Air Astana 10 қыркүйектен бастап сейсенбі мен жұма күндері Airbus А320 әуе кемесінде орындалатын Шымкент-Жидда жаңа тікелей рейсіне билеттерді сата бастады.
КС 235 рейсінің Шымкенттен Жиддаға 09.30-да ұшып шығып, Жиддаға 13.05-те ұшып келеді. КС 236 рейсінің Жиддадан Шымкентке 15.35-те ұшып шығады, Шымкентке сағат 23.00-де жетеді. Мұнда әуежайлардың жергілікті уақыты көрсетілген. Ұшу ұзақтығы — 5 сағат 35 минут. Эконом-кластағы барып қайту билеттердің ең төменгі құны алымдардың барлығын қосқанда 384 600 теңге, бизнес-класта — 864 309 теңге. Естеріңізге салайық, Жиддаға ұшулар Алматыдан да бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Сонымен қатар, Астана әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты, Air Astana 8 тамыздан бастап Алматы-Қарағанды тікелей рейсін іске қосады. Рейс елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.
КС 311 рейсінің Алматыдан Қарағандыға 21.20-да ұшып кетіп, Қарағандыға 22.50-де келуі. КС 312 кері рейсі Қарағандыдан Алматыға 23.50-де ұшады және Алматыға 01.20-да келеді. Ұшу ұзақтығы — 1 сағат 30 минут. Эконом-кластағы алымдармен бірге барып қайту билеттердің ең төменгі құны 35 179 теңге, бизнес-класта — 104 529 теңге.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз