Алматы, Қазақстан — Қазақстанда мәнерлеп (синхронды) жүзу өскелең ұрпақ арасында біздің спортшыларымыздың халықаралық спорт аренасындағы табыстары мен үлкен жеңістері аясында танымал болып барады.
Мәнерлеп (синхронды) жүзу — бұл хореография, көркем гимнастика, акробатика және суасты жүзу элементтерін қамтитын эстетикалық және ойын-сауық спорт түрі. Мәнерлеп жүзумен айналысудың пайдасы қыздар үшін де, ұлдар үшін де даусыз, жалпы физикалық жағдайдан басқа, дені сау ұрпақты туу үшін ерлер мен әйелдер денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
Физикалық артықшылықтармен қатар, мәнерлеп жүзумен айналысу стресске төзімділікті, мақсаткерлікті және бәсекеге қабілеттілікті, сондай-ақ төзімділікті дамытады. Бұл дағдылар жеке қасиеттер мен патриотизмді қалыптастыруға ықпал ете отырып, спортта да, жалпы өмірде де маңызды. Алайда, барлық артықшылықтарға қарамастан, Қазақстанда мәнерлеп (синхронды) жүзу елеулі мәселелерге тап болады.
Жаттықтырушылардың тапшылығы, оқытудың қымбаттығы және бассейндердің жетіспеушілігі, тәуелсіз төрешілердің болмауы және олардың біліктілігінің төмендігі, жаттығу базаларының болмауы және қаржының жетіспеушілігі спорттың осы түрін дамыту жолындағы негізгі кедергілер болып тұр. Елімізде 62 бассейн ғана жұмыс iстейдi, бұл мектептердiң жалпы санының 1% -нан азын құрайды (7400-ден астам мектеп). Сонымен қатар, соңғы үш жылда Қазақстанда 321 бала суға батып кетті, бұл жүзу қабілетінің өзектілігін көрсетеді. Жүзу дағдыларын дамыту тек спорттық міндет қана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен балалардың денсаулығына қамқорлықтың маңызды элементіне айналады. Алматы қаласының мәнерлеп (синхронды) жүзу федерациясы (ASFA) осы мәселелерді шешу үшін шұғыл шараларды қолдайды, оның ішінде жаттығу базаларын жақсарту, бассейндерді қол жетімді қылу, білікті жаттықтырушы мен төреші санын ұлғайту, сондай-ақ спорттың осы түрін дамыту үшін қаржыландыруды ұлғайту.
Алматыдағы 57 бассейннiң небәрi 6-сы ғана әлемдiк жаттығу стандарттарына сәйкес келедi және олардың тек 3-уi ғана жарыстар өткiзуге лайық, бұл спорттың осы түрiн дамыту үшiн қиындықтар туғызады, өйткенi бассейннiң техникалық параметрлерi халықаралық белгiленген нормаларға — 25х20 м және тереңдiгi 3,5 м сәйкес келуi тиiс. Сонымен бiр мезгiлде жаттықтырушылар, спортшылар мен олардың ата-аналарының арасында саланы және нормативтiк базаға қол жеткiзудi реттейтiн нормативтiк құжаттар бөлiгiнде хабардарлықты арттыру қажет. Сондай-ақ әкімшілік және есептік үдерістерді цифрландыру туралы мәселе өткір тұр, бұл саланы басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді. Алматыдағы Әртістік жүзу федерациясының президенті Әлия Закария: «Қазақстандағы әртістік жүзу — бұл жай ғана спорт емес, ол кедергілерді еңсеріп, дамуға апаратын жол. Біздің мақсатымыз — әркімнің осы эстетикалық спорт түріндегі өз әлеуетін ашуы және әлемдік турнирлерде елімізге атақ әкелуі үшін жаттығулардың қолжетімдігі мен сапасын қамтамасыз ету. Біз қоғамның, мемлекеттің және спорттық қауымның бірлескен күш-жігерімен спорттың осы түрін дамытып, халықаралық аренада жаңа биіктерге қол жеткізе алатынымызға сенеміз». Қазақстандағы мәнерлеп жүзу тарихы туралы: Қазақстанда мәнерлеп жүзу 1984 жылы Алматы қаласының № 20 БЖСМ директоры Гари Захарович Корноуховтың бастамасымен Украинадан жаттықтырушылар жұбайы Лидия Федоровна Подгурская мен Владимир Валентинович Кузнецов жұмысқа шақырылған кезде басталды. Оларға Қазақстанда жаңа жаттықтырушылардың бастамасымен акробатикалық элементтері бар: сальто, фляктар, судан итеріп шығару бағдарламасын әлемде бірінші болып игерген команда құру үшін 4 жыл жұмыс қажет болды. 1988 жылғы КСРО чемпионатында Қазақстан командасы алғаш рет өзінің инновациялық бағдарламасын көрсетті. Жаңашылдықты дүниежүзі командалары қолдады және бүгінгі таңда мәнерлеп жүзудегі бірде-бір бағдарлама акробатикалық элементтерсіз жүзеге аспайды. Чемпионаттан кейін Қазақстан құрамасының төрт спортшысы резервке, ал егіз қарындастар Башкаевтар КСРО құрамасының негізгі құрамына кірді. Қиындықтарға қарамастан, әртістік (синхронды) жүзуден Қазақстан құрамасы керемет өсім көрсетті! Парижде (Франция) өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде Наргиза Болатова мен Эдуард Ким аралас дуэтте үздік болды (техникалық бағдарлама). 17 жасар талант Виктор Друзин өзімен бірге «күміс» медальді алып кетті! Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында да жеңіске жетті, Виктор Друзин де осы дисциплинада күміс медаль жеңіп алды! Және де, әрине, еркін бағдарламада үшінші орын алған біздің таңғажайып қыздарымызды айта алмаймыз. Бұл жетістіктер-жаттықтырушылардың, спортшылар мен ата-аналардың дарындылығының, табандылығының және спортқа деген адалдығының айқын айғағы!
Бұл табыс қазақстандық спортшыларды 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуды қоса алғанда, жаңа өршіл мақсаттарға ынталандырады. Республикада қазір 545 синхроншы бар.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз