Сұлтан Қамалетдинов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Discussion about this post