Саркома — сүйек, бұлшықет, май, жүйке немесе қан тамырлары сияқты дененің дәнекер немесе жұмсақ тінінен дамитын қатерлі ісік.
Алматы онкологиялық орталығының дәрігері Әйгерім Ақанованың айтуынша, бұл ерте диагностика мен мамандандырылған емдеуді қажет ететін қатерлі ісіктің сирек кездесетін агрессивті түрі.
Саркоманың нақты себептері толық анықталмаған, бірақ бұл аурудың дамуына ықпал ететін бірнеше қауіп факторы бар: генетикалық бейімділік, радиациялық әсер, химиялық заттардың әсері, Эпштейн-Барр вирусы.
Онкологтың айтуынша, саркоманың белгілері оның орналасуына және мөлшеріне байланысты.
«Денеде пайда болуы мүмкін түзіліске назар аудару керек. Ол мөлшері ұлғайған сайын ауыртуы немесе ауыртпай өтуі мүмкін. Егер ол жүйкеге не бұлшықетке жақын болса немесе ісік буындарға жақын орналасса, ісік аймағындағы ауырсыну орын алады. Жалпы симптомдар ісіктің орналасуына байланысты өзгеруі мүмкін, мәселен, өкпе саркомасы кезінде тыныс алу қиындайды»,- дейді Ақанова Әйгерім Сайлауовна.
Саркоманы емдеу оның түріне, сатысына және орналасуына байланысты. Әдетте бірнеше әдісті қамтитын кешенді тәсіл қолданылады: хирургиялық араласу, сәулелік терапия, химиотерапия, мақсатты терапия, иммунотерапия. Саркома — ерте диагноз қоюды және кешенді емдеуді қажет ететін ауыр ауру.
Кез келген күдікті белгі пайда болған кезде денсаулығыңызға мұқият болу және дәрігерге қаралу маңызды. Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері саркомамен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауруды сәтті емдеуге үміт береді. Есіңізде болсын, ерте анықталған ауруды емдеу оңайырақ, кей жағдайда ол толығымен емделеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз