі қазақ мен үшінші орын алғанда «Елдостың қоласы бізге алтыннан артық» деп жар салды. Енді міне құшақтарын ашып күтіп алып жатыр. Бұдан артық бақыт бар ма? – деді Елдос.

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Елдос Сметов 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысу туралы ойын айтты.

— Шынымды айтсам, мен үшін төртжылдықтың жарысы енді аяқталды. Сондықтан әлі өз-өзіме келіп үлгермедім. Қазір демалыс алып, денсаулығымды түзеймін. Осыған дейін жиналып қалған жарақаттарымды емдеймін. Егер бәрі жақсы болып, күресуге мүмкіндік болып жатса неге ел үшін, жер үшін күреспеске? Спорттық карьерамдағы басты арманым — Олимпиаданың алтынын алу, – деп айтты Сметов.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/07/27/tokio-olimpiadasynyng-zhueldegeri-eldos-smetovke-zhanga-koelik-syjgha-tartyldy/feed/ 0