Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім гранттарының иегерлерін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.kz.
Бұл гранттар Республикалық комиссияның қорытындысы бойынша тағайындалды, оның құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
Мемлекеттік білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде бөлінді. Конкурсқа жалпы саны 15 196 үміткер қатысты, олардың ішінен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинағандар грантқа ие болды.
Болашақ магистранттардың жоғары оқу орындарына қабылдануы 2024 жылғы 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімімен танысу үшін сілтемені басыңыз.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз