Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургтары өз тәжірибесінде алғаш рет, иық өрімінің жарақаты кезінде сал болған қолдың функциясын қалпына келтіру бойынша күрделі микрохирургиялық операция жасады.
№ 7 ҚКА-ның Әкімшілігі және А.С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының қолдауымен, дәрігерлердің өте жоғары шеберлігін және клиниканың соңғы үлгідегі арнайы жабдықталуын талап ететін, салданып қалған қолға жан бітіретін (жүйкелендіру) операция жасалды.
№7 қалалық клиникалық аурухана мамандары 26 жастағы пациент 6 ай бұрын жол-көлік апаты кезінде, такси жолаушысы ретінде оң қолының, жауырынның сүйектеріне, іш қуысы ағзаларына зақым келгенін айтты. Жарақаттан кейін бірден оң қолы салданып қалды, бірнеше операция жасалғаннан кейін, пациент № 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтарына көмекке жүгінді.
Мойын түбіршектерінің жұлын түбіршектерінен ажырауы байқалды, бұл оң қол нервтерінің өткізгіштігін қалпына келтіруге мүмкіндік бермеді. Операцияға нервілендіру деп аталатын, яғни жақын маңдағы, оның ішінде сау қолдағы «донорлық» нервтерді жалғауға тура келді. Бірнеше сағатқа созылған операция кезінде оң қолды нервтендіретін барлық нервтер қосылды, тек шынтақ жіліктік жүйкеден басқа, оның бөлігі сау қолдан өткізгіштік беретін трансплантация ретінде пайдаланылды. Операция ресейлік маман Марат Гизатуллиннің, «Жетінші» клиниканың білікті нейрохирургі, профессор Әлімхан Халимовтың және жас әріптестер — Нұрсұлтан Әбілханов пен Райа Өмірзақтың, анестезиолог Марс Ғалымжанның, нейрофизиолог Аида Жайлаубаеваның, операциялық мейірбике Камшат Момбекованың қатысуымен өтті.
«Иық өрімі қол қозғалтқышы болып табылады, себебі оның соңғы тармақтары иық, білек, қол бұлшықеттерін жүйке энергиясымен жабдықтайды, бұл адамға күрделі қозғалыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оған өндірістің түрлі салаларында, соның ішінде өнерде жұмыс істеуге, компьютерде жазуға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көп жылдар бойы жұлын түбіршектерінің бөлінуімен иық өрімінің жарақаты өлімге әкеледі деп есептелді, өйткені оларды жұлынға тігу іс жүзінде мүмкін емес. Осындай зақымданған пациенттер өмір бойы мүгедек болып қалды және олар үшін қол бөгде денеге айналатын.Соңғы жылдары иық өрімінің қалпына келтірілмейтін зақымдануы бар науқастарға операция жасай бастады. Бұл ретте «донорлық» нервтермен иннервацияланған бұлшықеттердің функциясы зардап шеккен жоқ, өйткені функционалдық тұрғыдан маңызы аз бұлшықеттердің іріктемелі нервтердің талшықтары таңдап алынды. Біздің клиниканың жағдайында осындай өте күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік бар, операциялық микроскопты, микрохирургиялық техниканы және интраоперациялық нейромониторингті қолдану арқылы ғана жүргізуге болады», — деді № 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігері Әлімхан Халимов.
«Операциядан кейін сол қолдың сау функциясы зерттеу жүргіздік, оның қозғалыс және сезімтал функцияларының бұзылулары болған жоқ» — деп сөзін қорытындылады дәрігер.
«Жыл соңына дейін осындай екі операция жоспарланған. №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері — түрлі хирургиялық патологиялары бар пациенттерге ең тиімді және жоғары технологиялық көмек көрсететін мамандар. Бұрын мүгедектікке ұшыраған пациенттерге сал болған қолдың қызметін қалпына келтіріп, оларға заманауи медицинаның жоғары мүмкіндіктерін көрсете отырып, жаңа техниканы жетік меңгеру арқылы, дәрігерлер өмірде ғажайыптарды жасауға болатынын дәлелдеді», — деп атап өтті № 7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз