Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын қарашаға дейін жаңартты. Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300 жағдайға дейін, қазанда 2400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте — 5300 жағдайға дейін, қазанда — 1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте — 4200 жағдайға дейін, қазанда — күніне 1300 жағдайға дейін, — деді Цой үкімет отырысында.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз