Әне-міне дегенше жаз да өтіп, күз де келіп қалды, мектепке дайындалу уақыты келді. О, бала қанша қаламаса да, мектепке баруы керек! Біз ата-аналарға баланы жазғы демалыстан кейін оқуға қалай дайындау керектігін түсіндіреміз.
Күн тәртібін қалпына келтіреміз
Демалыста күн тәртібі бұзылады: балалар түн ортасы ауғанда жатып, түске қарай оянады. Мектеп жұмысының басталуына бір апта қалғанда, күн тәртібін қалпына келтіруді бастаңыз. Рас, жаз бойы түнгі бір-екіде жататын балаларды, одан кейін кешкі оннан он бірге дейін ұйықтауға мәжбүрлеу және оларды таңғы жетіде көтеру – бос идея. Ұйқы режимін бір уақытта емес, біртіндеп түзеткен жөн, 1 қыркүйекке дейін ол қалпына келеді.
Дұрыс тамақтануға көшеміз
Жаз — бұл ерте тұру, үй тапсырмасын орындау туралы ғана емес, сонымен қатар дұрыс, теңдестірілген тамақтану туралы ұмытып кететін кішігірім өмір кезеңі. Балалардың рационына көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде, таза суды көбірек қосыңыз. Оларға артық тамақтануға және түнде тамақтануға рұқсат бермеңіз, балалардың бір уақытта тамақтануын қадағалаңыз.
Өткен материалдарды қайталаймыз
Ұйқы режимін орнатумен қатар, өткен оқу жылында өткен тақырыптарды қайталай бастаған жөн. Бұл мектептегі жұмыс күндеріне қосылуды әлдеқайда жеңілдетеді. Әрине, ешкім оқулықтарға бірнеше сағат үңілуді талап етпейді, 15-30 минут миды белсенді жұмыс жағдайына келтіру және демалыстан біркелкі шығу үшін жеткілікті.
Гардероб пен оқу құралдарын жаңартамыз
Оқу жылы басталмас бұрын сауда жасау — бұл балалардың жағымды байланыстарын тудыратын оқиға. Егер мектептердегі формаға деген көзқарас өте қатал болса, онда сөмкелер, аяқ киім, спорттық киімдерді өз талғамыңызға қарай таңдауға болады. Балаларға іс-қимыл еркіндігін беріңіз, олар мектепте қажетті заттар мен кеңсе тауарларын өз бетінше таңдасын.
Жұмыс орнын дайындаймыз
Жаздың соңында балалар үй тапсырмасын орындайтын үстелді, жұмыс қалпын кері қайтаратын уақыт туады: қажетсіздерін алып тастаңыз, өйткені демалыста ол мақсатсыз пайдаланылған шығар, мектеп керек-жарақтарын орналастырып, сабақ кестесін үстелге іліп қойыңыз. Мұның бәрі балаға оқуға бейімделуге көмектеседі.
Спорт секцияларын қайтарамыз
Демалыста оқушылар тек оқудан ғана емес, сонымен қатар сабақтан кейінгі уақыттарында айналысатын көптеген спорт секциялары мен үйірмелерден де демалады. Шынында да, таэквондо немесе ағылшын тілі сабақтары емес, көшеде ыстық кезде, күнге және суға жақын болғыңыз келеді. Қыркүйек айында осы сабақтан тыс жұмыстардың барлығы балалардың күнделікті өміріне оралады және кестені біртіндеп толтыру маңызды. Осылайша, балаға мектепке бейімделу оңайырақ болады.
Балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандырамыз
Спорт секцияларының балаларының кестесіне оралуымен бір мезгілде жазатайым оқиғалардан сақтандыруды рәсімдеген жөн. Жаттығу кезінде немесе жарыстарда жүргенде жарақат алу қаупі күнделікті өмірге қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әсіресе, бала жекпе-жек белдесу түрімен айналысқанда немесе футбол сияқты командалық спорттық ойындар ойнағанда. Егер сақтандырылушы сабақ кезінде зардап шегетін болса, полис төлемді қамтамасыз етеді. Jusan Garant-та балаларға арналған спорттық сақтандыруды jgarant.kz. сайтында рәсімдеуге болады. Мұндай полистің құны 1500 теңге құрайды, ал сақтандыру сомасы бір жылға 500 мың теңге болады. Сондай-ақ, Сіз сайтта балалардың жазатайым оқиғалардан сақтандыруды онлайн сатып ала аласыз.
Балаға икемделуге уақыт береміз
Демалыстан кейін мектепке оралу, ересектерге кеңседе жұмыс істеу сияқты қиын. Бірінші оқу аптасында балалардан жақсы бағаларды талап етпеңіз. Мектепке барғысы келмеу және оқуға деген көңіл — күйдің болмауы — қалыпты жағдай. Бірте-бірте бәрі әдеттегі қалпына оралады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз