---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/24/astanada-nestle-ning-euraziyalyq-konferencziyasy-oetti-salauatty-aedetter-mektepten-bastalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада Nestlé-нің Еуразиялық конференциясы өтті: салауатты әдеттер мектептен басталады

![Астанада Nestlé-нің Еуразиялық конференциясы өтті: салауатты әдеттер мектептен басталады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glav-2-1.jpg)

Астанада «Nestlé for Healthier Kids жобасымен бірге салауатты ұрпақ тәрбиелейміз» атты Еуразиялық конференция өтті. Конференция Nestlé-нің 2025–2026 оқу жылындағы мектеп бағдарламаларының қорытындыларына арналды. Кездесуге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей өкілдері, олардың арасында салалық министрліктердің, мемлекеттік және білім беру ұйымдарының мамандары, жоба серіктестері, педагогтар мен халықаралық сарапшылар болды.

Денсаулық туралы білім баланың күнделікті әдеттерінің біріне қалай айналады? Ал экологиялық тәрбие заманауи білім берудің табиғи бөлігіне қалай айналады? Конференция қатысушылары осы сұрақтарға ерекше назар аударды. Олар 2026 жылғы бағдарламалардың нәтижелерін талқылап, тәжірибе алмасты және 2027 жылға арналған жұмыс бағыттарын айқындады.

Халықаралық талқылау Қазақстан мен Өзбекстанның тәжірибесін салыстырып, балалар мен жасөспірімдерде салауатты тамақтану мәдениетін және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Басты назарда педагогтарға оқушыларды қызықтыруға және жаңа білімді күнделікті шешімдермен байланыстыруға көмектесетін практикалық әдістемелер болды.

Конференцияның бір бөлімі педагогикалық тәжірибелерге арналды. Республикалық әдістемелер  байқауының финалистері өздерінің білім беру әзірлемелері мен балалармен жұмыс істеу тәсілдерін таныстырды. Мұндай алмасу сәтті шешімдермен бөлісіп, денсаулық пен экология тақырыптарын мектеп өмірінде түсінікті, қызықты әрі қолдануға ыңғайлы етудің жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Оған қоса, бағдарламаға балалардың дамуы, заманауи білім беру және экологиялық жағдай  туралы сарапшылардың дәрістері де енді. Қатысушылар баланың дамуын кешенді түрде қарастырып өтті: білім беру ортасын, денсаулықты және қоршаған әлемді ескерді.  
****

> «Заманауи мектеп адамға өмір бойы қалатын дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан түрлі елдердің педагогтары тәжірибе алмасып, табысты әдістерді талқылап, балаларға денсаулық, тамақтану және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелерін үйретудің жаңа тәсілдерін бірге іздегені – өте маңызды. Дәл осындай кәсіби ынтымақтастық білім беру бастамаларының өзектілігі мен тиімділігін жаңа буын оқушыларына сақтауға көмектеседі», – деді Nestlé компаниясының Еуразия өңіріндегі корпоративтік істер және коммуникациялар жөніндегі менеджері Надежда Лабодовская.

> «Экологиялық мәдениетті қалыптастыру білім беруден басталады. Балалар өздерінің күнделікті әдеттері мен қоршаған ортаның жай-күйі арасындағы байланысты қаншалықты ерте түсінсе, болашақта табиғи ресурстарға соншалықты жауапкершілікпен қарайтын болады. Сондықтан экологиялық білімді оқу процесіне енгізуге және оны оқушылардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыруға көмектесетін бастамалар ерекше маңызға ие», – деді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов.

[![Иллюстрация — Астанада Nestlé-нің Еуразиялық конференциясы өтті: салауатты әдеттер мектептен басталады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-2.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-2.jpg)

> «Бүгінгі педагогтың міндеті – балаға пайдалы әдеттер туралы айту ғана емес, сонымен қатар осы білімді күн сайын қалай қолдану керектігін түсінуге көмектесу. Оқушылар талқылауларға, практикалық тапсырмаларға және бірлескен жобаларға атсалысқанда, денсаулық пен экология тақырыптары олар үшін жақын әрі түсінікті бола түседі», – деді Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы директорының орынбасары, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Анар Досмухамет.

> «Әр елдің өз тәжірибесі және тиімді білім беру шешімдері бар. Оларды ашық талқылап, жетістіктермен бөлісіп, бір-бірінен үйрену бағдарламаларды балалар мен педагогтардың заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, дамытуға көмектеседі. Дәл осындай ынтымақтастық халықаралық бастамаларды аса маңызды етеді», – деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының Жаңа білім беру технологиялары қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы Татьяна Ежова.

Конференция Республикалық әдістемелер  байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды. Іс-шара үш елдің білім беру қауымдастығы өкілдері арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Конференция педагогтардың, сарапшылар қауымдастығының және серіктестердің күш-жігерін біріктіру балаларға пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және алған білімдерін күнделікті өмірде еркін игеруге көмектесетін білім беру жобаларын жасауға мүмкіндік беретінін растады.

---

Жарияланды: 2026-11-24T06:12:29+06:00

Жаңартылды: 2026-11-24T06:12:30+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Nestlé](https://qazaqpress.kz/tag/nestle/), [Астана](https://qazaqpress.kz/tag/astana/), [конференция](https://qazaqpress.kz/tag/konferenciya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/24/astanada-nestle-ning-euraziyalyq-konferencziyasy-oetti-salauatty-aedetter-mektepten-bastalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.