Ақмола облысында алаяқтық жасаған деген күдікпен Степногор қаласының № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұлов ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ақмола облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобы мен Ақмола облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бірлесіп, ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Степногор қаласындағы № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұловты ұстады», — деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Фото: Sputnik
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз