Әсел Айтбаева — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Thu, 27 May 2021 09:34:50 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Әсел Айтбаева — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты күдікті 2 айға қамауға алынды https://qazaqpress.kz/2021/05/27/aesel-ajtpaevanyng-oelimine-qatysty-kuedikti-2-ajgha-qamawgha-alyndy/ https://qazaqpress.kz/2021/05/27/aesel-ajtpaevanyng-oelimine-qatysty-kuedikti-2-ajgha-qamawgha-alyndy/#respond Thu, 27 May 2021 09:16:03 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=40921 Нұр-Сұлтан қаласының соты Грузияда Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты іс бойынша Қылмыстық Кодекске сәйкес күдіктінің қимыл іс-әрекетін шектеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«2021 ж. 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты М. есімді азаматты 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін қамауға отырғызды. Қазіргі уақытта М. азамат Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 4-бөлім, 2-тармағына сәйкес А. есімді қылмыс құрбанын Грузия еліне жұмысқа орналастыру уәдесімен арбалап, оны пайдалану мақсатында келісім жасасты, нәтижесінде А.-ның байқаусыз өліміне себеп болды деген күдікпен қамауда» — деді хабарламада.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Нұр-Сұлтан қ. полициясы Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады. Содан кейін Қылмыстық кодекстің 128-бабы «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан азаматы Әсел Айтбаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде анықталмаған жағдайда қайтыс болды. Қыздың денесі көп қабатты үйдің терезелерінің астынан табылды. Тергеушілер қазақстандық әйелдің өлім алдында зорланғанын анықтады. Жергілікті полиция Зугдиди қаласының тумасы, бұрын зорлау және өзін-өзі өлтіруге шақыру деген айыппен сотталған 57 жасар Бесик Тордуа есімді күдіктіні ұстады. Қайғылы оқиғадан бұрын Әсел досына Тордуамен сөйлескен бір сағаттық аудиожазбасын жіберіп үлгерді. Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып тағып отыр.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/05/27/aesel-ajtpaevanyng-oelimine-qatysty-kuedikti-2-ajgha-qamawgha-alyndy/feed/ 0