алаяқтар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 02 Jun 2021 07:31:53 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png алаяқтар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады https://qazaqpress.kz/2021/06/02/ulttyq-bank-habarlajdy/ https://qazaqpress.kz/2021/06/02/ulttyq-bank-habarlajdy/#respond Wed, 02 Jun 2021 07:22:04 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41021 ҚР Ұлттық банкі қазақстандықтарды банк атынан хабарласатын алаяқтар жайлы ескертті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Олар азаматтың жеке шотындағы қаржысына көз тігіп, жеке құпия мәліметтерді сұрайды.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтіндерін, ақшалай есеп айырысулар мен есептік операцияларды жүзеге асырмайтынын айтты.

«Ұлттық Банктегі шоттар тек Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және заңды не шектеулі тұлғалардың есептік операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Банк қаражат жіберуді сұрайтын электронды хаттар мен жасырын телефон қоңырауларға назар аудармауға кеңес береді. Белгісіз банктік шоттардан ақша алудың күтпеген мүмкіндігі туралы хабарламалар немесе қоңыраулар болса – ол алаяқтардың әрекеті.

«Күдікті хаттар немесе «Ұлттық банктен» ақша аудару туралы қоңыраулар түскен жағдайда, сіз құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек», – деді банк.

Еске сала кетейік, жуырда WhatsApp мессенджерінде Disney компаниясының атынан сауалнамаға қатысып, ақшалай сыйлықтар алу мүмкіндігі туралы сілтеме тараған еді. Disney компаниясы халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға сыйлықтар береді деп айтылған.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/02/ulttyq-bank-habarlajdy/feed/ 0