Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында, — деді ІІМ өкілдері.
— Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп — жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал, — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз