Қазақстанда 1,3 миллионға жуық адам дұрыс тамақтанбайды. Рационындағы калория мөлшері орташа деңгейден төмен қазақстандықтардың үштен екісі қала тұрғындары, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР халқының калория мөлшері бір жылда 9,2%-ке төмендеп, 2021 жылы адам басына шаққандағы тәуліктік рационы 3111 ккал құрады. Бұл 2016 жылы ҚР азаматының тұтынатын калориясын есепке алу енгізілгеннен бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады Energypom.kz өз зерттеуінде.
ҚР төрт облысында ғана тұтынылатын тағамның энергетикалық құндылығы орташа республикалық деңгейден төмен: Нұр-Сұлтанда (жан басына шаққандағы тәуліктік рационында 2856 ккал), Шымкентте (2981 ккал), Маңғыстауда (3047 ккал) және Қызылордада (3081 ккал).
2021 жылы ең жоғары калориялы тағамды Павлодар (4120 ккал) және Ақмола (3780 ккал) облыстарының тұрғындары тұтынған.
Ескерту: ауыл мен қала тұрғындарының тамақтануындағы калория көлемі өзгеруде: мысалы, егер 2020 жылы ауылдарда тұтынылатын тағамның энергетикалық құндылығы қалалық көрсеткіштен 20 ккал (3417 ккал қарсы 3437 ккал) асып кетсе, 2021 жылы айырмашылық 163 ккал-ға жетті (3044 ккал-ға қарсы 3207 ккал).
Қазақстан Республикасындағы қоректік заттардың энергетикалық құндылығы адам басына шаққандағы тәуліктік рационы 1861 ккал құрайды. 2021 жылы тағамдық калория мөлшері ең төменгі деңгейден асып түсті, 6,7%-ті құрады. Бірақ, бұл 2020 жылғы «корона дағдарысымен» салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш екенін тағы ескеру керек, себебі ол кезде азық-түлік дифициті 4,4% жетті. Оның үстіне, 2016 жылы еліміздегі калорияларды жеткілікті мөлшерде тұтынбағандардың үлесі небәрі 2,7%-ті құраған.
Қазақстан Республикасында толық тамақтанбаған адамдардың саны бір жыл ішінде бір жарым еседен асты: 2020 жылдан 2021 жылға дейін шамамен 468 мың адамға артты (2020 – 832,1 мыңнан 2021 – 1,3 млн. дейін).
Ескере кетелік, рацион дифицитін сезініп жүрген халық саны қалалық өңірлерде өсуде: 89,5%-ке, 845,1 мың адамға дейін, бұл Қазақстан Республикасының жалпы қала тұрғындарының 7,5%-ін құрады, ал 2020 жылы небәрі 4%-ті құраған еді. Ауылдық өңірлерде калория мөлшері ең төменгі деңгейден асып, рацион дифицитін сезінген адам саны 384 мыңды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,7%-ке көп, ал толық тамақтанбаған ауыл халқының үлесі бір жылда 4,2%-тен 4,9%-ке өсті.
2022 жылы қандай азық-түлік қымбаттады?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 ж. маусымында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 19,2%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 13,2%-ке, ақылы қызметтер – 9,2%-ке өсті.
«Азық-түлік нарығында жылдық баға көрсеткіші бойынша құмды-қант – 78,7%-ке, қырыққабат – 72,4%-ке, пияз – 69,3%-ке өсті. Ал картоптың бағасы 9,8%-ке төмендегені байқалды», – деді бюро хабарламада.
Басқа өнімдерге келер болсақ, бір жылда ұн 33,1%-ке, макарон өнімдері – 30,1%-ке, құс еті – 29,7%-ке, жарма – 28,5%-ке, қатты ірімшік – 26%-ке, нан және ұн өнімдері – 25,4%-ке, жаңа піскен жемістер – 25,3%-ке қымбаттады.
Оған қоса азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылдың ішінде 13,2%-ке қымбаттапты.
Мемлекеттік органдардың мәліметінше, жеке қолданысқа арналған тауарлардың бағасы – 23%-ке, жууға арналған тауарлар мен тазалау құралдары – 20,8%-ке, тұрмыстық техника – 19,7%-ке, құрылыс материалдары – 18,6%-ке, жиһаздар мен тұрмыстық заттар – 18,2%-ке, автокөліктер – 15,1%-ке, ыдыс-аяқ – 13,9%-ке, тоқыма тауарлары – 10,8%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 9%-ке өсті.
Ал ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 9,2 процентке өсіпті.
«Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы – 15,9%-ке, денсаулық сақтау қызметтері – 14,7%-ке, санаторийлер – 13,7%-ке, кешенді демалыс ұйымдары – 13,2%-ке, шаштараз және жеке күтім қызметтері – 12%-ке, қонақүйлер – 5,7%-ке өскен және жолаушылар көлігі қызметі 4%-ке қымбаттады», – деп хабарлады статистика агенттігі.
Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясының ақысы – 7,5%-ке, қоқыс шығару қызметі – 2%-ке, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 1,4%-ке, орталықтандырылған жылыту ақысы – 2,3%-ке, ыстық су тарифі – 0,9%-ке артты.
Онымен қоса жыл басынан бері инфляция 10,5%-ті құрады. Азық-түлік тауарлары – 15,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,4%, ақылы қызметтер – 5,3% артты.
Ал мамыр айында жалпы баға 1,6%-ке өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны – 1,9%, ақылы қызметтер бағасы – 0,8% құрады.
«2022 ж. қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін құру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердің үлесі 29,1% артты», – деп хабарлады бюро.
Discussion about this post