---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/10/zhomart-kenishine-zhanga-tehnikazhetkizildi-qazaqmys-zhabdyqtardy-zhangartuda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Жомарт» кенішіне жаңа техникажеткізілді: «Қазақмыс» жабдықтарды жаңартуда

![«Жомарт» кенішіне жаңа техникажеткізілді: «Қазақмыс» жабдықтарды жаңартуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/glav-3-2.jpg)

«Қазақмыс» Тобына кіретін «Жомарт» кенішіне кен өндіру жұмысына арналған жаңа Epiroc Boomer M1 өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы жеткізілді. Заманауи техника кенжарды жарылыс жұмысына дайындау барысында теспені механикаландырылған тәсілмен бұрғылау үшін пайдаланылады.

Қондырғы белгіленген схема бойынша бұрғылау жүргізуге мүмкіндік беретін гидравликалық перфораторы бар бұрғылау жебесімен жабдықталған. Негізгі операциялардың механикаландырылуы бұрғылау жұмысының қажетті дәлдігін қамтамасыз етіп, тау-кен қазбаларын үңгілеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңа техниканың жеткізілуі – «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен шахта жабдықтарын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмысының бір бөлігі. 2026 жылы жабдық сатып алуға 21,1 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде 21 бұрғылау қондырғысын сатып алуға 4,65 млрд теңге бөлінді.

[![Иллюстрация — «Жомарт» кенішіне жаңа техникажеткізілді: «Қазақмыс» жабдықтарды жаңартуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-3-768x1024.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/foto-3.jpg)

Сондай-ақ жыл соңына дейін жерасты геологиялық барлау жұмысына арналған үш Diamec PHC 4 бұрғылау қондырғысы жеткізіледі деп күтілуде.

Техникалық паркті жаңарту жабдықтардың сенімділігін арттыруға, өндірістік үдерісті механикаландыруға және жер асты тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

---

Жарияланды: 2026-11-10T05:18:17+06:00

Жаңартылды: 2026-11-10T05:18:18+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqmys-korporaciyasy-zhshs/), [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/10/zhomart-kenishine-zhanga-tehnikazhetkizildi-qazaqmys-zhabdyqtardy-zhangartuda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.