Орталық банк достас елдердің банктеріне Ресейде филиал ашуға рұқсат беруді жоспарлап отыр. Қазақстан Ресей Федерациясы үшін одақтас мемлекет, демек біздің банктер ол жақта өз филиалдарын аша алады деген сөз, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Орталық банк «достас» елдердің банктеріне Ресейде өз филиалдарын ашуға рұқсат беруді ұсынды, деп жазды «Ведомости». Бұл қаржы нарығын дамыту үшін қолайлы шара болар еді. Алайда, 2013 жылы Ресейде шетелдік банктерге өз филиалдарын ашуға тыйым салынғанын еске сала кетелік, бірақ сарапшылардың айтуынша, енді ол тыйымның талаптары жеңілдеп, көп ұзамай жойылу да мүмкін.
Бұл ресейлік компаниялардың шетелдік серіктестерімен есеп айырысуды жеңілдету үшін ұйымдастырылып жатқаны хабарланды. Бірақ, бұл филиалдардың қызмет аясы шоттарды ашу мен жүргізумен шектеледі.
Орталық банк газеттің сұрағына жауап бермеді. 2013 жылы президент жарлығымен Ресейде шетелдік банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынды. Бұл ресейлік банктерді артық бәсекелестерден қорғау әрекеті болса керек.
Ресей нарығы шетелдік қаржы институттары үшін жабық, олар тек Орталық банктің толық бақылауындағы еншілес ұйымдармен жұмыс істей алады. Бұл шешім шетелдік мекемелердің ресейлік мекемелерге қарағанда бәсекелестік қабілеті жоғары болғандықтан қабылданды.
Ресейдегі шетелдік банктердің филиалдары: сараптамалық қорытынды
Ресей шетелдік банктердің филиалдарын ашуға тыйым салуға мәжбүр болды. Себебі, бұл Шығыс Еуропа мен Балтия елдерінің ұлттық банктері шетелдік банктермен бәсекелесе алмай нарықтан ысырылғанын еске түсірді. Негізі бұл елдердің банк жүйесі американдық, британдық, неміс, итальяндық, швейцариялық ірі банктермен ұсынылған, дейді сарапшылар.
Ал өзге сарапшылар «достас» елдердің шетелдік банктері сыртқы сауда операциялар үшін ұлттық валюталармен есеп айырысуды ұйымдастыруға және Ресей экономикасына инвестиция тартуға септігін тигізе алады дейді. Бұл банктердің тәуекелі аз – олардың проценттік мөлшерлемелері мен сақтық қорға енгізілген талаптары ресейліктен онша қатты ерекшеленбейді.
Әзірге шетелдік банктер филиалдарын емес, еншілес ұйымдарын ғана аша алады. Бұл «достас елдердің» банктерінің белсенділігін төмендету мүмкін, өйткені филиал құру өте қиын.
Филиал лицензиясы тек жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай қызмет түрі шоттардағы қалдық сомасының аздығымен немесе аударылым операцияларының көлемімен шектелу мүмкін. Сонымен қатар, шет. банктердің филиалдарының қызметіне шетелдік контрагенттермен есеп айырысу да кіреді.
Әзірге Ресейде филиал ашуға тек Беларусь немесе Қазақстан және Орталық Азияның бұрынғы кеңестік республикаларынан қалған ойыншылар қызығушылық танытуда. Есеп айырысу үшін ресейлік компаниялар мен жергілікті банктер арасында сенімді өкіл ретінде қызмет етуге әуелі бірінші болып осы елдер ниет білдіреді деп ойлаймыз.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз