---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/28/palma-sayasyndaghy-zhanga-zhyl-flyarystan-aqtau-dubaj-baghyty-bojynsha-rejster-sanyn-arttyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Пальма саясындағы Жаңа жыл: FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстер санын арттырады

![Пальма саясындағы Жаңа жыл: FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстер санын арттырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/dubaj.jpg)

Жаңа жыл мерекесі — күнделікті ортадан тыс, саяхатқа шығып, келер жылды сергек әрі тың әсермен қарсы алуға тамаша мүмкіндік. Мерекелік маусым қарсаңында FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстер санын аптасына екіден үш ретке дейін арттырады.

Жексенбі күнгі қосымша рейс жолаушыларға қысқы демалысын ыңғайлы жоспарлауға, Парсы шығанағының жағалауында мерекені атап өтуге, күн шуағына бөленіп, Дубайдың ерекше атмосферасын сезінуге немесе жақындары мен достарына баруға мүмкіндік береді.  

Қыста Дубай суықтан уақытша алыстап, демалысын теңіз жағасында өткізгісі келетін жандар үшін ерекше тартымды. Күндіз ауа температурасы әдетте +23…+27 °C шамасында болады. Бұл қала көшелерін аралауға, жағажайда демалуға, сауда жасауға және ашық аспан астындағы түрлі ойын-сауықтарға қолайлы кезең.  

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала үлкен мерекелік алаңға айналады. Жаңа жыл қарсаңындағы ең танымал шоулардың бірі әлемдегі ең биік ғимарат — Бурдж-Халифа зәулім ғимаратының маңында өтеді.

Мыңдаған жарық, ғимаратқа түсірілетін бейнепроекциялар мен отшашулар әсерлі көрініс сыйлайды. Мерекелік отшашуларды Палм-Джумейра аралында, Burj Al Arab қонақүйінің маңында және қаланың басқа да танымал орындарында тамашалауға болады.  

Дубайда Жаңа жылды қарсы алудың қонақүйлер мен мейрамханалардағы мерекелік кешкі астар мен кештер, қала шамдарын тамашалауға болатын яхталар мен дәстүрлі доу қайықтарындағы круиздер, жағажайдағы мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ ойын-сауық бағдарламасы бар шөл даладағы кешкі ас секілді түрлі жолдары бар.  

Қосымша рейстер 2026 жылғы 27 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жексенбі күндері орындалады. FS 7617 Ақтау – Дубай рейсі сағат 05:15-те ұшып, 09:50-де қонады. Кері бағыттағы FS 7618 рейсі Дубайдан сағат 10:55-те ұшып, Ақтауға 17:25-те жетеді. Уақыт әр әуежайдың жергілікті уақытымен көрсетілген. Қосымша рейстер 2026 жылғы 27 желтоқсанға, сондай-ақ 2027 жылғы 3 және 10 қаңтарға жоспарланған.  

Бұған дейін FlyArystan Ақтау мен Дубай арасындағы тікелей рейстердің [қайта жанданатынын хабарлаған болатын](https://t.me/flyarystan_inform/1255).  

Әуе билеттерін FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан сатып алуға болады.  

FlyArystan маршруттық желісін дамытуды жалғастырып, жолаушыларға қолжетімді әрі жайлы саяхаттаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып келеді.

---

Жарияланды: 2026-11-28T06:39:40+06:00

Жаңартылды: 2026-11-28T06:39:40+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: [FlyArystan](https://qazaqpress.kz/tag/flyarystan/), [Ақтау](https://qazaqpress.kz/tag/aqtau/), [Дубай](https://qazaqpress.kz/tag/dubaj/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/28/palma-sayasyndaghy-zhanga-zhyl-flyarystan-aqtau-dubaj-baghyty-bojynsha-rejster-sanyn-arttyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.