Осылайша, 2021 жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша мегаполисімізде 2020 жылғы кезеңмен салыстырғанда, онкологиядан болатын өлім-салдар 10%-ға дейін төмендеді, қатерлі жаңа өскіндерді, соның ішінде, Ковид-19 инфекциясы бар пациенттерді КТ-ға жіберу есебінен ертеден диагностикалау ұлғайды.
Өлімнің төмендеуі Алматы қаласындағы онкологиялық аурумен ауратындарды емдеуді толығымен қамтуға байланысты. Жылдың басынан бері Орталықта 13 мың пациент емделіп шықты, бұл дегеніміз, өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға дейін жоғарлады. Мұнда, соңғы 5 жылдың ішінде Алматы қаласында заманауи жағдайда қолданыстағы халықаралық және ұлттық стандарттарды ескере отырып, емдеу жолын жекешелендіру арқылы дербестендірілген терапия ұстанымында негізделетін, көптеген қатерлі ісік өскіндерін диагностикалау және емдеу тактикасына ыңғай табуы айтарлықтай өзгерді. Соңғы 3 жылдың ішінде тағайындалатын химиялық-таргетті препараттардың сан мөлшері тәжірибе жүзінде 1,5-2 есеге дейін өсті. 2021 жылы онкологиялық аурушаңдығы бар 3317 пациент есепке алынған (2020 жылдың 9 айында- 2593 жай есепке алынған).
Статистикалық деректер бойынша, Алматы қаласында келесі аурушаңдықтар- сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында, екінші орында- колоректальды қатерлі ісік, өкпенің қатерлі ісігі- үшінші орында, төртінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында- аналық бездің қатерлі ісігі. Қатерлі ісіктен өлім бойынша Алматы қаласында: өкпенің қатерлі ісігі- бірінші орында, екінші орында- сүт безінің қатерлі ісігі, үшінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, колректальды қатерлі ісік төртінші орында, ал, бесінші орында- ұйқы безінің қатерлі ісігі тұр.
«Осы бар болатын 30 қатерлі ісігінің 5 нозологиясы 55% мөлшері, яғни, жартысы өлімге әкеп соғады. Өлімнің салдарын бұдан әрі төмендету үшін, барлық диагностикалық және емдеу шараларын мегаполисімізде қатерлі өскіндерден орын алатын өлім-салдар рейтингін басқаратын 5 нозологияны емдеуге белсенді түрде бағыттауымыз қажет»- деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.
Аурушаңдық деңгейінің өсуіне талдауы онкологиялық науқастарды электрондық тіркелінген жалпы адамдар санынан әр 6-пациент Алматы қаласындағы онкологиялық орталықта емделіп, үздіксіз толыққанды түрде дәрі-дәрмекпен қамту мақсатымен еліміздің басқа аймақтарынан Алматыға келуде. Бүгінгі күні еліміздің басқа аймақтарынан келген 560 онклогиялық аурумен ауратындар қайта тіркелінді, бұл дегеніміз, өткен жылмен қарағанда екі есеге өскен.
Олардың арасында, өкінішке орай, әр 5-пациент асқынған қатерлі ісікпен медициналық көмекке жүгінген. Алматы қаласының тұрғындарын бекітілген қала емханалары бойынша тегін скринингтен өту үшін белсенді ат салысуға шақырамыз.
Пресс-служба АОЦ
Discussion about this post