Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханада хабарлағандай, политравма бөлімшесінің 82 жасар науқасының диагнозы -шораяқ — иық буынының артрозы, бұлшық еттер мен сіңірлердің айқын өзгерістері, буын тіндеріндегі қайтымсыз дегенеративті-дистрофиялық процестер, буын беттерінің қажалуы және буын шеміршегінің бұзылуы.
Бұл дерт аяқ-қолдың қалыпты функциясын бұзылуына және біртіндеп иықтың қимыл-қозғалысын шектеуге әкеледі. Пациенттің қалыпты өмір сүруін қалпына келтіру үшін, білікті мамандармен сәтті жасаған ота ғана мүмкіндік береді. Қарт әйелдің айтуы бойынша, ол ұзақ уақыт, 25 жыл бойы, иық буындарының ауырсынуынан зардап шеккен, соңғы кездері ауырсынуды анальгетиктер препараттары да баса алмаған. Пациент түрлі медициналық мекемелерде, әртүрлі бейінді мамандарда: ревматологтарда, терапевтерде, кардиологтарда емделген. Қарт әйел Алматы қаласына Қостанайдан келді, жетінші аурухананың ортопед-травматологтары туралы бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы естіп білген. Клиника дәрігерлері күрделі жарақаттармен қатар, ең аса күрделі жағдайларды қолға алады. Пациентке толық эндопротездеу жасау, белгілі бір деңгейде біліктілікті, мол тәжірибе мен шеберлікті және соңғы үлгідегі заманауи қымбат медициналық жарақтандыруды қажет етеді. Бұл көптеген мамандар жүрексінетін, аса күрделі отаны №7ҚКА-ның хирургтары тәуекел барып, отаны өте сәтті жасап шықты.
Аурухананың травматологтары қандай да бір, аса ауыр жағдайларда ота жасауда мол тәжірибе жинақтаған, бірақ күнделікті тәжірибеде бұндай күрделі жағдай сирек кездеседі. Бұл буынның бұзылған бетін протезбен алмастыруға бағытталған жоғары технологиялық хирургиялық операция. Неғұрлым күрделі және сирек кездесетін клиникалық жағдайларды емдеуде, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген «жетінің» травматологтары бұл жолы да, білек сыбана кірісті.
«Науқастың бұрынғы өмір сүру сапасын жоғалту эндопротездеуге барлық көрсеткіштер болды. Оның ілеспе қосалқы аурулары бар екенін ескере отырып, операция алдындағы ұзақ дайындықты өткізу қажеттілігі болды.
Пациентте иық сүйегінің басы да, жауырынның буын өсіндісі де артроз – глиноидке айналған. Біз иық буынын толық ауыстырдық және оның жағдайына дәл келетін, еуропалық өндірістің қолайлы заманауи эндопротезін орнаттық. Буынның алдыңғы беті бойынша салыстырмалы түрде шағын кесіндіден иық сүйегі басының үстінен оның анатомиялық мойнына сәйкес,сүйек өсінділері мен буын шеміршегінің қалдықтары алынады. Содан кейін ақау протезбен ауыстырылады. Осы операция кезінде иық сүйегінің дөңгелек, дөңес басы жауырынға, ал ойылған буын ойығы иық сүйегіне ауыстырылады. Мұндай тәсілді қолдану, жақсы байланыстырушы тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді және операциядан кейін буынның қалыпты функциясын қамтамасыз етеді», — деді № 7 ҚКА-ның политравма бөлімшесінің меңгерушісі Рамазан Әскеров.
Травматологтар — ортопедтер, анестезиологтар — реаниматологтар, терапевтер мен кардиологтар мамандардан құралған мультидисциплинарлық топтың үйлесімді жұмысының арқасында операция ойдағыдай өтті, ең жақсы нәтижеге қол жеткіздік, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік туды деп сөзін қорытындылады. Операциядан кейін, тура екінші күні ғана науқас өзін жақсы сезініп, жақсы көңіл-күйде болды. Одан кейін зейнеткер өмір сүру сапасының жақсарғанын атап өтті, оның қозғалыс-қимылы көбейді, қазіргі уақытта ол амбулаториялық бақылауға шығарылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз