100 жылдық мерейтой — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 01 Oct 2021 06:42:32 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png 100 жылдық мерейтой — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақ радиосы: көненің көзімен, ұрпақтың сөзімен https://qazaqpress.kz/2021/10/01/qazaq-radiosy-koenening-koezimen-urpaqtyng-soezimen/ https://qazaqpress.kz/2021/10/01/qazaq-radiosy-koenening-koezimen-urpaqtyng-soezimen/#respond Fri, 01 Oct 2021 05:37:10 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42959 30 қыркүйек күні Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Qazaq radiosý-ның 100 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Қазақтың дәстүрі бойынша университеттің «Дала сазы» оркестрі қонақтарды бірінен соң бірін ілтипатпен қарсы алып, басқан ізін әсем күймен жалғастырып отырды. «Адамды қуантатын да, жұбататын да сөз» деп, халық тәмсілімен қазақ радиосының ерен еңбегін түрте отырып, Е. Бәттәшұлы қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуын бастады. Жиында журналистиканың алпауыт тұлғалары бой көтеріп, студенттерге ыстық ықыластарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Радиотанушы-ғалым Намазалы Омашұлынан бастап, ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ойшыбаев Кемелбек, «Қазақстан» ТРК АҚ Басқарма төрайымы Танысбай Ләззат, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы — Ректор, ҚР ҰҒА академигі,т.ғ.д., профессор Сыдықов Ерлан, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Сақ Қайрат және де радио саласында еңбегі сіңген барлық тұлғалар ат салысты. Өз мамандығының майталмандары жиналған дүйім жұртқа ыстық ықыластарын білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.

Жастар тарихтан сусындап алды. «Дыбыс операторлар күні деп атай береміз бе?» – деген сауалмен Намазалы Омашұлы радионың кешегісі мен бүгінін салыстыра отырып, еске алды. Жүрсін Ерман радионың тәуелсіздікке дейінгі берілген хабарларында айтыс пен өнердің болғаны, рухани және әдеби-мәдени мұраға бай болғаны үшін, «радионы бәрі құлағын түріп тыңдайтын еді» деді.


Сонымен қатар «аттың аласы да бар, құласы да бар» демекші, іс-шара дөңгелек үстелмен жалғасып, Сұлтанхан Аққұлұлы кешегі журналистиканың оңы мен терісі жайлы айтып, қазіргі ұлы тұлғалардың, баяғы жас журналистердің қателіктерін естеріне түсіріп, келешекке нақыл айтқандай болды.

Телерадио журналистикасының ардагері Ғалия Құсайынқызы Балтабай «төл мерекеміз ғой біздің. Әрине, бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Қаншама осы Qazaq radiosý-ның шығармашылық тобына еңбек еткен журналистер болды, режиссерлер, операторлар болды. Соларды қазір еске ала отырып, олар жетпегенге біз жетіп отырғанына қуаныштымыз». Радионың ғасыр тойымен құттықтап, Ғалия Құсайынқызы «Қазақ радиосы» өзге БАҚ-тан оперативтілігімен және көтерер тақырыбының ауқымдылығымен ерекшеленетінін қоса айтты «көлемі жағынан газет, журналдарға, телевидениеге қарағанда ойын жеткізе алатын бағдарламалар дайындайды».

Радио саласында 40 жылдай істеп келе жатқан ардагер, «Шалқар» радиосының сенбі, жексенбі күнгі эфирінің дикторы Күләш Шәмшідинова «қазіргі заманда жастарымыз білімді, журналистеріміз білімді. Жалпы ақпарат саласында жұмыс істеп жүрген журналистер болсын, барлық сол ақпарат саласында жұмыс істеп жүргендер жақсы біліммен жетілген» деп бүгінгі таңның журналистикасы қалай дегенмен қарқынды дамып келе жатқанын мойындады.

«Журналистердің жазған хабарын мен жақсылап тұрып, мәнерлеп оқып беруім керек. Менің өмірдегі бар бақытым – сол журналистердің барлық хабарын эфирге әлемі дауыспен, үнмен жеткізу мен өте үлкен қуаныш. Мен соны өзімнің бақытым деп санаймын» деп, журналист пен диктордың арасындағы тығыз байланысын түртіп кетті.
Жиын соңында Әнуарбек Байжанбаев атындағы «Көркемсөз шебері» республикалық дикторлар байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін «QAZAQ PADIOLARY» ЖШС Бас директоры Ернұр Бураханды және Қазақ радиосының теориясы мен тарихын қалыптастырған ғалым Намазалы Омашұлына тапсырды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/10/01/qazaq-radiosy-koenening-koezimen-urpaqtyng-soezimen/feed/ 0