---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/13/bcc-life-qazaqstanda-oemirdi-saqtandyru-turaly-alghashqy-bolashaq-bueginnen-bastalady-kitabyn-tanystyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# BCC Life Қазақстанда өмірді сақтандыру туралы алғашқы «Болашақ бүгіннен басталады» кітабын таныстырады

![BCC Life Қазақстанда өмірді сақтандыру туралы алғашқы «Болашақ бүгіннен басталады» кітабын таныстырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-1.jpeg)

«Целинный» заманауи мәдениет орталығында «Болашақ бүгіннен басталады» кітабының таныстырылымы өтеді. Бұл басылым қарапайым адамдардың өмірлік оқиғалары арқылы өмірді сақтандыру туралы жеңіл әрі түсінікті тілмен баяндайды. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп, өмірді сақтандыру, қаржылық қауіпсіздік және болашақты жоспарлау жөніндегі білімнің қалың оқырманға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

BCC Life компаниясы өмірді сақтандыру, қаржылық қауіпсіздік және болашақты жоспарлау тақырыптарына арналған «Болашақ бүгіннен басталады» кітабын көпшілік назарына ұсынады. Бұл - Қазақстанда қалың оқырманға арналып, осындай форматта жарық көретін алғашқы басылым. Іс-шара әдебиет пен заманауи өнерді тоғыстырады. Кеш қонақтары Орталық Азия суретші әйелдерінің туындылары арқылы қорғау мен қамқорлық идеяларын бейнелейтін бірегей Himoya көрмесін тамашалай алады. Одан кейін кітаптың таныстырылымы мен автордың қолтаңба беру рәсімі өтеді.

Кітаптың авторы - белгілі қаржы сарапшысы Дмитрий Казанцев. Көркем шығарманың өзегінде өмірдің түрлі кезеңдерінен өтетін қарапайым қазақстандық Әлиханның оқиғасы жатыр. Ол мансабын қалыптастырады, отбасын құрады, бала тәрбиелейді, ата-анасына қамқорлық жасайды және болашақ зейнетақысы туралы ойлана бастайды. Басты кейіпкермен бірге оқырман әр отбасы үшін маңызды сауалдарға жауап іздейді: жақындарын күтпеген жағдайлардан қалай қорғауға болады, қалай қаражат жинап, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және болашаққа дайындалуға болады? Кітап күнделікті өмірден алынған таныс жағдайлар арқылы оқырманды өмірді сақтандыру, зейнетақы аннуитеттері және жинақтаушы бағдарламалармен таныстырып, бұл қаржы құралдарының адамға қандай нақты пайда әкелетінін түсіндіреді. Басылымды құрастырушылар оқырмандарды сақтандыру құралдарымен таныстырып қана қоймай, қаржылық болашаққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға тырысты.

[![Иллюстрация — BCC Life Қазақстанда өмірді сақтандыру туралы алғашқы «Болашақ бүгіннен басталады» кітабын таныстырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glav.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glav.jpeg)

Жобаның тілдік ерекшелігіне айрықша мән берілген. Кітаптың қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі қазақстандық оқырмандар үшін өмірді сақтандыру мен қаржылық жоспарлау жөніндегі білімнің қолжетімділігін арттырады.

> «Біз әрбір қазақстандыққа қызықты болатын кітап жасағымыз келді. Басты ұстанымымыз - ол кәсіби терминдерге толы күрделі оқулыққа мүлде ұқсамауы тиіс. Өмірді сақтандыру дегеніміз - ең алдымен адамдар, олардың отбасылары, армандары мен жоспарлары туралы әңгіме. Жақындарыңа қамқорлық жасап, ертеңгі күнге сеніммен қараудың жолы туралы.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> Біз үшін оқырманның сақтандыру құралдарын жай ғана қаржылық өнім ретінде емес, өз отбасын қорғаудың және оның әл-ауқатын қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктері ретінде қабылдағаны маңызды. Осындай мүмкіндіктер біріге отырып, өзіндік «Өмір формуласын» құрайды. Сондықтан кітаптың басты кейіпкері ретінде өмірінен әркім өзіне таныс жағдайларды таба алатын қарапайым қазақстандықты таңдадық», - деп атап өтті BCC Life Басқармасының төрағасы Гүлжан Жақсымбетова.

**Кітап авторы Дмитрий Казанцевтің** айтуынша, басылымның негізгі мақсаты - оқырманға Қазақстанның өмірлік шындығын ескере отырып, өз өмірінің қаржылық қырына жаңаша көзқараспен қарауға көмектесу:

> «Қаржылық сауаттылық сандар мен күрделі есептеулерден емес, адамның өз өмірлік мақсаттарын түсінуінен және болашағына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Біз BCC Life командасымен бірге өмірді сақтандырудың дерексіз қаржы құралы емес, өміріміздегі ең қымбат адамдар мен маңызды оқиғалар туралы алдын ала ойлануға мүмкіндік беретінін көрсеткіміз келді. Әлиханның оқиғасынан әр адам өзін, өз отбасын және өз жоспарларын көре алады. Өйткені болашақ өздігінен қалыптаспайды - оның қандай болатыны көбіне бүгін қабылдайтын шешімдерімізге байланысты».

Кітаптың жарық көруі BCC Life компаниясының «Өмір формуласы» коммуникациялық стратегиясының бір бөлігіне айналды. Бұл стратегияның негізінде адамға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасау және болашаққа деген сенімді нығайту идеясы жатыр. Жоба компанияның қаржылық және сақтандыру сауаттылығын арттыру, ұзақ мерзімді жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және Қазақстанда өмірді сақтандыруды кеңінен насихаттау жөніндегі миссиясын жалғастырады.

«Ертең бүгіннен басталады» - бүгін қандай болашақ қалыптастырып жатқанымыз және келер ұрпаққа қандай мұра қалдыратынымыз туралы ойлануға шақыру.

---

Жарияланды: 2026-11-13T11:50:04+06:00

Жаңартылды: 2026-11-13T11:50:05+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [BCC Life](https://qazaqpress.kz/tag/bcc-life/), [кітап](https://qazaqpress.kz/tag/kitap/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/13/bcc-life-qazaqstanda-oemirdi-saqtandyru-turaly-alghashqy-bolashaq-bueginnen-bastalady-kitabyn-tanystyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.