---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/20/huawei-freebuds-se-5-max-qazaqstanda-satylymgha-shyqty-80-saghatqa-dejin-muzyka-zhaene-qolzhetimdi-baghadaghy-sapaly-dybys/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# HUAWEI FreeBuds SE 5 Max Қазақстанда сатылымға шықты: 80 сағатқа дейін музыка және қолжетімді бағадағы сапалы дыбыс

![HUAWEI FreeBuds SE 5 Max Қазақстанда сатылымға шықты: 80 сағатқа дейін музыка және қолжетімді бағадағы сапалы дыбыс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glav-2-1.jpeg)

Күні бойы музыка тыңдау, жолда сериал көру, сүйікті подкасттарды тамашалау немесе жұмысқа зейін қою жаңа HUAWEI FreeBuds SE 5 Max құлаққаптарымен мұның бәрі бұрынғыдан да ыңғайлы болады. 20 қарашадан бастап Қазақстанда әсерлі автономдылықты, зияткерлік шуды басуды, LDAC қолдауын және тартымды бағаны ұштастыратын сымсыз құлаққаптар қолжетімді.

# ******Қуаты************ ұзақ************ уақыт************қа жетеді******************

HUAWEI FreeBuds SE 5 Max-тың басты артықшылықтарының бірі күнделікті қуаттауды ұмытуға мүмкіндік беретін автономдылығы бар. Құлаққаптар белсенді шуды баспай, 10 сағатқа дейін үздіксіз ойнатуды қамтамасыз етеді, ал қуаттау кейсі жалпы жұмыс уақытын 80 сағатқа дейін ұзартады. Белсенді шуды басу қосулы кезде құлаққаптар қайта зарядтаусыз 7 сағатқа дейін, ал кейспен бірге 57 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Құлаққаптардың заряды ең қолайсыз сәтте таусылып қалса да, ұзақ күтудің қажеті жоқ: небәрі 10 минуттық жылдам қуаттау 4 сағатқа дейін тыңдауға жетеді.

Мұндай энергия қоры әсіресе саяхатта және ұзақ сапарларда, жұмыс күні бойы, сондай-ақ заряд деңгейіне алаңдамай музыка тыңдағанды ұнататындардың барлығына пайдалы болады.

# ******Артық шусыз музыка******************

HUAWEI FreeBuds SE 5 Max тереңдігі 52 дБ-ге дейін жететін белсенді шуды басу жүйесімен жабдықталған. Ол айналадағы дыбыстардың әсерін азайтып, музыка, подкаст немесе аудиокітап тыңдау үшін жайлы атмосфера жасауға көмектеседі.

[![Иллюстрация — HUAWEI FreeBuds SE 5 Max Қазақстанда сатылымға шықты: 80 сағатқа дейін музыка және қолжетімді бағадағы сапалы дыбыс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-2.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-2.jpeg)

Пайдаланушыларға шуды басудың төрт режимі қолжетімді: олар дыбысты түрлі жағдайларға қарбалас көліктен бастап үйдегі немесе кеңседегі тыныш ортаға дейін бейімдеуге мүмкіндік береді.

Ал айналада не болып жатқанын есту маңызды болғанда, тұнықтық тәртібіне ауысу жеткілікті, ол үшін құлаққапты шешудің қажеті жоқ.

# ******Құлақ құрышын қандыратын дыбыс******************

Дыбысты диаметрі 10 мм динамикалық драйверлер ойнатады, ал құлаққаптар LDAC аудиокодегін қолдайды. Ол Bluetooth арқылы көбірек аудиодеректер жіберуге және үйлесімді құрылғыны пайдаланған кезде музыкалық шығармалардың қосымша детальдарын ашуға мүмкіндік береді.

Дыбысты өз қалауынша баптағанды ұнататындар үшін қосымшада 10 жолақты эквалайзер қарастырылған. Оның көмегімен музыкалық талғамға қарай дыбыс сипатын реттеуге, басс жиіліктерді күшейтуге немесе вокалға басымдық беруге болады.

Құлаққаптар бір мезгілде бірнеше құрылғыға қосылуды да қолдайды, бұл смартфон мен ноутбук арасында ауысуды ыңғайлырақ етеді: мысалы, компьютерден музыка тыңдап, телефонға келген қоңырауларға жедел жауап беруге болады.

# ******Артық төлемді талап етпейтін технологиялар******************

HUAWEI FreeBuds SE 5 Max — қолжетімді баға мен сымсыз құлаққаптарды күнделікті пайдалануды ыңғайлырақ ететін функциялардың үйлесімі. Премиум сегмент үшін артық төлегісі келмей, музыкаға, қарым-қатынасқа, жұмыс пен саяхатқа арналған әмбебап құлаққап іздейтіндер үшін бұл модель тамаша таңдау болмақ.

20 қарашадан бастап [HUAWEI FreeBuds SE 5 Max](https://consumer.huawei.com/kz/headphones/freebuds-se-5-max/) құлаққаптарын Қазақстанда бренднің ресми серіктестерінен және Kaspi-дегі Huawei Official Store дүкенінен 19 990 теңге арнайы бағамен сатып алуға болады. Арнайы бағамен сатылатын құрылғылар саны шектеулі.

---

Жарияланды: 2026-11-20T06:37:12+06:00

Жаңартылды: 2026-11-20T06:37:13+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Huawei](https://qazaqpress.kz/tag/huawei/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/20/huawei-freebuds-se-5-max-qazaqstanda-satylymgha-shyqty-80-saghatqa-dejin-muzyka-zhaene-qolzhetimdi-baghadaghy-sapaly-dybys/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.