5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qazaqpress.
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді.
Екінші орында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей спортшылары түйіндеп тұр.
Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола болса, Францияның құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.
Бүгінге дейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 20 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.
Фото с сайта check-point.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз