Технологиялар мен инновациялық шешімдердің жетекші әлемдік флагманы Huawei компаниясы жыл сайынғы Huawei ICT Community іс-шарасын сәтті өткізді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Huawei компаниясының басшылығы, жоғары оқу орындарының ректорлары мен технологиялық компаниялардың басшылары бас қосқан іс-шара цифрлық технологиялар саласындағы соңғы үрдістер мен озық шешімдерді талқылау үшін негізгі алаңға айналды.
Huawei ICT Community — бұл компанияның АКТ саласындағы жас отандық мамандарды қолдау мен дамытуға бағытталған қазақстандық бастамасы. Қауымдастыққа қатысу жас мамандарға технология саласындағы білімін тереңдетіп қана қоймай, пікірлес адамдармен кездесуге, пайдалы байланыстар орнатуға және мансаптық перспективаларды талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шараны Шараны Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол оқушыларды цифрлық дәуірдің талаптарына сай дайындауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін АКТ-ны заманауи білімге интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі білім беру АКТ-ның барлық артықшылықтарын қамтуы керек. Жоғары технологиялар оқу процесін өркендетіп қана қоймай, студенттерді цифрлық экономика мен қоғамның талаптарына дайындайды. Біз цифрлық технологияларды таратуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, өйткені олардың білім берудегі және жалпы қоғамдағы өзгерістерге әкелетін әлеуетін көріп отырмыз», — деп атап өтті Нұрсұлтан Махатов.
Іс-шара аясында цифрлық трансформацияға, АКТ-ны әртүрлі салаларға енгізуге және тұрақты цифрлық экожүйелерді құруға қатысты негізгі тақырыптар талқыланды. Іс-шараға қатысушылар жоғары технологиялар саласындағы соңғы үрдістермен танысуға және оларды нақты міндеттерді шешу үшін қолдану әлеуетін талқылауға мүмкіндік алды.
«Huawei әлі де бүкіл әлем бойынша цифрлық трансформацияны жеделдету үшін инновациялар жасау және біліммен бөлісу миссиясына беріліп жұмыс жасап келеді. Huawei ICT Community — бұл тәжірибе мен жаңа идеялармен бөлісу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктестіктер құруға арналған алаң. Біз бірлескен күш-жігермен цифрлық экожүйені дамыту және өмірдің барлық салаларында тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін көп нәрсе жасай алатынымызға сенімдіміз», — деп атап өтті Huawei компаниясының Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Sha Na.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі цифрлық трансформацияны және оның әртүрлі салаларға әсерін талқылау болды. Панельдік сессия аясында спикерлер жаңа технологияларды енгізу процестерін және өзгермелі нарықтық жағдайларға бейімделуді талқылай отырып, цифрлық экономиканың болашағы туралы өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.
«Қазақстанның цифрлық трансформациясы өсу сатсында тұр және бұл қажетті білімі мен дағдылары бар адамдар үшін көптеген мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі студенттер — Цифрлық Қазақстанның келбетін қалыптастыратын болашақ көшбасшылар. Сондықтан жақын арада сұранысқа ие болатын дағдылар мен білімді дамыту қазірдің өзінде маңызды. Huawei ICT Competition сияқты Huawei конкурстары цифрлық дәуірде табысты мансап үшін қажетті озық білімге қол жеткізе отырып, жоғары технологиялар саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлауда маңызды рөл атқарады», — деді MOST холдингінің тең құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Павел Коктышев.
Іс-шара барысында Huawei ICT Competition 2023-2024 беделді халықаралық АКТ-конкурсында бірінші орын алған қазақстандық жеңімпаз студенттерді марапаттау салтанаты өтті.
«Біз Huawei компаниясына бүкіл ел бойынша әртүрлі ЖОО-ларды біріктіре алатын осындай тамаша конкурсты ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. АЭжБУ осы бағыттағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде әрдайым осындай іс-шараларды қолдайтын болады. Біз қазірдің өзінде Huawei-мен жұмыс істеп жатырмыз және болашақта бірлескен бағдарламаларымызды, оның ішінде ЖИ бойынша да дамытатын боламыз, — біз бұл бағдарламаларды оқу процестері шеңберінде қарауға дайынбыз», — деп атап өтті АЭжБУ Цифрландыру жөніндегі проректоры Олжас Махамбетов.
Қазақстанда АКТ-ға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді, бұл студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы өз дағдыларын дамытуға белсенді көңіл бөлуін көрсетеді. Осыған байланысты Huawei елімізде IT-саланы дамытуға бағытталған түрлі жобаларды белсенді түрде енгізуде және қолдауда. Осындай бастамалардың ішінде Huawei ICT Community-мен қатар Huawei ICT Competition және Seeds for the Future конкурстарын, сондай-ақ Huawei АКТ академияларының білім беру курстарын атап өту керек. Осы бағдарламаларға қатысу жас мамандарға өз әлеуетін ашуға және АКТ саласында өзекті білім мен дағдыларды игеруге мү
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз