Дәурен Абаев — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 21 May 2021 15:18:44 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Дәурен Абаев — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Президент Әкімшілігінде «Ирина Қайратовнаның» сұхбаты жайлы пікір білдірілді https://qazaqpress.kz/2021/05/21/prezident-aekimshiliginde-irina-qajratovnanyng-suhbaty-zhajly-pikir-ajtyldy/ https://qazaqpress.kz/2021/05/21/prezident-aekimshiliginde-irina-qajratovnanyng-suhbaty-zhajly-pikir-ajtyldy/#respond Fri, 21 May 2021 10:00:01 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=40787 Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ирина Қайратовнаның» сұхбаты жайлы ресейлік журналисі Юрий Дудьқа өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-қа сілтеме жасап.

«Ашық диалог 2.0» жобасы аясында Дәурен Абаев «Ирина Қайратовна» топ мүшелерінің патриоттылығы жайлы пікірін айтты.

— Сіз «Ирина Қайратовнаның» сұхбатын көрдіңіз бе?

— Толық көргенім жоқ.

— Олар өз елінің патриоттарына ұқсай ма? Сіздің ойыңыз.

— Көріп, естігеніме сенетін болсам, онда иә.

— Сонымен қатар олар билікті өте қатты сынаған болатын, бұл туралы қандай пікірдесіз?

— Олар бұған құқылы. Бірақ елімізде билікті сынап жүрген тек олар емес. Бұл зайырлы мемлекет үшін қалыпты жағдай. Әрине, кейбір пікірлерімен келіспеймін, ал кейбір тезистерімен жартылай ғана келісемін. Ал жалпы алғанда көптеген жақсы ойлар айтылды. Бұл үшін оларға тек ду қол шапалақ ұру керек. Мұндағы назар аударатын басты мәселе – ұл, қыздардың ел тағдырына деген жанашырлығы ғой. Бұл біздің жаңа мәдени толқынымыздың жақсы белгісі. Соңғы жылдары талай жаңа шығармашыл жастар өсіп, қалыптасқан көрінеді. Олардың ішіне әншілер, әртістер мен вайнерлер ғана емес, сонымен қатар көптеген жас суретші, кино-әртіс, театр және кино режиссерлері мен фотографтар және т.б. жатады. Олардың көбісі қазақ тілін әлемге танытуына үлкен еңбектерін сіңіріп жүр. Олар мұны жастар арасында заманауи, ұсынысқа ие қылдырып жүр. Әрине, өздерін шығармашылық бағытта дамытудан бөлек, олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын да жиі жариялап отырады. Кейбір пікірлері өте қатты естілуі мүмкін. Мен мұны да қалыпты жағдай деп есептеймін. Алайда үлкен дүние алыстан көрінеді демекші, қалғанын уақыт өз ретіне қояр.

Бұған дейін Юрий Дудь «Ирина Кайратовна» тобының мүшелерімен екі сағаттық сұхбат жүргізгені хабарланған болатын. Сұхбатты түсіру үшін ресейлік журналист өзінің түсірілім командасымен Алматыға ұшқан еді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/05/21/prezident-aekimshiliginde-irina-qajratovnanyng-suhbaty-zhajly-pikir-ajtyldy/feed/ 0