ана — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 18 May 2022 09:30:46 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png ана — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Босануы қиын болған әйелдерге Қазақстанда қандай жәрдемақы қарастырылған https://qazaqpress.kz/2022/05/18/46362/ https://qazaqpress.kz/2022/05/18/46362/#respond Wed, 18 May 2022 09:29:16 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=46362 Қазақстандық әйелдердің жүктілігіне және босануына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері декретте болған күн санына байланысты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Босануы қиын өткендерге қандай жәрдемақы беріледі

Әйелдер бұл жеңілдіктерді жүктіліктің 30-шы аптасынан бастап ала алады.

Ана болуға дайындалып жатқан ресми жұмыс істейтін қазақстандық әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) екі әлеуметтік жәрдемақы мен мемлекеттен бір реттік жәрдемақы алуға құқылы.

Ең алдымен жүктілігі мен босануына байланысты табыс көзінен айырылған жағдайда декреттік демалыстағы әйел уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан кейін, бір рет берілетін әлеуметтік жәрдемақыға жүгіне алады.

Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері еңбекке жарамсыздық парағында жұмыс істемегені туралы жазылған күн санына байланысты.

Бала туылғаннан кейін әйел мемлекеттен біржолғы жәрдемақы алады. Алғашқы үш балаға 38 АЕК (2022 жылы 120 840 теңге), төртінші және одан кейінгі балаларға 63 АЕК (200 340 теңге) құрайды.

Ал бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы (зейнетақы жарнасын ұстауды есепке алмасақ) бала күтіп жүрген ата-ананың орташа айлық жалақысының 40%-не тең.

Сонымен қатар егер екінші және үшінші жәрдемақыларын алдын ала есептей алсақ та, бірінші жәрдемақыға байланысты декреттік құжатқа қанша ауру күні жазылатынын болжау мүмкін емес.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/05/18/46362/feed/ 0
Баян Мақсатқызы әже атанды https://qazaqpress.kz/2022/01/18/bayan-maqsatqyzy-aezhe-atandy/ https://qazaqpress.kz/2022/01/18/bayan-maqsatqyzy-aezhe-atandy/#respond Tue, 18 Jan 2022 08:13:38 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=44231 18 қаңтарда Баян Мақсатқызының қызы – Айсәуле Бақытбектің ана атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Бүгінгі түн ұзақ болды, қызым ана атанды! Енді біздің сұлу қызымыз бар! Анасы да, баласы да өздерін тамаша сезініп отыр. Біз бақыттымыз! – деді Баян Мақсатқызы

Нәрестенің аты әлі белгісіз.

Баян Мақсатқызының тіркелушілері оның қуанышына ортақ болды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/01/18/bayan-maqsatqyzy-aezhe-atandy/feed/ 0