Скрининг аурудың белгісіболмаған кезде ерте сатыдағы ісікке диагностика жүргізу мүмкіндігін береді.- Скринингтің мақсаты белсенді түрде ертеден симптомсыз қатерлі ісікті анықтау және оны емдеу болып саналады. Ерте сатыда анықталған қатерлі ісік толығымен емделуі тиіс. аурудың симптомы анықталған сатыда қатерлі ісіктің таралу қаупі туындап, ауруды емдеу қиындай түседі- дейді Алматы онкологиялық орталығы онколог Сұлу Садыкова.
Жыл сайын Алматы қаласында сүт безінің және жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтау скринингінен 30-70 жас аралығындағы 100 мыңға шақты әйелдер өтеді, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі аурын анықтау скринингінен 40-70 жас аралығындағы 100 мың шақты әйелдер мен ер адамдар өтеді. Скринингтік тексерістен өтудің нәтижесінде соңғы 3 жылда 200-ден аса сүт безінің қатерлі ісігі, 40 жатыр мойнының қатерлі ісігі және 50 тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі анықталды, өкінішке орай, аурушаңдық жыл сайын өсуде. Ең қуаныштысы, анықталған қатерлі ісіктің 90% мөлшері аурушаңдықтың 1-2 сатыда белгіленіп, тиімді түрде емделуіне тіптіден толығымен емделуіне жол береді. Дегенмен, скринингтен өту дегеніміз қатерлі ісікке күдіктің бар деген мағынада емес екенін айта кеткен жөн. Тиімділігі расталған қатерлі ісіктің әдістері: 40-70 жас аралығындағы әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісігіне 2 жылда 1 рет маммограф скринингі, 30-70 жастағы әйелдердегі жатыр мойнының қатерлі ісігі және қатерлі ісік алдындағы цитологиялық скрининг 4 жылда 1 рет; 50-70 жастағыларға колоноскопия, жасырын қанға тест жасау арқылы тоқ ішек пен тік ішектік қатерлі ісік алдындағы және қатерлі ісігіне скрининг 2 жылда 1 рет. Маммография – арнайы маммограф аппаратымен екі проекциядағы сүт безіне рентген жасалатын зерттеу әдісі.
Маммография 0,5см және одан да кіші сүт безінің кішкене ісіктерін анықтау мүмкіндігін береді. Сүт безінде күдікті өзгерістер анықталған кезде, тереңдетілген тексеріс жүргізіледі. Және де өзі барып тексерістен өтуді де ұмытпаған жөн- деп атап өтті маман. Дәрігердің айтуынша, өзі барып тексерілу айына бір рет белгіленген бір күнде жүргізіледі. Жыныс мүшелері жетілген әйел үшін ондай тексеріс етеккірден басталған күннен бастап жетінші күнде тексерілуі тиіс. сүт бездерін бақылауды сүт безінің қалыпты жай-күйін бағалау және уақытында өзгерістерді белгілеу үшін 20 жастан барып тексерілуі тиіс.
Кеуденің қатерлі ісігін кеудені басқан кезде диаметрі 1 см. ісік болса белгіленеді. Цитология немесе пап-тестге жұғынды алу – жатыр мойны және қынаптың ұстіңгі жағынан жасуша жинау үдерісі болып табылады. Жұғындыда жасушаның мөлшері, қалпы, саны және сипаттамасы бақыланады, бұдан жатыр мойнының қатерлі ісік ауруы мен қатерлі ісік алдындағы, фонды ауруын диагностикалауға болады. Сондай-ақ, АПВ-ға тесттен өту керек, ол ДНК мен РНК-ның вирустың онкогенді түрлерінің болуына тексеру үшін қолданылады. Цитологияға жұғынды алу және АПВ тест жасау жатыр мойнының қатерлі ісігі ауруының туындауы мен оның салдарынан өлімнің аз болуына септігін тигізеді.
Нәжістегі жасырын қанға да тесттен өту керек. Барлық әйелдер мен еркектерге шұғыл әдіспен нәжістеріне жасырын қанның болуына иммунохимиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл медицина қызметкерінің араласуысыз қорытындының 3-5 минуттың ішінде алуына көмегін тигізеді. Тестті бағалау тек медицина қызметкерімен жүргізілуі тиіс! Нәжістегі жасырын қанның болуына оң қорытынды шыққан кезде тоқ ішекке эндоскопиялық тексеріс жүргізіледі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз