Әуекомпания Сауд Арабиясындағы Джидда қаласына билеттерді сатуды бастады. Тікелей рейстер 2023 жылдың 1 қазанынан бастап аптасына екі рет қатынайды, ал желтоқсан айынан қосымша рейс орындалады.
Рейс Алматыдан сағат 18:40-та ұшып, Джиддаға сағат 22:30-да келеді, қайтар рейс Джиддадан сағат 23.30-да ұшып, Алматыға келесі күні сағат 08.15-те келеді. Ұшулар Airbus A321 LR әуе кемесімен орындалады. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 50 минут, қайтқанда-5 сағат 45 минут.
Air Astana АҚ-ның маркетинг және сату бойынша вице-президенті Адель Даулетбек былай деді: «Қажылық немесе умра жасау үшін көптеген сұраныстарды ескере отырып, әуекомпаниясы Сауд Арабиясына тікелей рейсті іске қосу туралы шешім қабылдады. Жаңа бағыт мұсылмандардың қасиетті Мекке мен Медина қалаларына қажылыққа баруы үшін ғана емес, сонымен қатар Қызыл теңізде демалу және мәдени-тарихи және табиғи нысандарға бару үшін туристік мақсатта тартымды болатынын атап өткім келеді. Джиддаға баратын жолаушыларға Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Ташкент, Душанбе және Бішкектен ыңғайлы түйісулер ұсынылады. Сондай-ақ, әуетасымалдаушы Сауд Арабиясының туристері Қазақстанның табиғи әдемі жерлерді тамашалағысы келеді деген үміттеміз».
Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына барар алдында электрондық виза алуы қажет. Оны мына сілтеме бойынша алуға болады.
Авиабилеттердің ең төменгі құны 340 000 теңгеден басталады.
Жаңа рейске билеттерді брондау әуекомпанияның ресми сайтында, билеттерді сату кеңселерінде, аккредиттелген агенттіктерде және брондау және ақпарат орталығы арқылы сатып алуға болады. Байланыс телефондары + 7 (727) 244 44 77, + 7 (717) 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77.
Джидда Сауд Арабиясындағы екінші үлкен қала және оның «экономикалық астанасы». Мегаполис көптеген көрікті жерлер мен демалыстың түрлерімен тартымды. Туристердің қолында қызыл теңіз жағалауындағы жағажай демалысы, тарихи орындар, қызықты аттракциондар мен сәулет шедеврлері, заманауи сауда орталықтары мен шынайы базарлар бар.
Discussion about this post