бала туу — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 23 Jul 2021 06:12:29 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png бала туу — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақстанда пандемия кезінде бала туу көрсеткіші артты https://qazaqpress.kz/2021/07/23/qazaqstanda-pandemiya-kezinde-bala-tww-koersetkishi-artty/ https://qazaqpress.kz/2021/07/23/qazaqstanda-pandemiya-kezinde-bala-tww-koersetkishi-artty/#respond Fri, 23 Jul 2021 06:00:00 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41948 Қазақстанда бала туу көрсеткіші артып келеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Пандемия кезінде көрсеткіштер былтырғы жылға қарағанда, 8%-дан асты.

2021 ж. бірінші тоқсанында елде 100,5 мың бала дүниеге келді. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш. Былтырғымен салыстырғанда туылғандар саны 8,4%-ға жеткен еді.2020 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2019 жылға қарағанда 0,8%-ға ғана көп. Салыстырма ретінде 2019 жылы бар болғаны 91,9 мың бала дүниеге келген болатын.

Жалпы Қазақстандағы бала туу деңгейі 2020 жылдың үшінші тоқсанынан арта бастады, 116,7 мың сәби дүниеге келді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Осыған ұқсас көрсеткіштер 2020 жылдың төртінші тоқсанында да болды: 111,7 мың бала дүниеге келді. Бұл былтырғы жылдың тоқсандарымен салыстырғанда 9,5%-ға көп.

Нәтижесінде, 2020 жылы елде 425 мыңнан аса бала дүниеге келді. Бұл 2019 жылға қарағанда 6%-ға көп. Салыстыру үшін, 2019 бен 2018 жылғы туылғандар саны тек 1,3%-ға артқанын айтайық.

Қазақстанда биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша халық саны 18,94 миллион адамға жетті.

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/07/23/qazaqstanda-pandemiya-kezinde-bala-tww-koersetkishi-artty/feed/ 0