1 миллион, 500 мың және 100 мың: «Кселл» жетекші мобильді операторы «Миллионер бол» ұтыс ойынының кезекті жеңімпаздарының есімдерін атады. Егер бұрын жеңімпаздар негізінен Түркістан облысы мен Алматы тұрғындары болса, бұл жолы компанияның батыс өңірлеріндегі абоненттерінің жолы болды. Мәселен, Instagram парақшасында өткен ұтыс ойынының нәтижелері бойынша бірінші орынды және 1 млн. теңгелік жүлдені Ақтөбе қаласының тұрғыны — Абдрахманова Регина иеленсе, Ақтау қаласының тұрғыны Рамиль Алиев 500 мың теңгелік ұтыспен екінші орын алды.
Ақтөбелік фармаколог Регина өзін өте бақытты адаммын деп санайды және егер ол шынымен бірнәрсені қаласа, оған қол жеткізетінін және оның тілектері жиі орындалатынын атап өтті. Ұтыс ойынына тіркелгенде ол жүлдегерлердің қатарында болатынын сезіпті. «Кселлден» қоңырау келіп түскенде ол Оралда кезекті іссапарында болып, бұл ұтыс ол үшін жағымды тосын сый болған. Регина балаларды өте жақсы көреді екен, оның өзінің 4 баласы бар және жүлденің бір бөлігін сырқат балаларға жұмсамақ.
«Мен бұрын орфандық аурулар саласында жұмыс істедім және сирек кездесетін сырқаттармен ауыратын балаларды жиі кездестіретінмін және бұл аурумен күнделікті күресетін аналар мен балаларды көрген әрқашан қиын, кейде мұндай жағдайларда медицина дәрменсіз және олар қымбат дәрілерге тәуелді. Сондықтан ұтысымның 10 пайызын Түркістан облысында тұратын, сирек кездесетін нейрофиброматозға душар болған Әлинұр есімді балаға жіберуді көздеп отырмын. Бұл кішкене көмек баланың бір қажетін толықтырса екен деген ниетім бар», — дейді «Миллионер бол» ұтысының жеңімпазы Регина Абдрахманова.
«Миллионер бол» ұтыс ойынының тағы бір жеңімпазы Ақтау қаласының тұрғыны Рамиль Алиев болды. 29 жастағы автомеханик науқан туралы «Кселл» науқаны туралы қосымша арқылы біліп, ойланбастан қатысып, бақ сынап көруге бел буған. Жеңімпаз балаларға көмектесуді көптен бері армандап келеді және ұтыстың басым бөлігін балалар үйіне көмекке жұмсамақ.
Компаниядан қоңырау шалып, жарты миллион жүлде ұтып алғаным туралы хабарлаған кезде бұған мән бермей, сәл кейінірек түсінгенін мойындайды автомеханик.
«Жеңімпаздарды тікелей эфирде жариялаған кезде мен жұмыста болатынмын және қолым тимей жатқан еді, кейін өзім қайта хабарласып, нақтылап сұрадым, шынымды айтсам, алдымен сенбеген едім. Бұрын, әрине, мен түрлі байқаулар мен ұтыс ойындарына қатысқан болатынмын, бірақ мұндай ірі соманы ұтып алуым бірінші рет. Ұтыстың көбіне балалар тағамын сатып алып, балалар үйіне апарым бермекпін. Қалған ақшаға туған-туыстарыма сыйлықтар сатып аламын», — дейді Рамиль Алиев.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 31 қазан аралығында «Кселл» 60 миллион теңгелік жалпы жүлде қоры бар бұрын-соңды болмаған «Миллионер бол» ұтыс ойынын бастады. Апта сайын компанияның жолы болған абоненттерінің бірі 100 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін, ай сайын — 5 миллион теңге ұтып алады, ал үш айдың қорытындысы бойынша бірден 25 миллион теңгелік ұтыс ойыны өтеді. Ұтыс ойынына қатысу үшін activ-те «ТОП +» (M, L, XL, UNLIM) тарифтік жоспарларының бірін немесе Kcell-де — «Жақсылық» (Start, Hit, Pro, Max) тарифтерінің бірін қосып, абоненттік төлемді енгізіп, қатысатыны туралы activ/Kcell суперқосымшаларында растау қажет. Ал ұтыс ойынының барысын Instagram-дағы @activ.kz ресми парақшасында қадағалауға болады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз