апат — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Sun, 05 Nov 2023 08:48:28 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png апат — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады https://qazaqpress.kz/2023/11/05/memleket-basshysy-nepal-prezidenti-ram-chandra-pawdelge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/ https://qazaqpress.kz/2023/11/05/memleket-basshysy-nepal-prezidenti-ram-chandra-pawdelge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/#respond Sun, 05 Nov 2023 08:48:28 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59299 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президентіне және халқына көңіл айтты.

«Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/11/05/memleket-basshysy-nepal-prezidenti-ram-chandra-pawdelge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/feed/ 0
БҚО-да тікұшақ құлай қонды: қаза тапқандардың есімдері анықталды https://qazaqpress.kz/2023/02/24/bqo-da-tikushaqpen-bolghan-qajghyly-oqigha-qaza-tapqandardyng-esimderi-anyqtaldy/ https://qazaqpress.kz/2023/02/24/bqo-da-tikushaqpen-bolghan-qajghyly-oqigha-qaza-tapqandardyng-esimderi-anyqtaldy/#respond Fri, 24 Feb 2023 05:40:53 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51226 Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда құлай қонғанын мәлімдеді. Қаза тапқандардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұжымының атынан 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында болған әуе апатында қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Дүние озғандардың ішінде:

  • Дәулетбай Қанатов (ұшқыш-инструктор)
  • Владимир Афанасьев (екінші ұшқыш)
  • Сиязбек Андосов (бас бортмеханик-инструктор)
  • Жәрдем Досқалиев (жетекші инженер)

Еске сала кетелік, 23 ақпанда Оралдан 54 шақырым жерде Батыс Қазақстан облысында ашық алаңда «Қазавиакөлік» Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 АМТ тікұшағы құлады. Тікұшақ «Қазтрансойл» АҚ тапсырмасымен құбырды айналып өтіпті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бортта бес экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.

Оқиға салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиапас» компаниясының төрт қызметкері қаза тапты. Екі адам зардап шекті. Қону аймағында қатты қарлы боран болған еді.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл құтқару рейсі болғанмағанын, орын алған апаттың құтқару жұмыстарына еш әсер етпегенін айтты. Әуе кемесі сақтандырылған және судай жаңа, 2021 жылы шығарылды, 2022 жылдың мамырында ұшуға жарамдылық сертификатын алды және ағымдағы жылдың қаңтарында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өтті.

Полиция басқармасы тікұшақтың апатты жағдайда қонуына қатысты Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол қозғалысы немесе әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуін бастады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/24/bqo-da-tikushaqpen-bolghan-qajghyly-oqigha-qaza-tapqandardyng-esimderi-anyqtaldy/feed/ 0
Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті: оқиға куәгерлері егжей-тегжейлі баяндап берді https://qazaqpress.kz/2021/06/15/almatyda-policiya-qyzmetkeri-zhayaw-zhuerginshini-qaghyp-ketti-oqigha-kwaegerleri-egzhej-tegzhejli-bayandap-berdi/ https://qazaqpress.kz/2021/06/15/almatyda-policiya-qyzmetkeri-zhayaw-zhuerginshini-qaghyp-ketti-oqigha-kwaegerleri-egzhej-tegzhejli-bayandap-berdi/#respond Tue, 15 Jun 2021 06:52:51 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41243 Куәгерлер Алматыда полиция көлігі себеп болған апаттың мән-жайын айтты. Бұған дейін қызметтік көліктегі жүргізуші 50 жастағы әйелді қағып кеткені хабарланған болатын, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің журналистерге берген сұхбатында әйел көлік жуатын жерде жұмыс істеген. Жұмыстан кейін баласына сертификат табыстау рәсіміне баруды жоспарлады, деді марқұмның туыстары. Олар жол апатына кінәлі адамға ең жоғарғы жазаны талап етеді. Олардың айтуынша, полиция қызметкері үлкен жылдамдықпен келе жатты.

— Полиция көлігі сағатына кемінде жүз шақырым жылдамдықпен жүрді. Ал әйел бес метр жерге ұшып түсті. Өзіңіз ойлап көріңізші, егер ол 40 шақырым жылдамдықпен жүрсе, оның салдары басқаша болар еді. Кінәлінің енді өзін-өзі ақтайтындығына қарамастан, ол өз жазасын тартуы керек – деді марқұмның туысы Сүнгілшаш Айтуғанова.

Журналистер бұл оқиғада кінәлі бас бостандығынан айырылуынан бөлек, едәуір қаржылық өтемақы төлеуі мүмкін деп мәлімдейді. Сонымен қатар полиция қызметкері «Газель» мен автокөлік жууға арналған құралдарды қағып кетті. Соңғысының иесі келтірілген шығынды бір миллионнан астам теңгеге бағалады.

— Шаңсорғыш дәл осы жерде тұрды. Ол соққыдан кейін кофеқайнатқышқа дейін 30-40 метр жерге ұшып кетті. Ондағы әйел де сол жерге құлады. Миллион екі жүз, миллион бес жүзге жуық баға тұратын. Мен оны жалға алдым – деді Юрий Приходько.

Айта кетелік, 14 маусымда таңертең Алатау өңірінде Hyundai Elantra (Хендай Элантра) қызметтік көлігін басқарған полиция қызметкері Өтемісұлы көшесінің бойымен келе жатып, әйелді қағып кетіп, жай тұрған «Газель» ауыр жүк көлігіне соғылды. Апат салдарынан әйел қайтыс болды. Оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Істі Алматы қаласы бойынша ПД Анықтау басқармасы жүргізуде. Ал көлік жүргізушісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/15/almatyda-policiya-qyzmetkeri-zhayaw-zhuerginshini-qaghyp-ketti-oqigha-kwaegerleri-egzhej-tegzhejli-bayandap-berdi/feed/ 0
Әйелді қағып кеткен полиция қызметкері кінәсін мойындады https://qazaqpress.kz/2021/06/14/aejeldi-qaghyp-ketken-policiya-qyzmetkeri-kinaesin-mojyndady/ https://qazaqpress.kz/2021/06/14/aejeldi-qaghyp-ketken-policiya-qyzmetkeri-kinaesin-mojyndady/#respond Mon, 14 Jun 2021 09:11:43 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41212 Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі әйелді қағып кеткен полиция қызметкерінің тергеу кезіндегі түсірілген бейне-ролигін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай апаттың мән-жайын баяндап берді.

Мен, Бақтияр Төлеутай, Алатау облысының полициясында жұмыс істеймін. Бүгін, 14 маусымда, таңғы сағат 06.45 шамасында мен Өтемісов көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жаттым. Алда көлік солға бұрылуды көздеді, мен апаттан сақтануға тырысып, солға бұрылдым. Содан кейін мен көлік жуатын орынға кіріп, байқамай бір әйелді қағып кеттім. Мен өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын. Марқұмның туыстарына шын жүректен көңіл айтамын» – деді полиция қызметкері.
Оқиға 14 маусымда таңертең Алатау өңірінде орын алды. Hyundai Elantra (Хендай Элантра) қызметтік көлігін басқарған полиция қызметкері Өтемісұлы көшесінің бойымен келе жатып, әйелді қағып кетіп, жай тұрған «Газель» ауыр жүк көлігіне соғылды. Апат салдарынан әйел қайтыс болды.
Оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Істі Алматы қаласы бойынша ПД Анықтау басқармасы жүргізуде. Ал көлік жүргізушісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/14/aejeldi-qaghyp-ketken-policiya-qyzmetkeri-kinaesin-mojyndady/feed/ 0