Алматыда көлік және қалалық қызметтерді ұсынатын жаһандық платформа inDrive ең үздік жүргізушілерімен кездесу өткізді. Іс-шараға қала ішінде биылғы жылы ең көп сапар жасаған 10 жүргізуші шақырылды.
Платформаның серіктес жүргізушілері компанияның кеңсесіне шақырылып, сервисті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтылды. Жеңімпаздарға жүргізушінің аты жазылған, арнайы тапсырыспен дайындалған көлік нөмірлері, жанармай карталары және басқа да сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, жүргізушілер арасында жол қауіпсіздігі мен қызмет сапасы тақырыбында дәстүрлі викторина ұйымдастырылды.
Компанияның баспасөз қызметі: «Бүгінгі күні біздің компания серіктестерімен бірлескен жұмыстың бірыңғай тәсілін әзірлеп жатыр. Бұл тәсіл жүргізушілерге тұрақты табыс әкелетін платформаның тиімділігін арттырып қана қоймай, серіктестермен ашық диалог орнатуды да қамтиды», — деп атап өтті.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз