---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/07/qazaqmys-qazaqstannyng-qalalary-men-auyldarynda-8-myngnan-astam-aghash-otyrghyzdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақмыс Қазақстанның қалалары мен ауылдарында 8 мыңнан астам ағаш отырғызды

![Қазақмыс Қазақстанның қалалары мен ауылдарында 8 мыңнан астам ағаш отырғызды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/img_4062.jpeg)

2026 жылы Корпорация өзіне қатысы бар өңірлердегі көгалдандыру жобаларына 200 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

«Қазақмыс» корпорациясы өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде көгалдандыруға және жасыл инфрақұрылымды дамытуға бағытталған экологиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. 2026 жылы республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында компания осы мақсатқа өз қаражаты есебінен 200 млн теңгеден астам қаржы бағыттады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тоғыз елді мекенде 8 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Экологиялық іс-шаралар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалаларын, сондай-ақ Саяқ, Қарағайлы, Шешенқара, Баймырза, Бірлік және Бірлік-Үстем елді мекендерін қамтыды.

Жобаларды іске асыру барысында көгалдандырылған аумақтардың көлемін ұлғайтумен қатар, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінуде. Ағаш егілген аумақтарда тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалануға, ағаштарды тұрақты суаруға және олардың жерсініп, жақсы өсуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жасыл аймақтарды дамыту елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға, ауадағы шаң-тозаң мөлшерін азайтуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Ал суару жүйелерін пайдалану отырғызылған ағаштардың тиісті күтіммен қамтамасыз етілуіне және жұмсалған қаражаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көгалдандыру жұмысы – Қазақмыстың экологиялық саясатының маңызды практикалық бағыттарының бірі. Бұл бастама 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының мақсатына сай келеді.

---

Жарияланды: 2026-11-07T12:18:44+06:00

Жаңартылды: 2026-11-07T12:18:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/07/qazaqmys-qazaqstannyng-qalalary-men-auyldarynda-8-myngnan-astam-aghash-otyrghyzdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.