---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/25/huawei-digital-power-ortalyq-aziyada-zhasyl-energetikany-damytugha-arnalghan-zhanga-sheshimderin-tanystyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Huawei Digital Power Орталық Азияда жасыл энергетиканы дамытуға арналған жаңа шешімдерін таныстырды

![Huawei Digital Power Орталық Азияда жасыл энергетиканы дамытуға арналған жаңа шешімдерін таныстырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glavnoe-1.jpeg)

20 қарашада Алматыда энергетика саласының, технологиялық компаниялардың өкілдері мен Huawei серіктестерінің басын қосқан Huawei Central Asia Digital Power Conference 2026 конференциясы өтті.

Жиында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, интеллектуалды электрмен жабдықтау жүйелерін қолданысқа енгізу, деректер орталықтарының энергия тиімділігін арттыру және Орталық Азиядағы электр көлігінің болашағы талқыланды.

## Жасанды интеллект дәуірінде жасыл энергетиканы дамыту

Қазақстанның жасыл энергетика саласын дамыту конференцияның негізгі мәселелерінің бірі болды. Qazaq Green басқарма төрағасы Нұрлан Қапенов пен Sauran Solar Power LLP және Karaganda Wind Power LLP компанияларының төрағасы Шао Юэбо елдің энергетикалық теңгерімін әртараптандыруда күн мен желден электр энергиясын өндірудің алатын орнын талқылады. Олардың пікірінше, аталған бағыттардың дамуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге және көміртексіздендіру саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге айтарлықтай ықпал етеді.

Конференцияның ашылуында Huawei Digital Power компаниясының Орталық Азиядағы президенті Сюй Юаньхан сөз сөйлеп, энергетика саласының орнықты дамуына цифрлық технологиялар мен күштік электрониканың қосатын үлесін атап көрсетті.

Жасанды интеллектінің дамуына байланысты электр энергиясына сұраныстың ұлғаюы да назардан тыс қалмады. Huawei Digital Power Data Center Facility & Critical Power компаниясының консалтинг және экожүйелік бизнес бағытының бас менеджері Джо Цзоу ЖИ технологияларын дамытуда сенімді жұмыс істейтін, тиімді әрі интеллектуалды энергетикалық инфрақұрылымның қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Huawei Digital Power компаниясының Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірі бойынша техникалық директоры Саид Ахмед күн энергетикасының тиімділігін арттыру жолдарын таныстырды. Ол FusionSolar 9.0 шешімінің мүмкіндіктеріне тоқталып, оның электр энергиясын өндіруді көбейтуге, жабдықты пайдалану үдерістерін оңтайландыруға және бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде экономикалық тиімділікті жоғарылатуға бағытталғанын айтты.

Ал Huawei Digital Power компаниясының тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік нысандарға арналған шешімдерінің маркетинг, сату және сервистік қызмет көрсету бағытының президенті Джек Тонг коммерциялық және өнеркәсіптік кәсіпорындарда интеллектуалды күн электр станциялары мен энергия жинақтау жүйелерін пайдалану тәжірибесін баяндады.

## Huawei Digital Power ұсынған жаңа буын технологиялары

Жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдердің таныстырылымы конференцияның басты оқиғаларының қатарынан орын алды. Huawei Digital Power екі негізгі бағыттағы жаңалықтарын көрсетті. Біріншісі FusionSolar күн энергетикасы мен энергия жинақтау жүйелерін қамтыса, екіншісі Data Center Facility деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымына арналды.

FusionSolar бағыты бойынша төрт шешім таныстырылды:

- LUNA2000-241kWh — коммерциялық және өнеркәсіптік нысандарға арналған интеллектуалды энергия жинақтау жүйесі. Шешім қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ табыстылықты арттыруға бағытталған.
- SUN2000-150K-MG0 — белсенді қауіпсіздік функцияларымен жабдықталған интеллектуалды инвертор. Ол электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қолдап, техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді.
- LUTERRA-5MWh / 6.26MWh — Grid-Forming технологиясын, кешенді қауіпсіздік архитектурасын және интеллектуалды басқаруды біріктіретін жаңа буын энергия жинақтау жүйесі.
- SUN2000-506KTL — Grid-Forming технологиясына негізделген интеллектуалды инвертор. Оның мүмкіндіктері сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және пайдалану үдерістерін оңтайландыруға арналған.

Технологиялық жаңалықтардың келесі бөлігі деректерді өңдеу орталықтарына қатысты болды. Жасанды интеллект есептеулеріне сұраныс өскен сайын есептеу инфрақұрылымын электр энергиясымен қамтамасыз ету және салқындату тиімділігін арттыру өзекті бола түсуде. Осыған байланысты Huawei аталған міндеттерді шешуге арналған жаңа технологияларын ұсынды.

Солардың бірі — TaiShan UPS5000-T үздіксіз электрмен жабдықтау көзі. Оның пайдалы әсер коэффициенті 98%, бір шкафқа шаққандағы қуаты 1280 кВт. Құрылғы Grid-Forming технологиясын қолдайды.

SmartLi 5.0 интеллектуалды жүйесі деректер орталықтарын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге арналған. Жүйеде MIMO архитектурасына қолдау көрсетілген. Ал PowerPOD 5.0 интеграцияланған шешімі электрмен жабдықтау технологияларын біріктіріп, жоғары тиімділікке, сенімділікке және кеңістікті ұтымды пайдалануға басымдық береді.

Есептеу жабдықтарының температурасын реттеуге арналған Liquid Cooling TMU жүйесі де көпшілік назарына ұсынылды. Бұл сұйықтықпен салқындату технологиясы әртүрлі есептеу жүктемелері жағдайында жұмыс істеуге есептелген.

Аталған өнімдер мен шешімдер Huawei Digital Power компаниясының Орталық Азияда орнықты, сенімді және интеллектуалды энергетикалық экожүйені қалыптастыруға атсалысу ниетін айқындайды.

## Өңірде энергетикалық технологияларды қолдану тәжірибесі

Конференцияның практикалық бөлімінде Орталық Азия компанияларының таза энергетика, цифрлық инфрақұрылым және электр көлігі бағыттарында жинақтаған тәжірибесі қарастырылды.

Silk Road Energy Planning and Engineering компаниясының бас директоры Акмалхон Хаджиханов Орталық Азиядағы жаңа энергетика саласының даму болжамымен таныстырды. BTT GROUP директорының орынбасары Андрей Павленкович болса, Намангандағы цемент зауытында таза энергетика шешімдерін енгізу тәжірибесі туралы баяндады.

Электр көлігіне арналған жеке талқылауда NEXUS Net-Zero өкілі Цогжахилан Н. Моңғолияда электр көлігін дамытудың келешегін таныстырды. Ұлан-Батыр сауда палатасының операциялық директоры Зожаргал Анхбаяр елдегі қоғамдық зарядтау желілерінің даму мүмкіндіктерін сөз етті.

Цифрлық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуі мен энергияны тиімді тұтыну мәселелеріне RP Partners Group (Kaspi) компаниясының бас директоры Руслан Пушилин тоқталды. Ол қаржы саласының қажеттіліктеріне сай келетін, сенімділігі жоғары және энергияны үнемді пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарын құру туралы баяндады.

Іс-шара соңында жасыл энергетика мен цифрлық инфрақұрылымның дамуына үлес қосқан Huawei Digital Power серіктестерін марапаттау рәсімі өтті.

Huawei Digital Power алдағы уақытта да технологиялық инновацияларды дамытуға және тапсырыс берушілермен, салалық ұйымдармен, серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге күш салады. Бұл жұмыс Орталық Азиядағы энергетикалық трансформацияны жеделдетуге және өңірдің көміртегі шығарындылары төмен, интеллектуалды болашаққа көшуіне бағытталады.

---

Жарияланды: 2026-11-25T10:53:08+06:00

Жаңартылды: 2026-11-25T10:53:09+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Huawei](https://qazaqpress.kz/tag/huawei/), [Орталық Азияның энергетикасы](https://qazaqpress.kz/tag/ortaly%d2%9b-aziyany%d2%a3-energetikasy/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/25/huawei-digital-power-ortalyq-aziyada-zhasyl-energetikany-damytugha-arnalghan-zhanga-sheshimderin-tanystyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.